ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді.
06.11.2020 1 445 0 Admin

Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді.

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...

Ұлттық мақтаныш - ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі. Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын. 
Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"

Ғашықтық алдымeн өзіңді алдаудан басталып, ақырында бірeуді алдаумeн аяқталады. Мінe, oсыны махаббат дeп атайды.
Оскар Уайльд "Дориан Грейдің портреті"

Адамдар жамандықты әдейі жасамайды, білмей жасайды.
Марат Қабанбай "Сурет салғым келмейді"

Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той - томалақ өткізуге құмар боп тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек көретін. Бір жолы мен, ес біліп, етек жиған кезім, базар барып азын - аулақ ақшаны жаратып қойсам керек, өгей шешеміз мұныма күңкілдеп ұрса берді: - Әлден ұрма, ақша бітсе шашып жүреді, тұра бара не болады?! Әкем сонда өгей шешеме жай ғана: - Е, ақша дегеннің өзі шашуға шығарылған нәрсе де, - деп тастады.
Бала кезімде алыстағы ауылымызға арбаменен бақалшылар келер еді. Өрік - мейіз, алма - алқоры, қант - науат, тәтті - мәмпәси деген соларда. Бала біткен әкемізден ақша сұрап қыңқылдаймыз келіп. Бақалшы да сұм - ақ: көзімізді қыздырып қызыл алмасын көрсетіп, бірлі - жарымын топ баланың ортасына лақтырып жібереді. Әлгі алмаға сонда жатып кеп таласамыз - ай келіп.
- Алма бар, өрік бар, Алмасаң да көріп қал, - деп бір жағынан саудагер де сұңқылдап жан қоймайды. Алма бізге таңсық. Қайран қазақ. Сөйтсек, алма дегенің біздің Мыңбұлақтың бойына өскенде де мәуелеп қалады екен. Ол кезде бағбандықты құнттамаған елміз. Ал, бақалшы айқайлап бара жатады. Айна бар, тарақ бар, Алмасаң да қарап қал! Біздің апаларымыз алма - алқоры алғаннан гөрі, сол құрғыр айна - тарақ, ине. жіп алғанды пайда көреді.
Тек әкем Момыш қана бала құмарлығын түсінетін еді. Әке - шешесі ақша бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз - қатар тізіп қояды да бақалшыға: - Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен бір қадақ, мәмпәсиден бір қадақ тарт,- дейді. Соның бәрін тепе - тең бәрімізге бөліп береді. Тіпті сонда бала көтерген келіндері де келіп: - Ал, атаңа бар, атаңа бар, тәтті береді, - деп тұрар еді.
Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кішігірім той сияқты жиын болатын. Қоржынның екі басы базарлыққа толып келеді. Сонда өрік - мейізге бір тойып қаламыз. Бала біткен сондықтан әкемді жақсы көретін. Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі. Кейбір үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Ол қуанса - шын қуанады. Ал, ересектердің арасында «сырты жылмаң, іші арамдары» кездесетінін, құдайға шүкір, көріп жүрміз. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Әкем менің сондай кісі еді, жарықтық.
Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"

Адам Жаратқан Иенің Жер бетіндегі ең күрделі де басты жобасы. Оған үңілер болсаңыз, тереңіне көз жетпес шыңырауды көресіз, ұшан - теңіз құпияны сезесіз.
Ана құрсағынан ажыраған сәтте бізді үрей билеп, бақырып - шақырып дүниеге келеміз...
Сен үшін қоршаған ортаның бәрі түсініксіз. Бойыңды үрей билейді. Анаңыз аттап алыстаса болды шар етесің. Бәрінен қорқасың. Бәрінен үркесің. Сондай шарасыз, панасызсың. Түк түсінбейсің. Алайда, Ұлы Жаратушы сенің халыңның осылай мүшкіл боларын алдын ала біліп, алдын - ала шара қолданыпты. Яғни, панасыз шақалақтың қауіпсіздік шараларын қарастырған. Біріншіден, сені аяласын, асырасын деп ана жүрегін телегей - теңіз риясыз махаббатқа толтырған. Екіншіден – қызылшақа шақалақ сенің бойыңа Жаратқан Ие Жер бетінде жоқ жәннат исін дарытқан. Сенің бойыңдағы сол тәтті жұпардан тыныс алған адам танауы талмаурап, ләззат табады. Саған құштар болады. Саған сөйтіп жүрекпен байланады. Сүйеді. Саған барын салып қызмет етеді. Сөйтіп, Сенің қауіпсіздігіңді Алла Тағала алдын ала ескерген. Өз қамқорлығына алған. Сен қашан бой көтергенше ересектер қамқор болсын деп қылығыңды, түріңді, тіліңді балдай тәтті еткен. Раббыңыз сәбилерді осылай қамқорлығына алған. Осыдан келіп тағы бір сұрақ туады – «Сонда, өмірге келген нәрестенің шын қамқоршысы, шын ата - анасы кім?» деген.
Смағұл Елубай. "Қиямет - қайым ғасыры"

Балақайым мeнің, мeн өміріндe бір рeт ғашық бoлатын адамдарды ғана жeңілтeк дeп санаймын. Oлардың адалдық, біртoғалық дeп атап алғандары, мeніңшe, тeк қиялдан жұрдайлығының жамылғысы ғана. Махаббаттағы адалдық пeн біртoғалық тeк адамның әлсіздігін көрсeтeді... Адалдық! Уақытым бoлғанда, мeн oсы бір сeзімді сараптаумeн айналысатын бoлам. Oның иeсі – өзімшіл адамдар. Көп дүниeмізді біз қуана - қуана лақтырып жібeрeр eдік, тeк oларды басқа бірeу алып қоятынын oйлағанда ішіміз күйeді...
Оскар Уайльд "Дориан Грейдің портреті"

Адам баласы күлуден бұрын жылауды үйренген. 
Шоқан Əлімбаев "Данышпандық субстанциясы"

Бағыныштылардың ары мен намысын қорлаған адам тəрбиеші де, бастық та бола алмайды. 
Әзілхан Нұршайықов "Ақиқат пен аңыз"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бойдағы міні шашынан көп болса да, өзімен күресіп жүрген бір адамды көрмейсің Кітап үзіндісі: Бойдағы міні шашынан көп болса
Жақсы де мейлің, жаман де мейлің, өзінің жеке өмірі жоқ, өзге кісінің өмірінен тыныс алып, тіршілік ететін адамдар болады екен. Олар ағашқа біткен
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа
Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме? Пауло Коэльо "Алхимик" Махаббат пен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін
Шөл дала соншалықты үлкен әрі шексіз, сондықтан сен өзіңді құмның бір түйіршігі ретінде елестетесің. Пауло Коэльо "Кемел"
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×