ойын сауық отауы
Айдаһар
03.02.2022 1 407 0 Admin

Айдаһар

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Айдаһар
Әдетте, айдаһарды жылқы басты, жылан құйрықты, үлкен қос қанатты және әрқайсысында төрт - төрттен тырнағы бар төрт аяқты етіп елестетеді. Сондай - ақ оның тоғыз ұқсастығы туралы айтады: мүйізі – бұғынікіне, басы – түйенің басына, көздері – сайтанның көздеріне, мойны – жыланның мойнына, қарны – моллюсканың қарнына, қабыршағы – балықтың қабыршағына, тырнақтары – бүркіттің тырнақтарына, аяқтары – жолбарыстың аяқтарына және құлақтары – бұқаның құлақтарына ұқсас. Кейбіреулерінің құлақтары жоқ, мүйіздерімен естиді. Көбінесе олардың бейнесін мойынына ілулі інжу моншақпен (інжу күннің белгісі болып табылады) береді. Өйткені оның күші осы моншақта, егер моншақты алып қойса, айдаһар ешкімге залал келтірмейді.
Тарих айдаһарды алғашқы императорлардың арғы тегі деп санайды. Оның тырнақтарының, тістерінің және сілекейінің шипалық қасиеті бар. Өз қалауы бойынша ол адамдарға көріне алады. Көктемде көкке ұшып кетеді, күзде тұңғиық суға шомылады. Кейбіреулерінің қанаты жоқ болса да, ұша біледі.
Мифтерде айдаһарлардың алуан түрі ұшырасады. Аспан айдаһары өзінің жотасында құдайлардың сарайларын жерге құлатпай ұстап тұрады. Құдай тектес айдаһар адамдардың игілігіне жаңбыр жауғызып, жел соқтырады. Же айдаһары бұлақтар мен өзендердің ағысын бағыттайды. Жер асты айдаһары адамдарға тыйым салынған қазыналарды күзетеді. Айдаһарлар аспанда ұшып жүреді, оларды әрдайым пішіндерін өзгерткен бұлттардан көруге болады! Айдаһарға ұқсас бұлттар да болады.
Шығыс ғұндардың туларында айдаһар бейнеленген.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты
Грифтер. Грифондар Грифтер. Грифондар
Грифтердің (арыстан - құстардың) аримаспілермен толассыз күресін баяндай отырып, Геродот оларды «қанатты құбыжықтар» деп атайды.
Сфинкс Сфинкс
Сфинкс – жантайып жатқан адам басты арыстан. Сондықтан, сфинкс патша билігінің символы ретінде қабылданып, мазарлар мен ғибадатханаларды күзетеді.
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Айдаһар Айдаһар
АЙДАҺАР. Қазақ ертегілік - мифтік дәстүріндегі зұлым құбыжық, демон. Оның "аждаһа" түріндегі синонимі де бар. Айдаһар атауы өзімізге кеңінен танымал
Інжу моншағы туралы (Жемчуг) Інжу моншағы туралы (Жемчуг)
Зергерлік тастар ішінде ерекше орын алатын інжу тастарының қалай пайда болуы туралы білесіз бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×