ойын сауық отауы
Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды
22.11.2020 1 888 0 Admin

Кітап үзіндісі: Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды

Әңгімелер
Кітап үзіндісі
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...


Егер әркім қорғасыннан алтын жасай беретін болса, алтынның құны қорғасындікіне пара - пар болып кетпей ме?
Пауло Коэльо "Алхимик"

Махаббат пен опасыздық бір ыдысқа сыймайды.
Төлен Әбдік "Біз үшеу едік"

Бейне бір күн тəрізді көзі түскен жеріне шапақ шашып, қасындағы кісілерді нұрға бөлеп жүретін жандар болады. Күн күллі əлемге сəуле шашудан жалықпайды. Жер - жиһанға тіршілік тынысын үздіксіз құйып тұрады... О баста жаны нұрдан жаралған адамдар да солай. Қолынан келген жақсылығын міндет қылмай істей береді. Қайта біреуге қол ұшын бергенінен өздері лəззат ала ма деп қалдым. Əйтеуір мұндай кісілер өздері үшін емес, өзгелер үшін өмір сүретін сияқты...
Немат Келімбетов "Үміт үзгім келмейді"

Ақыл - ойдан қара күш әлде қайда басым...
Ізгілік пен Зұлымдық, Қара күш пен Ақыл - ой айқасы мәңгі айқас. Осылай арпалысып кете бермек.
Ендеше осы жұртқа Шындық жолын айтып арам тер болудың қажеті бар ма? Сол Ізгілік пен Зұлымдық арасындағы айқастың өзі адам әмірінің алғашқы қадамынан кезігер өмір шындығы емес пе...
Әнуар Әлімжанов "Ұстаздың оралуы"

Өмір деген осы. Тәтті болсаң, тамсанып жеп қояды. Ащы болсаң, тыжырынып түкіріп тастайды...
Шерхан Мұртаза "Қара маржан"

Адалдықтың бәйгесіне атыңды қос, озсаң да - олжалысың, қалсаң да - олжалысың.
Төлен Әбдік "Біз үшеу едік"

«Адам күні адаммен» деуші еді ғой қазақ. Сондай - ақ жеке басымның өмірбаяны дегенің жалғыз өзіңдікі болмайды екен. Дүниеде жақсылық көр мейлің, жамандық көр – соның бәрі өзге адаммен қатынаста болады да, сол адамдар сенің өміріңе мықтап тұрып кіріп алады. Егер соның бірін өміріңнен сызып тастағың келсе, өміріңнің соған байланысты бөлшегін қоса сызуың керек.
Тахауи Ахтанов "Жоғалған дос"

Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма: «Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?!» — деп сыбырлады. Мен қатты қызарақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкүм, аталар» деп әр сөзді қадай - қадап айттым. Бұған, әрине, бәрі күлісіп жатыр. Өткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан «алейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін.
Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"

Алдымен, махаббат жыршысы – Мағжан не дейді? Ол өрнектеген махаббат күйлері қандай?
«Махаббат – бір тікенек, жүрекке барып қадалар. Бақытсыз ғой бұл жүрек, тамшылап одан қан ағар. Тез жазылмақ бұл жара, бал тілімен сүйсе жар. Сүймесе жүрек, дариға, өлер онда ол, қансырар.
Махаббат – бір тәтті у, ішер жүрек мас болар. Дүниедегі у мен шу, мас жүректі оятпас. Махаббат – бір тәтті у, ішер жүрек – жас! (Мағжан Жұмабаев. «Махаббат не?» – деген өлеңнен – А.).
Ыдырысов Әбілфайыз "Таңшолпан"

Біз шындыққа тура қарау батылдығын жoғалтып алдық. Мүмкін, oл біздe eшқашан бoлмаған да шығар. Қoғам нe айтар eкeн дeп қoрқу, мінe, ар - ұятымыздың нeгізі.
Оскар Уайльд "Дориан Грейдің портреті"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап үзіндісі: Бойдағы міні шашынан көп болса да, өзімен күресіп жүрген бір адамды көрмейсің Кітап үзіндісі: Бойдағы міні шашынан көп болса
Жақсы де мейлің, жаман де мейлің, өзінің жеке өмірі жоқ, өзге кісінің өмірінен тыныс алып, тіршілік ететін адамдар болады екен. Олар ағашқа біткен
Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да, бәріміз соның басыбайлы құлына айналдық Кітап үзіндісі: Уақыт деген падиша шықты да,
Философия қайда, мен қайда, Мұқан - ау? Дүниежүзінде әйелдерден шыққан қай философты білесің? Білмейсің. Ешкім де білмейді. Өйткені әйел философиясы
Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді. Кітап үзіндісі: Сурет салғым келмейді.
Ұлттық мақтаныш - ұлт азаматының мызғымас заңы, қасиетті ісі. Кімде - кім өз ұлтын құрметтеп, оны мақтаныш етпесе, ол барып тұрған азғын. Әзілхан
Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін Кітап үзіндісі: Үлкен махаббатты армандау үшін
Шөл дала соншалықты үлкен әрі шексіз, сондықтан сен өзіңді құмның бір түйіршігі ретінде елестетесің. Пауло Коэльо "Кемел"
Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан? Кітап үзіндісі: Астана сөзі қайдан шыққан?
Біздің заманымыздағы адамдар ақылдың eтeгінeн ұстап алып, oның құлына айналған, ал өмірдeгі шын мәніндe eң қымбат eшқашан өкінбeйтін нәрсeлeр –
Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін Кітап үзіндісі: Адамзат бақытты болу үшін
Адамзат бақытты болу үшін, ең алдымен, өзінің кім екенін анық білуі керек. Яғни өзінің әулие емес, күнәһар пенде екенін мойындауы керек. Оны
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×