ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық
16.11.2020 1 392 0 Admin

Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...

Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы — өмірге адам әкелу.
Əзілхан Нұршайықов "Мəңгілік махаббат жыры"

Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық.
Дулат Исабеков "Қарғын"

Тіршіліктің бәрі бірдей салқын ақылға көне бермейді екен. Ақыл шегініп, сезімге орын беретін де кездер болады..
Қабдеш Жұмаділов "Таңғажайып дүние"

Адамның сыры алтын сандық екен - ау, сол сандықтың кілтін таба алмаймыз, таба алсақ та, ауыстырып, бірінікін екіншіге беріп қоя береміз. Сосын шатасамыз, мәңгі адасамыз. Тағдыр осы қылығымыз үшін миығынан күліп мазақтайды, талқысына салып, тәубаға келтіреді. 
Оралхан Бөкей "Аспирант қыздың тракторшы жігіті"

Бірдe бір ақылды адам айтқан eкeн: “Eң ұлы oқиғалар – адам миында бoлып жатқан oқиғалар”. Ал мeн oған eң сұмдық күнәлар да адам миында өзeгін жарады, тeк адам миында дeгeнді дe қoсар eдім. Нeсін жасырасыз, мистeр Грeй, сіздің дe басыңызды балалық шақта, бoзбалалық өмірдің қызығында да, кeйдe өзіңіз дe қoрқатын бір сeзімдeр айналдырған шығар. Oйлауға да ұялатын кeйбір дүниeлeр туралы түстeр көріп, армандаған да бoларсыз...
Оскар Уайльд "Дориан Грейдің портреті"

Соқырлар мектебінде оқып жүргенде, мұғаліміміз айтушы еді (оның да көзі шала көретін). «Айналайындар, өмірді көзі барлардан әлдеқайда артық сүйе білуіміз керек. Өйткені біздің — көрмейтіндердің жер бетінде қарманып жүруі — оларды тәубаға келтіреді; өйткені олардың санасынан минут сайын, соқыр болып қалмайын деген сақтық еш шықпауы керек».
Оралхан Бөкей "Жылымық"

Адам деген қызық жаратылған нәрсе - әу! Туады, өседі, өледі. Осы үш ұғымның арасында күйгелек ғұмыр кешеді. Бір нәрсеге ұмтыласың, талпынасың, өзіңнің шамаң жетпейтінін білген соң тағдырдан тілейсің, күтесің. Жоқ. Сол - жоқ, қанша күтсең сонша күт, онымен тағдырдың да, адамның да шаруасы болмайды. Сонан соң көнесің, көндігесің, үйренесің, мойынсұнасың. Жылдар өтіп жатады, демек, сенің өмірің өшіп жатады. Картаясың. Сонымен біттің.
Дулат Исабеков "Қарғын"

Белі шоңқиған диванның кəрі сүйегін сықырлатып бір ай жаттым, екі ай аунадым…Ұйқы деген бір үйренсең, хордың қызының құшағындай шымырлатып өзіне тарта беретін бір сиқыр екен. Қисая кетсем, қор ете түсемін.
Тұрысбек Сәукетаев "Мен жындымын"

Жалғанда ақылдың, ойдың, сезім мен жүректің соқырлығынан сақтасын, лайым. 
Оралхан Бөкей "Жылымық"
Жұрттың бəрі "біз де ауырсақ" деп ойлайтын жалғыз дерт - данышпандық. 
Шоқан Əлімбаев "Данышпандық субстанциясы"

Арқа сүйер адамың, қалта толы қаражатың болуы керек деген ұғым қалыптасқан мына заманда терең біліміңе, адал еңбегіңе сүйеніп, талай биікті бағындыруға болатынына көздерін жеткізгім келеді...
Камал Әлпейісова "Телефонмен тәрбиелеу"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бойдағы міні шашынан көп болса да, өзімен күресіп жүрген бір адамды көрмейсің Кітап үзіндісі: Бойдағы міні шашынан көп болса
Жақсы де мейлің, жаман де мейлің, өзінің жеке өмірі жоқ, өзге кісінің өмірінен тыныс алып, тіршілік ететін адамдар болады екен. Олар ағашқа біткен
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді. Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді.
Ұлттық мақтаныш - ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі. Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын. Әзілхан
Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін
Шөл дала соншалықты үлкен әрі шексіз, сондықтан сен өзіңді құмның бір түйіршігі ретінде елестетесің. Пауло Коэльо "Кемел"
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×