ойын сауық отауы
Киммерий патшалары туралы мифтер
18.01.2022 475 0 Admin

Киммерий патшалары туралы мифтер

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Киммерий патшалары туралы мифтер
Көшпелі скиф тайпалары Азияны мекендеген. Массагеттер әскер күшімен өздерін ол жақтан тықсырып шыққанда, скифтер араксқа жылжып, киммерий жеріне кіреді. Жұрттың айтуынша, қазіргі скифтердің қонысы атанған жер бұрын киммерийлердікі болған. Скифтер ел шетіне таяп келгенде киимерийлер қисапсыз жау әскеріне қарсы не амал қыламыз деп кеңес құрады. Сонда пікір айтушылар екіге жарылады.
Қарапайым халық мұндай саны көп жаумен шайқасуды қажетсіз деп біліп, шегінгенді жөн көреді. Дұрысында, осы ежелгі екі халықтың арасында соғыс болмай келгендігі скифтер мен киммерийлердің туыстығы себебінен еді. Сондықтан да киммерийлер ақылдасып, туыстар арасында қантөгісті болдырмауға тырысады. Патшалар, керісінше, туған жерді басқыншылардан жанқиярлықпен қорғау керек деп есептейді. Өйткені, олар жерін қалдырып кетсе, өз биліктерінен айрылатын еді.
Сонымен, халық патшалардың шешіміне құлақ аспады, ал патшалар халыққа бағынғысы келмеді... Туған жерде керемет бақытқа кенелген патшаларға Отанынан айырылып, қуғын көрген бейбақтарды қандай тауқымет күтіп тұрғаны белгілі еді. Осылай ортақ пікірге келе алмаған киммерийлер екіге бөлініп, бір - бірімен тайталасады. Патшалар мен қарапайым халық арасында қырғын шайқас болады.
Туысқандардың қантөгіс соғысында қаза тапқандарды киммерий халқы Тирас өзенінің бойында жерледі. Ол жерден патшалардың қабірлерін қазір де көруге болады. Осыдан соң киммерийлер өз жерінен кетіп, сырттан келген скифтер қаңырап қалған елге ие бола қойған. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Скифтердің арғы бабасы Геракл туралы миф Скифтердің арғы бабасы Геракл туралы миф
Герионның бұқаларын қуалаған Геракл ол кезде әлі жан аяғы баспаған бір елге (қазір оны скифтер мекендейді) табан тигізеді. Герион Понттан (Қара
Күй аңызы: Қарқарау Күй аңызы: Қарқарау
Халық композиторы - Қожамжарұлы Бапыштың тарихи мазмұнда шығарған күйі. Төлеген Момбековтің айтуынша, жаугершілік заманда Қарқара жайлауында қалған
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы Тақуа жайық - Нама және оның үлкен ұлы
Тақуа Жайық - Наманың Балықшыдан басқа екі ұлы Созұнұл мен Сары - ұлға Үлкен Тәңір батасын беріп, оларға былай деген: «Сендерден зерделі ұрпақ:
Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті Қазақстанның халық саны 18 миллионға жетті
ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов Қазақстан халқының саны жайында мағлұмат берді. Ол туралы sn. kz. хабарлайды. Ол
Ажалсыз әскер Ажалсыз әскер
Патшалар сансыз шығын қылады, Дайындап соғыс үшін ғаскерін. Аямай бірін - бірі қырады, Ел алар оққа байлап жастарын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×