Көркем сөздің құдіреті: Қотару, сақи сөздерінің мағынасы
Әңгімелер
Көркем сөздің құдіреті
ҚОТАРУ
1) Сұйық затты бірден аудара құю;
2) Тез ішу, жұта салу;
3) Аудару, тәржімелеу (линг.).
Мысалдар:
1. Ыдысысың параның,
Қотара құйса толмайтын.
(Д. Бабатайұлы, Ыдысысың параның)
2. Мені сиырын күтуге, пешке жағатын тас көмірді үйге кіргізуге, су қотарып алуға, андай - мұндайға жұмсайтын болды.
(С. Сейфуллин, Мен қалай жаздым)
3. <...> бүкіл үй ішіміз боп үміт артып отырған бар сүтті қарнына қотарып құйып алған.
(Б. Соқпақбаев, Әріппай мен көкжал қасқыр)
4. Қотарып бір теңізді бір теңізге
Бағынтып алдық біздер табиғатты.
(Т. Жароков, Түр, оқушым, құлағыңды)
5. Түрікмен тілінен қазақшаға әрпін қуалай қотарсақ, түсініксіз бірдеңе болып шығар еді.
(М. Әлімбаев, Өрнекті сөз — ортақ қазына)
6. Ақын тарихи тақырыпқа, тарихқа бойұрғанмен сөзуарлыққа, архив қотарған әсіре білімдарлыққа ұрынбайды.
(Ә. Кекілбайұлы, Өлең көкжиегі)
САҚИ
Жомарт, мәрт, қолы ашық.
Мысалдар:
1. Ісіне бұл заманның болдым құса,
Бозбала, шамаң келсе, маған ұса (ұқса).
Ерігіп мен үйімде ішім пысып,
Бір сақи, бір сараңды қылдым қыса (қисса).
(Мәшһүр Ж. Көпейұлы, Жантемір қажы)
2. «Бай да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де — бәрі де ақырында бір өлмек».
(А. Байтұрсынұлы, Әдебиет танытқыш)
3. Кім мықты дүниеде? Адам мықты!
Сақи жер жаңалықты содан күтті.
(Қ. Мырзалиев, Кім мықты дүниеде)
4. Барынша сақи атануға тырысатын Бөкеннің өзі де ат құрғатқан емес, Қараштың ақсақалдары біраздан соң қайтадан келгіштеуді көбейтті.
(Ә. Кекілбайұлы, Шыңырау)
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Көркем сөздің құдіреті: Безбендеу
Жоспар, директивтер тәжірибеге, ғылымға негізделсе, оның орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның творчестволық қуаты
Көркем сөздің құдіреті: Мимырт
Мимырт Жай, шабан, баяу, жайбасар, марғау. Мысалдар: 1. Қазақ халқы бұдан былай керуен аяңымен мимырт көшпеді. Бәйгіге ат қосқандай жосылта дамып,
Көркем сөздің құдіреті: Мансұқ
Мансұқ 1) Жоққа шығару, жаратпау, бас тарту, тәрк ету (көбіне етістік тудырушы сөздермен тіркесіп қолданылады); 2) Жарамсыз, қолдануға жарамайтын.
Көркем сөздің құдіреті: қунау
Қунау 1) Демалу, тынығу; 2) Ширау, қуаттану, бой сергіту; 3) Жайнау, жадырау.
Сағида...... Сындыбала
САҒИДА - араб тілінен — бақытты, табысты болу, рахат өмір сүруші, ауқатты. САҒИРА - араб тілінен — тіл алғыш, құрметті, кіші, кішкене.