ойын сауық отауы
Шыңғыс хан туралы
10.04.2022 1 161 0 Admin

Шыңғыс хан туралы

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Шыңғыс хан
Шыңғыс хан – көптеген түркі - монғол халықтарының мифологиялық қаһарманы. Оның бейнесі ақиқат тарихи тұлғадан, ХІІ ғасырдағы қолбасшы, монғол империясының негізін қалаушыдан бастау алған. Шыңғыс ханның тегі Көктен жаратылған делінеді. Өз заманында Шыңғыс ханға табынуды монғол империясында жиһангердің немересі – Юань әулетінің негізін салушы Құбылай заңдастырған.
Мифологиялық Шыңғыс хан ата - баба аруақтарын қастерлеу дәстүріне үйлестіріп енгізілген. Шыңғыс хан монғолдың ұлы хандары әулетінің ұлы бабасы деп жарияланған, оған «Сегіз ақ шатыр» деген атпен белгілі ғибадатхана орнатылған.
Шыңғыс ханның жалпы құдіретіне оның туға айналған әскери данышпандығының құдайы – сүлде ерекше орын алады. Әсіресе, Цаган сүлде – Ақ Ту және Қара сүлде – Қара ту айрықша құрмет тұтылды. Шыңғыс ханның туларына арнап ғибадатханалар салынды, құрбан шалу жорасы ойластырылды. Цаган сүлде мен Қара сүлде – Шыңғыс ханның нақты жақын серіктерінің ойдан шығарылған аттары деген жорамал да бар. Шыңғыс ханның құдіретіне сай оның отбасы мүшелеріне: анасына, әйелдеріне, ұлдарына және басқа туыстаына табыну орын алған.
Шыңғыс ханның бейнесі XVI – XVIII ғасырларда ламаизмнің таралуына байланысты өзгерістерге ұшырады. Аңыз бойынша, Шыңғыс ханды қаһарлы құдай тағынан панчен - лама (будда дінінде құдай дегенді білдіреді) түсіріп, оның құрметіне қан шығарып құрбан шалуға тыйым салған. Шыңғыс ханның сүйегі қойылған табытты бекітіп, кілттерін Тибетке алып кеткен. Шыңғыс хан монғол буддизмінің желеп - жебеуші құдайларының қатарында болды. Бірқатар дұғаларда оған анттың ақ әулиесі ретінде сыйынады. Ламашылдық дәстүр Шыңғыс ханның ата тегін мифтік үнді патшасы Маха Самадиден таратады.
Монғол тектес халықтардың мифтерінде Шыңғыс хан мәдени қаһарман, яғни кейбір үйлену тойларының салт - жораларын белгілеуші, арақты, қымыз бен темекіні ойлап шығарушы, ұсталық кәсіптің және т. с. с қамқоршысы ретінде көрінеді.
Топонимикалық сюжеттер жер - су атауларының шығуын өмірде болған Шыңғыс ханның харекет - қызметіне негіздеп түсіндіреді. Мысалы, Алтын - өлгей – «алтын бесік» - оның дүниеге келген жері. Тогон - Чулун – «тас қазан» және Санага – «ожау» шеріктерінің зат ұмытып қалдырған жерлері. Деш тауы (төс) – Шыңғыс ханның темір соққан жері. Бір аяғымен Чикой өзенінің оң жағасын, екінші аяғымен сол жағасын басып тұрып, өзенге сол жағасын басып тұрып, өзенге өзінің қаруын суарған. Бірқатар мифтер Шыңғыс ханның ықтимал қабірі болуға тиісті орынға арналған. Ол орын әдейі бұрылған өзен арнасында, жалпымонғолдық қасиет - киеге баланатын Бурхан - Халдун тауының үңгірінде. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Барлығыңның ғұмырың ғажап болсын! Барлығыңның ғұмырың ғажап болсын!
Қазақ болса Жалайыр Болсын! Айналасы түгел ағайын болсын! Сол ағайын шуағымен арайын көрсін!
Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері. Шыңғыс ханның жеке өмірі және әйелдері.
Шыңғыс хан әлем тарихындағы танымал тұлға. Хан болған соң оның 26 әйелі және жүздеген тоқалы болған.
Шыңғыс хан өсиеттері Шыңғыс хан өсиеттері
Көпшілік адам мақұлдағанды теріске шығарма!
Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер Сүзге ханым. Қазақ тарихындағы әйелдер
Сүзге ханым 1548-1582 жылдар аралығында өмір сүрген. Қасым ханның кеңесшісі Мейрамсопының кенже немересі. Сүзгеннің әкесі Төртуыл елінің билеушісі –
Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Белең ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Белең ана – Жошының екінші қызы. Оны қарахандар әулетінен шыққан, Тараз бен Қашқарды билеуші Арыстан ханға ұзатқан. Шыңғыс ханның мұндағы мақсаты
Отырар кітапханасы Отырар кітапханасы
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×