ойын сауық отауы
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
16.11.2020 1 470 0 Admin

Көркем сөздің құдіреті: Мимырт

Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті
Мимырт

Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау.
Мысалдар:
1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып, құлаш ұрды.
(М. Әуезов, Мәдениетті Қазақстан)
2. Қашыр тектес тайқарды қаншама қамшыласам да, жүрісі өнбей, дүние өртеніп бара жатса да мимырт жүрістен танбайды.
(Ш. Мұртаза, Ай мен Айша)
3. Әжімкерейдің келіні мимырт, өнімсіз кісі көрінгенмен, тыңғылықты еді.
(Ж. Нәжімеденов, Ақ шағыл)
4. Желе - жортып кетуге мүмкіндік жоқ, біркелкі мимырт жүріс. Діттеген жеріне жетіп жығылу үшін, қалайда, жолдан адаспауы керек.
(Қ. Жұмаділов, Шарайна)
5. <...> су іздеуге кіріскенде, мынау мимырт жұмыстан зерігіп кеткен көңілі өз өмірінің азын - аулақ қалқа - қалтарыстарын тінткілей жөнеледі.
(Ә. Кекілбайұлы, Шыңырау)
6. Адырға кездессе, ысылдаған құмға арбаның тегершігі көміліп, торы ат мимырттап барып тоқтайды.
(Б. Майлин, Тасболат)

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Құзар Көркем сөздің құдіреті: Құзар
Құзар 1. Асу бермес биік, асқар, заңғар; 2. Құз, шың.
Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің мағынасы Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің
ҚОТАРУ 1) Сұйық затты бірден аудара құю; 2) Тез ішу, жұта салу; 3) Аудару, тәржімелеу (линг.).
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Көркем сөздің құдіреті: қунау Көркем сөздің құдіреті: қунау
Қунау 1) Демалу, тынығу; 2) Ширау, қуаттану, бой сергіту; 3) Жайнау, жадырау.
Ғұмыр Ғұмыр
Ғұмыр келте деп налисың, досым - ау. Бұдан миллион ғасыр бұрын, Жер ғарышқа тең шашып жасыл нұрын. Мимырт, шабан тіршіліктің құшағында күліпті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×