ойын сауық отауы
Ежелгі түркілердің мифтері
22.05.2021 1 614 0 Admin

Ежелгі түркілердің мифтері

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ежелгі түркілердің мифтері
Біздің дәуірімізге дейінгі 46 жылы ғұн (хун) империясы Солтүстік және Оңтүстік болып екіге бөлінді. Сол уақыттан бастап ол ыдырап, әлсірей берді, ақыры, құрып тынды. Хун мемлекеті V ғасырда Орхон мен Енисейде қалпына келді, бірақ ол енді Ұлы Түркі қағанаты деп аталды. Сол кезден бері түркештер, қарлұқтар, оғыздар, қарахандар, қыпшақтар XV ғасырдың 1468 - 1470 жылдары Қазақ хандығы ірге көтергенге дейінгі аралықта өз мемлекеттерінің негізін қалады.
Тоқсан екіден астам рулар мен тайпалық одақтар қазақтардың ата - баблары болып табылады.

«Ергенекөн» қиссасы және қаншық қасқыр ұрпақтары
Ергенекөн (Ергенекүн, Эргене күн, Еркіне көн, Еркінді күн) Көк түркілері дәуіріндегі аса құнды әдебиет ескерткіштерінің бірі болып табылатыны еш күмәнсіз.
«Ергенекөн» сөзінің өзі жағрапиялық ұғым ретінде ХІІІ ғасырда, Шыңғысхан хан билеген заманда пайдаланыла бастады. Моңғол тілінен аударатын болсақ, «ергенек» - тік, құлама, қия, ал «көн» - жартас. Сонда бұл «тік жартас», «қия шың» болып шығады.
Бұл қиссаның бірнеше нұсқалары белгілі. Мысалы, Орта Азияда кең таралған аңызда түркілер өздерін Көк Бөрінің ұрпағымыз («Ашинаның ұлдары») дейді. Ал моңғолдар қисса мазмұнының өздеріне тек жанама ғана қатысы болғандықтан, «Ергенекөнді» тарихи негізі жоқ, жай аңыз деп есептейді.
Түркілермен араласып - құраласқанға дейін Шығыс Сібір мен Алтайда тұрған халықтар темірді пайдалануды білмеді. Ал, Көк түркілері темірді және басқа металдарды баяғының баяғы замандарынан бері қорытып келген. «Ергенекөн» қиссасының ескі мәтінінде нақ осы жайында айтылған. Өкінішке орай, қиссаның әуелгі, өлеңдік нұсқасы біздің заманымызға жетпеген. Бізде оның тек қара сөзбен айтылған мазмұны ғана бар.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кентаврлар жайлы миф Кентаврлар жайлы миф
Жылқыны адамның осыдан үш мың жылдай уақыт бұрын қолға үйретіп, азия мен еуропада көлік және жүк тасу құралы ретінде пайдаланғаны мәлім. Христофор
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты
Әбілқайыр ханнан бастап қазіргі заманға дейін Қазақстан - Ресей қарым - қатынастары бірер сөз Әбілқайыр ханнан бастап қазіргі заманға дейін
Қазақ хандығының 550 жылдық тарихында 18 ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүзің басқарған Әбілқайыр ханың үлкен үлесі бар. 1993 жылы Қазақстан
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз
Әлемдік топан су қаптауы жайындағы аңыз Жер бетіндегі барлық халықтарда бар. Солардың бірінде тақуалығы ескеріліп, Құдай тарапынан белгі алған Нұх
Қарашаш ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Қарашаш ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Қарашаш ананың шын аты – Айша бибі. Ол шейх Мұсаның қызы, Қожа Ахмет Иассауидің анасы болған. Айша бибі өзінің қарапайымдылығымен, сыпайылығымен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×