Қызды төрге шығару
Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді
Қызды төрге шығару
Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас атты үш ұлы мен Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі.
Нұх дастарқан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен жоғары отыруы керек. Әкеміз бізді алалайды - ау» деп ойлайды.
Бір күні дастарқанда отырғанда:
– Әке, Уәсила кіші болса да, неге бізден жоғары отыруы керек? Ұлдың мәртебесі қашан да биік емес пе? – дейді. Нұх:
– Біздің ырзық - несібеміздің көп болуы Уәсилаға байланысты. Құт қызды жағалап жүреді. Оны босағаға отырғызсаң, шамданады. Төрге шығарсаң, қуанады. Орны жайлы болса, дастарқаннан ас - тағамды үзбейді. Тұрмысыңды түзейді, – депті.
Содан бастап Нұхтың үш ұлы қарындасын төрге шығарып, құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны сақтап, берік ұстайды. Қазақ арасында «Қызыңды төрге отырғыз!», «Қызды босағаға отырғызба!» деген талап - ырымдар осыдан шыққан екен.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: Күйеу
Күйеу (ер) – бір рудың қызын алған жігіт сол елге «күйеу» болып есептеледі де, сол ел оның қайын жұрты деп аталады.
Қызды босағаға отырғызба
Пайғамбардың бәрі еврей ұлтынан емес. Мысалы Нұһ (а. с) қазақ, қазақтар содан тараған. Шиш (а. с) қазақ, Адам (а. с) қазақ, себебі адам деген қазақта
Бағалай білсең бәрі бақ
Баяғыда біреудің 2 қызы болыпты. Бір қызы көркем мінезді, шебер екен, ал екіншісі мінезі сондай дөрекі, әдепсіздеу екен. Бір күні көрші ауылдан
Қыздар туралы мақал - мәтелдер
Көп беріп көргендінің қызын алсаң, үйіңе мейман келсе құрмет етер. Аз беріп көргенсіздің қызын алсаң, байымен бір жатқанын міндет етер (Өске).
Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю.
Қызды ауылдың иті жатпас Ақылды қыз — ауыл көркі. Алқатсаң алқат қызынды Ақтар ол дәм - тұзыңды.