Р. Нұрғали / Ай қанатты арғымақ
Әңгімелер
Ұлы Даланың рухани жауһары
Р. Нұрғали / Ай қанатты арғымақ
«Ай қанатты арғымақ» романы нақақтан жала жабылып «халық жауы» атанған арда азамат, қазақ театрының режиссері Жұмат Шанин тағдыры мен ол өмір сүрген қоғамды, зымиян заманды, соған сай Сәлімрахман секілді сиықсыздарды суреттейді.
Жеке басының жемсауы үшін халқы тұрмақ қарындасын да қанға қиюға бар қазақ оқығаны Бақтияр мен өз мүддесі үшін Отанын да оққа байлайтын ойсыз Сәлімрахмандардың сатқындығынан қазақ халқының қан жұтып, жапа шеккені, шым - шымдап иіріміне үйіреді.
Жазушы сталиндік зұлмат заманның зардабын осылардай іштен шалатын шалағай індеттерден іздейді. Және оның жауабын да нақты кейіпкерлердің іс - әрекеттері арқылы айқындайды. Оны ұжымшарға «бәрәгуден бас тартып, шоқпар көтеріп, мылтық атқандарға қосылып, шекарадан арғы бетке өтіп кетпек болып, қашып бара жатқанда» шайқаста мерт болған үлкен әкесі сексендегі Дәулет қажы мен өз әкесі алпыстағы Несіпбайға көңіл айта барған Жұматқа жастайынан бірге өскен досы Бақтиярдың «екі көзі шатынап»: - Иман? Қайдағы иман оларға. Топырақ? Бұйырған жоқ топырақ оларға», - деген зілді, суық та сұмдық көзқарасынан да байымдауға болады.
Алақанына салып аялап өсірген атасы мен туған әкесінен мансабын биік бағалайтын Бақтиярлардың әр замандарда да болатынын, бұлардан бауырмалдық, рақымшылық күтудің артықтығы астарланады.
Романның бас кейіпкерлерінің бірі – Бақтиярдың бұл мінезін сол кездегі уақыт, заман салымына сайсақ та, оның бала шағынан бірге өскен досы Жұматқа бұлап қайыруы, ішкі әлемін, түпкі таным - табиғатын таразылайды. Жазушыға жанрдың жапырағын жайқалтып, кеңістігін кеңейтуге, кейіпкерлердің ішкі әлемін байытып, кескінін көркейтуге, өмір шындығының шынайы сипат алуына тағы да Жұмат Шанин жайлы зерттеу еңбегінің ерекше септігі сезіледі. Жұматтың өмірдегі, өнердегі ой арманы, араласқан адамдары, басынан кешкен тағдыр тауқыметі көркем шығармаға да көшіп қонғандай...
Ең бастысы – автор негізгі қаһарманына қатысты кітаптың кілтін тапқан. Жұматтың балалық шағынан бастап, өскен ортасы, солдат болып сандалып, қара жұмысқа жегіліп, қан жұтуы, қайтып келіп жауапты қызметтер атқаруы, соңыра қазақ өнерінің қара шаңырағын құрып, театр өнерін өркендетуі нақты деректер негізінде роман рухына қан құяды.
Әрбір оқиғаға, кейіпкерге, уақыт, қоғам қағидаларына қанық жазушы шығармасына шырай үстеуге шебер. «Адасқан күшік секілді ұлып жұртқа қайтқан ойды» ғалым Нұрғали зерттеу дүниелерінде қалай тоқытса, жазушы Рымғали да көркем туындысында солай сыйдыра алады. Және өзіне өміріндей ыстық, етене кейіпкерлерінің қадір - қасиетін, қай жерде қалай сөйлеп, қимыл әрекеттерге баратынын әбден біледі. Сондықтан да қарапайым тіршілік қанға тарап, туынды табиғаты тонның ішкі бауындай жарасып, жанды баурайды.
Орыс патшасына солдатқа алынып, қара жұмыстың қамытын киген қамырықты қиын күндерін «көрлақатта» бірге өткерген Жұмат, Тастан, Сәлімрахман, өмірден көк жөтелдің қысымымен қыршын кеткен Ғазиз бейнелері оқырманды бейтарап қалдырмайды.
Қай - қайсысының да өз табиғатына тән ішкі ой, арманы, болмысы бар. Әсіресе, Ғазиз өмірі өкінішті... Небәрі он алты жастағы өнерпаз жігіттің аянышты өлімінен орыс патшалығының оспадарлығы туралы ой қылаңытады. «Қайран өнері өзімен бірге өлді. Ұрпағың бордай тозып, күл боп ұшқыр қу патша лағнат саған, лағнат», - дейді кітап кейіпкерінің бірі.
Жұматқа томпайған жас қабірден атып шығып, Ғазиз айқайлап тұрғандай көрінді: «Ағатай - ау, мені тастап кеткенің бе? Тым болмаса домбырамды тастамашы. Домбырамды...». Өзіміз өлсек те өнеріміз өшпесінші дегендей тілек толқиды. Осы ой роман рухының тіршілік тамыры тәрізді. Жұмат жүрегімен тел тыныстайды.
Жалпы кейіпкер кеспірі арқылы қоғамның, ұлттың, уақыттың аясын астарлау, романның жемісті желілерінің бірі. Мұны орыс патшасының қолшоқпар құлы Холоповқа, «сырықтай ұзын офицерге», латыш азаматы Балташас Арманд Вилисовичке байланысты байытуға болады.
Холопов... Ребята, выполнение задания в онлайнмектеп касается всех! Тарғақбет. «Бетінің әр жерін біреу қаламмен ойнап отырып түртіп Ребята, выполнение задания в онлайнмектеп касается всех! түртіп жібергендей, қаптаған ноқаттары бар. Жігіттер алғаш көргенде - ақ оның шенін де, атын да, фамилиясын да лақтырып тастап, Тарғақбет қойып алған. Бөгде жұрттар саналып, окоп, траншея, түрлі қорғаныс, бөгет салу жұмыстарына жегілген» қазақ жігіттеріне қаны қас.
Сырықтай ұзын офицердің де сықпыты сондай: «Сен бұралқы неме мазақ қыласың ғой? Табанда атып тастайын ба? Кім сұрар екен сенің құныңды! Жабайы қырғыз. Қара мұны, орыс армиясы үшін окоп қазғаныңды сен неге бақыт санамайсың өзіңе! Даланың босқыны!» - дейді Жұматқа.
Ал, латыш жігіті Балташас болса қазақ жігіттерінің ауыр жағдайына аянышпен қарайды. Аспазшы жігіт қолдан келген көмегін аямауға әзір. Қазақтармен қоян - қолтық араласып, ағайындасып кетеді. Әсіресе Жұматқа жаны мейір. Сөйлесе, сырласа келе байырдан білетін жандай бауыр басып алады.
«Бізге жақсылықтан басқа ойлайтыны жоқ бұл азаматтың», - дейді Жұмат. Аты - жөнін естігендер: «Ойбай - ау, өзіміздің жігіт екен ғой. Балташы – ұлы әкесі, Біліс – өз әкесі, аты – Арман, сонда бұл ұзынтұраның қазақ болмағанда несі қалды, Жұмеке, руын айтып жіберсеңіз енді», - деп жымиып, жылы қабылдаған жігіттер мен латыш азаматының бұдан кейінгі өмір тағдыры бір қазанда қайнайды. Қазақтардан құшақ жазбаған Балташас та басын бәйгеге тігіп, қиындық пен қорлықты бірге бөліседі.
Бұл арқылы да көркем шығарманың шым - шымдап санаға салар салмағы, айтары, алға тартары аңғарылады. Ұр да жық, ожар орыс офицері мен құл мінез, қара ниет Холопов – Тарғақбеттің топас түйсігі қазақ халқына деген орыс патшалығының қарау көзқарасы. Мұндай мұндарлықтан кейбір шовинистік пиғылдағы парықсыздардың әлі де арыла қоймағаны анық. Оны жасырып, өтірік көлгірсуден көсегеміз көгере қоймас. (жалғасы бар)
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Б. Майлин / Азамат Азаматыч
Романның тақырыбы – қазақ кедейлері қатарынан оқыған, интеллигенция өкілдерінің дайындалып шығу жолы.
Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан
Әйел заты туралы танымал тұлғалардың айтқан қанатты сөздері.
Ән құдіреті
Жаның бір күміс үнге тамсанғанда, балбырап бөленесің қанша арманға! Бар дүние бұлбұл болып сайрайтындай Нұрғали ән салғанда!
Күшік асырап, ит еттім
Күшік асырап, ит еттім, Ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты.