ойын сауық отауы
Күй аңызы: әлқисса
25.08.2021 5 678 0 Admin

Күй аңызы: әлқисса

Аңыздар
Күй аңызы: әлқисса
- Әкел, әкел бері көрейін, - деп оқыс қимылмен нәрестені қолына алды. Салиханың далада босанып қалғанын естігенде:
- Оқасы жоқ. Далада туса – көңілі даладай кең болады, - деді де шарананы құшырлана иіскеп, орауын жазды.
- Өй, мынауыңның тікірейген шөнәйі бар ғой. Ұл екен. Ұлым менің, - деп іргеде ілулі тұрған домбырасын алып, нәрестені оның шанағына жатқызған қалпы қаумалап тұрғандарды бұза - жара тысқа беттеді. Домбыра мен нәрестені басынан асыра жоғары көтерген күйі айбарлы Алатауға қарап:
Қыз дегенім – құр болды
Балам менің ұл болды
Алланың сыйы, қайтейін
Кеудеме менің нұр толды,
- деді толқып.
– Ей, Алатау! Балам сен сияқты асқақ та айбынды болсын. Жиектей созылған сәуледен балама нұр түсті. Осы нұрың таймасын. Күні – нұрлы, көңілі – жырлы болған. Балам нұрланып жүрсін. Қыз есімі дей көрме. Қыз бала сағынған үмітім ғана. Айтқанымнан қайтпан. Есімін тумай жатып Нұр құйса екен деп тілеп едім. Енді міне Нұрғиса қойдым. Айтқанымнан қайтпан. Нұр түссін, нұр төгілсін, нұр құйылсын! Балам – Нұрғиса.
«Нұрғиса Тілендиев. Ғұмырнамалық деректі хикаят» кітабынан алынды. Құрастырғандар Ж. Шәкәрім. Д. Тілендікеліні.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Күй аңызы: Адай Күй аңызы: Адай
... Құрманғазы жолаушылап келе жатып бір Адайдың үйіне түседі. Үй ішінде шал мен кемпір болады. Қай жерден, қай елден келе жатқанын, толық аты -
Күй аңызы: Алмажай Күй аңызы: Алмажай
Алмажай – Абылайдың жүйрік аты екен. Бірде, сол Алмажаймен шауып келе жатып, мақтанып айтты дейді, менің Алмажайымдай ат бар ма.
Күй аңызы: Арман Күй аңызы: Арман
Бір ауылда той болып, сол тойға Тілендіұлы Нұрғиса арнайы шақырылыпты. Өзі той болған соң, оған Нұрғиса шақырылған соң, әрине, күй тартылады. Күйді,
Баласын сағынған ана Баласын сағынған ана
Айналайын, жан балам! Бұл хатты саған жазар ма едім, жазбас па едім? Бірақ, денемнен бөлініп шыққан бөлшегім емессің бе? Сағынбайды дейсің бе? Мұны
Аязды күні Аязды күні
Далада аяз, қашан ғана тыншиды? Мұрынды бір, Құлақты бір шымшиды. Үйде Асан ыстық көже іше алмай Шек – қарны шұрылдайды, сыңсиды.
Жазғырма мені, жан - аға Жазғырма мені, жан - аға
Жазғырма мені, жан - аға, Жаманға мені балама. Жалғыз түп емен көріп пе ең, Жабырқап тұрған далада?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×