Скифтердің арғы бабасы Геракл туралы миф
Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Скифтердің арғы бабасы Геракл туралы миф
Герионның бұқаларын қуалаған Геракл ол кезде әлі жан аяғы баспаған бір елге (қазір оны скифтер мекендейді) табан тигізеді.
Герион Понттан (Қара теңіз) алыс, Геракл бағандарының ар жағындағы Гадирдің қасындағы мұхит аралында тұрған (бұл аралды гректер Эрифия деп атайды). Эллиндердің пайымдауы бойынша, мұхит күннің шығысынан бастап, бүкіл жерді айнала ағады, бірақ олар мұны дәлелдей алмаған.
Міне, Геракл сол аралдан қазіргі скифтер елі дейтін жерлерге келеді. Онда ол жауын - шашын мен суыққа ұрынады. Содан теріге оранып, ұйықтап кетеді. Осы кезде оның жайылымға жіберген аттары бір кереметтің күшімен ғайып болады. Оянған соң Геракл аттарын іздеп, бүкіл аймақты шарлайды. Ақыры, Гилея деген жерге тап болады. Сондағы үңгірде ол денесінің жоғарғы жағы – жылан бір мақұлықты жолықтырады. Оны көрген Геракл: «Адасқан аттар көзіңе түспеді ме?» - деп таңдана сұрайды. Жылан - әйел оған аттардың осында екенін, тек Геракл өзіне үйленбейінше оларды бермейтінін айтады. Геракл аттарды алу үшін әйелдің шартын орындауға келіседі. Алайда, әйел Гераклды қасында ұзағырақ ұстауға тырысып, аттарды қайтаруға асықпайды.
Ақыры, бірталай уақыт өткен соң барып жылан - әйел аттарды иесіне беруді жөн көріп: «маған келген осы аттарды сен үшін сақтадым, сен олардың өтемін толық өтедің. Мына өсіп келе жатқан үш ұлымда сенің қаның бар ғой. Айтшы, олар есейген соң не істейін? Мен осы елдің билеушісімін ғой, әлде, саған жіберейін бе?» - деп сұрайды. Геракл бұған: «Ұлдардың есейгенін көзің көрген соң былай істегенің дұрыс болады: олардың қайсысы менің саған көрсеткенімдей етіп садағымды тартып, мына белдігімді тағына алса, соны қасында қалдыр. Менің пәрменімді орындай алмағанын жат елге жібер. Егер осылай істесең, өзің де риза боласың әрі менің де тілегімді орындайсың», - деп жауап қайтарады.
Осы сөздерді айтып, Геракл өзінің садағын қалай тартуды және белдігін қалай тағынуды көрсетеді. Содан кейін садағы (сол кезге дейін Геракл екі садақ ұстап жүрген) мен ілгегінде алтын тостаған ілулі белдігін беріп, аттанып кетеді. Балалар өскен соң анасы оларға ат қояды: біреуінің аты – Агафирс, екіншісінің аты – Гелон, кішісінің аты – Скиф.
Ұлдар ержетіп, есейген шақта жылан - әйел Гераклдың кеңесін ұмытпай, ол қалай бұйырса, солай істеп, балаларын сынамақ болады. Агафирс пен Гелон әкелерінің садағын тартуға тырысқанымен, шамалары жетпейді, сөйтіп олар елден қуылады. Кіші ұл әкесінің бұйырғанын бұлжытпай орындап, сол елде патша болып қалады. Скифтен, Гераклдың кенже ұлынан барлық скиф патшалары тарайды. Олар алтын тостағанды қастерлеп, осы күнге дейін белдіктеріне тағынып жүреді. Шешесінің Скифке жасаған жақсылығы, міне, осындай.
Айта кететін нәрсе, белдікке немесе ердің қасына құты, тостаған байлап жүру салты қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.
Үш халықтың арғы бабалары ретінде Тарғытайдың ұлдарының аттары былай түсіндіріледі:
Агафирс – Аға – үлкендікті білдіретін түркі сөзі, «фирс» - «билік нышаны ретінде қарағай бұтақтарымен безендірілген найза» деген мағына ьеретін грек сөзі.
Гелон – көне грек тілінен сөзбе - сөз «қуаныш, күлкі, шаттық» деп тәржімеленеді.
Сиф – «ашулы, ызалы, қаһарлы» деген сөз.
Агафирстер деп Иллирия мемлекетінің тұрғындары аргимпейлерді айтқан. Кейінне, ежелгі Уархун мемлекетінен қалған Шығыс Хунгарияны – Венгрияны мекендеген халықты осылай атаған.
Тарғытайдың үш ұлының есімдеріне «әмірші», «патша» мағынасындағы «сай» деген түркі сөзі жалғананды. Мысалы, енесай немесе Енисей – күллі Сібір өзендерінің патшайымы.
Қолақсай – «Күн - патша» - Жоғарғы әлемнің әміршісі. Арпоксай – Төменгі әлемнің әміршісі.
Липоксай – Ортаңғы әлемнің әміршісі қасқыр - адамды, құбылғыш бейне дегенді білдірсе керек.
Бұл арада байырғы түркілердің тотемі бөрі болғанын ескеру керек. Скиф неврлер жыл сайын бірнеше күн қасқырларға айналатындығымен белгілі болған.
Ежелгі түркілер мифологиясына және филология ғылымдарының қазіргі жай - күйіне сәйкес, скифтердің түп атасы Тарғытайдың ұлдарының есімдерін осылай түсіндіруге болады.
Ал Тарғытай (Тарғынтай) – Тәңір – Ер - Тарғын - Нама жаратқан ежелгі түркілердің бірінші адамының аты.
Тарбағатай, Тәңір тау, Алтайдың бір шыңы – Алатау барлық үш әлемді: Жоғарғы, Ортаңғы және Төменгі әлемдерді көктеп өтетін Хан Тәңірі тауын бейнелейді.
Тарғытайдың (Тарғынтай, Арғытай, Тарбағатай) өзін бағзыда гректер Гераклмен, Липоксай, Арпоксай, Қолақсайды Агафирс, Гелон, Скифпен шендестірген.

Тұлпар - Пегас туралы миф
Көшпелі халықтар байырғы замандардан бері өздерінің сенімдіәм адал серіктері – аттарды киелі жануар деп есептеп, оларды қисапсыз көп бейнелеген.
Кентаврлар жайлы миф
Жылқыны адамның осыдан үш мың жылдай уақыт бұрын қолға үйретіп, азия мен еуропада көлік және жүк тасу құралы ретінде пайдаланғаны мәлім. Христофор
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты
Грифтер. Грифондар
Грифтердің (арыстан - құстардың) аримаспілермен толассыз күресін баяндай отырып, Геродот оларды «қанатты құбыжықтар» деп атайды.
Тақуа жайық хан. әлемдік топан су қаптауы туралы
Жайық – Үлкен тәңір құдіретінің құрамдас бөлігі. Жайық жер бетінде адамдар арасында тіршілік етеді. Үлкен Тәңір оны адамзатты барлық жамандық пен
Орал
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы, Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы. Арғы жағы - көк көзді жын ұясы, Бергі жағы - Түріктің cap даласы.