Даң (Даңғаза) сөзі
Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті
Даң (Даңғаза)
У - шу, айғай - ұйғай, айқай - шу.
Даң болу — бас қату, абыржу.
Мысалдар:
1. Бейшара өздігінен жол таба алмай,
Ғазиз бас ауырланып даң болғандай!
(Мәшһүр Ж. Көпейұлы, Қиянат)
2. Маңдайға әжім түсіріп,
Қайнатып миды даң қылды.
(Жамбыл, Сталиндік ұлы заң)
3. Сұлап жатқан үнсіз жерге
Тіршілік, «шу» даң кірді.
(С. Сейфуллин, Жыл басы — қарлығаш)
4. Мына даңнан кетті ғой құлақ талып,
Жырақ барып,
Серуендеп қайтайық сыр ақтарып.
(М. Мақатаев, Жүр, қалқам)
5. Мына бір у - ду басын даң қылды. Қойшыторы кезінде бурыл шолақтың аяғы ақсап қап, шығырға бұны салғанда да басы дәл мынадай айналмаған сияқты еді.
(Ә. Кекілбайұлы, Бәйгеторы)
6. Егер дамылсыз сілкініп, үздіксіз өнім айдап тұрған ырғағына әлдеқалай аз уақыт көмір түспей қалса, рештак шұғыл өзгере бастайды. Тар лаваның ішін даңғаза қып, тарсыл - күрсіл үнге басады.
(М. Әуезов, Конвейерде күй мығым)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күш - қуат, әл, дәрмен, жігер. Мысалдар: 1. Онда көп: ноғай, қазақ, сарт пен сауан, Қайтқан жоқ бұ жалғаннан біздің тауан!

Көркем сөздің құдіреті: Ындын Түпкі мақсат, ниет, пиғыл, пейіл, діт, месел, көңіл.

ҚОТАРУ 1) Сұйық затты бірден аудара құю; 2) Тез ішу, жұта салу; 3) Аудару, тәржімелеу (линг.).

Өліп жатқан жер жүзіне Жаз келген соң жан кірді. Ойда, қырда жап - жасыл боп, Жасарып жер жаңғырды.

Шайқалып нұр, Маужыраған мамырдан май тамып тұр. Жайқалып қыр, Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр. Айталық сыр, Серуендеп, жүр қалқам, қайталық