ойын сауық отауы
Ғұн ханшайымдары және Көк бөрі
20.02.2022 547 0 Admin

Ғұн ханшайымдары және Көк бөрі

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ғұн ханшайымдары және Көк бөрі
Ғұн елінің көсемінің ай десе аузы, күн десе көзі бар, әлемде теңдесі жоқ екі қызы болыпты. Көсем сол қыздарына жер бетінде ешбір адам жар болуға лайық емес леп, оларды Көк Тәңіріне атағанын айтады. Билеуші екі қызына шаһардан жырақ жерден арнайы қорған тұрғызып, екі қызын сол қорғанға апарып тастайды да, Тәңірге жалынып, оларды өзіне әкетуін өтінеді. Сөйтіп, екі қыз әлгі қорғанда ешбір адамның көзіне түспей өмір сүріп жаады.
Бірде қорғанның түбінен Көк Бөрі апан қазып, қыздардың жатқан жерінен тесіп шығады. Мұны көрген көсемнің кіші қызы: «Бізді ата - анамыз Көк Тәңіріне атап, осынау қапасқа қамады, бірақ Тәңірдің еркімен бізге Бөрі келді. Мүмкін, оның осы келісі біздің болашағымыздың бақытты болуының белгісі шығар», - деп сұлу қыз Бөрімен жұптасып, бірге кетпек болады.
Сонда үлкен әпкесі сіңілісінің сөзінен қатты шошынып: «Қарабет, ол не дегенің, сені ата - анамыз адамға қимағанда, өзіңді мақұлыққа қиып, сүйекке таңба салғалы тұрсың ба?» - деп сіңілісінің Көк Бөрімен көңіл қоспақ ниетіне үзілді - кесілді қарсы болады.
Бірақ сіңілісі әпкесін тыңдамайды. Ол Бөрімен көңіл қосып, одан ұл табады. Олардың тұқымдары тез өседі. Тіпті, тез өскені сонша, бірнеше жүздеген жылдардан соң олар үлкен мемлекетке айналады. Сондықтан да бұл елде ән айтқанда созып, Бөрінің ұлығаны сияқты орындағанды жақсы көреді. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Данышпан туралы аңыз Данышпан туралы аңыз
Ертеде бір данышпан өмір сүріп, оның үш ұлы, бір қызы болыпты. Қызы да, ұлдары да ақылды болып, ер жетіпті. Айдан ай, жылдан жыл өтеді. Әкесі әбден
Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау
Адамзат өмірінің тарихы ұзаққа созылған сайын дүние күнәға батып, жамандық қанат жая түседі. Пенделерінің күнәсі батпаңдап көбейгендіктен қасиетті
Қызды төрге шығару Қызды төрге шығару
Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас атты үш ұлы мен Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, мүлде дауыс көтермейді екен.
Ер - сайынның ерліктері Ер - сайынның ерліктері
Ер-Сайын – Үлкен Тәңірдің кіші ұлы. Ол Жерге адамдарға әділет орнату үшін жіберілген. Тойбон атты хан билік құрған бір елде Ұлақшын деген шалдың
Ұрлық, өтірік туралы мақал - мәтелдер Ұрлық, өтірік туралы мақал - мәтелдер
Ұры байымайды, Сараң семірмейді.
Аякөз - ару Аякөз - ару
Аякөз, сірә, аядай бұлаң көзі емес, Аяулы, сірә, қыз болар. Ақиқат бағып, анықтап жатар кез емес, Белгісіз, досым, белгісіз түр ғой бізге олар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×