ойын сауық отауы
Қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі
12.01.2022 1 073 0 Admin

Қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі

Әңгімелер
Тіл – күретамыр
Қазіргі мәдениетаралық коммуникация мәселелерінің өзектілігі
Мәдениетке қатысты барлық мәселелердің өзектілігі бүгінгі таңда адам нанғысыз өткір сипат алды. Түрлі халықтың мәдениетін зерттеу – мәдениеттану пәнінде басты мәселеге айналды.
Бұдан сәл ғана бұрын бұл мәселеге тарих, философия, филологияның бір бұрышында болмашы ғана орын беріліп еді. Қазір оны Ресей жоғары аттестациялық комиссиясы ғылыми мамандық ретінде айқындап отыр, мәдениеттану пәні бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғау үшін мамандандырылған ғылыми кеңестер құрылды; мәдениеттер диалогі мен шиеленістері тақырыптарында мақалалардың көбеюі; мәдениет мәселелерін зерттеушілердің басын біріктірген қоғамдар мен қауымдастықтардың құрылуы, мәдениет мәселелері бойынша конгрестер мен симпозиумдардың, конференциялар санының күрт артуы; мәдениеттану мен антропологияның барлық гуманитарлық бағыттағы мамандар даярлаудың оқу жоспарына, тіпті орта мектеп бағдарламасына енуі; жоғарыда аталып өткендей, С. Хангингтонның үшінші дүниежүзілік соғыс жайында: «Бұл мәдениеттер мен өркениеттердің соғысы болады» деген белгілі болжамы – мұның бәрі мәдениет мәселелеріне деген ерекше ықыластың көрінісі.
Өкінішке қарай, осындай өзге мәдениетке деген ерекше ықыластың артында өз мәдениетін өзгелердің тәжірибесі мен ерекшеліктері арқылы байыту секілді игі және жасампаз мақсат қана тұрған жоқ, сонымен қатар өзге де көңілсіз әрі алаңдатарлық тәжірибелер де кездеседі. соңғы жылдадағы әлемдік деңгейдегі әлеуметтік - саяси және экономикалық күйзелістер елдердің көшіп - қонуын, араласуын және шиеленістерін адам айтқысыз уүшейтіп жіберді. Бұл, әрине, мәдениеттер қақтығысына әкеп соғары даусыз.
Сөйте тұра, ғылыми - техникалық прогресс және адамзаттың бейбітсүйгіш, саналы бөлігінің күш салуымен, коммуникация бойынша мәдени әріптестерге құрмет, төзімділік, әдени диалог, өзара түсіністік тиімділігінің басты шарты – қарым - қатынастың барлық жаңа мүмкіндіктері мен түрін, формасын ойлап табуда.
Осының барлығы – көңілге күдік ұялатары да, сенім ұялатары да – мәдениетаралық қарым - қатынас мәселелеріне ерекше назар аудартуға түрткі болды. Дегенмен де, бұл мәңгілік мәселелер адамзатты өте ерте заманнан алаңдата бастаған. Дәлел ретінде бір мақалды еске түсіріп көрелік. Мақал - мәтелдер халық даналығының қаймағы екені тегін емес. Сөйтіп, ол тіл арқылы сақталып, ұрпақтан - ұрпаққа жеткен халықтың мәдени тәжірибесіне айналып отыр.
Күні бүгінге дейін мән - мағынасын жоғалтпаған, әлі де қолданыстан түспеген «Бөгденің шіркеуіне өз заңымен бармайды» деген орыс мақалы бар. Оның ағылшын тіліндегі баламасының мағынасы «Римге келгенде, римдіктер сияқты бол» деп сөзбе - сөз болмаса да, сол мағынаны беріп тұр. Яғни екі тілде де халық даналығы қазір мәдениет қақтығысы деген терминмен әдіптелген шиеленістерге жол бермеуге тырысады.
Бұл сөз тіркесі, өкінішке қарай, жоғарыда айтып өткен әлеуметтік - саяси және экономикалық секілді көңіл қынжыларлық себептердің салдарынан «сәнге» айналды. Көптеген босқын, иммигранттар, репатрианттар тіпті «бөтеннің ережелері» қақтығысынан зардап шегуде.
Мәдениеттер қақтығысы дегеніміз не? Неге мәдениеттер соғысы туралы айтатын болдық? «Сөзді жақсы көре отырып», жауапты тілден іздеуді ұсынайық.
Сайып келгенде, әуелі сөз болды, сөз бар, бола бермек, соңында да сөз қалады. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл, мәдениет һәм мәдениет антропологиясы Тіл, мәдениет һәм мәдениет антропологиясы
Адам мәдениетінің қалыптасуы және даму мәселелерімен мәдени антропология айналысады. Антропология аты айтып тұрғандай – адам туралы ғылым. Алайда
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №27 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм. Заңды мінезқұлық
Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест тапсырмасы №26 Мемлекет және Құқық теориясы пәні бойынша тест
Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм
Жапон халқына төніп тұрған қатер Жапон халқына төніп тұрған қатер
Ғалымдардың есебіне қарағанда, Жапонияда 127 миллионға таяу халықтың 2065 жылы 40 миллионы ғана қалуы мүмкін. 1899 жылдан бері, ғалымдардың есебінше,
Мұғалімдердің 70 %- ы өз пәні бойынша тест тапсыра алмаған. Мұғалімдердің 70 %- ы өз пәні бойынша тест
"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының басқарма төрайымы Күләш Шәмшідинова Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жетекші
Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы препарат ойлап тапты Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне
Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне және кезеңіне қарсы ойлап тапқан гендік - инженерлік препаратты ғарышта сынақтан өткізді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×