ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Грек алфавиті және диалект
27.10.2023 845 0 Admin

Тіл тарихы: Грек алфавиті және диалект

Аңыздар
Тіл тарихы: Грек алфавиті және диалект
Сөздің дыбысталуын бейнелейтін жазу жүйесі оқырмандар мен жазушылар үшін өмірді жеңілдете түседі. Бірақ мұндай жүйенің мынадай салдары бар: жазушылар әртүрлі диалектіде сөйлесе, ортақ орфографиялық ереже болмаған жағдайда әдеби шығарманы әркім өзінше жазады.
Грек жазуы қолданыла бастаған алғашқы ғасырларда тілдің емле ережесімен бірге өзге де қасиеттері бірталай өзгеріске ұшырады. Бірақ бұл әр автор өзі қалаған стильде жазды деген сөз емес. Олар өздерінің диалектілерін қолданды.
Ол кезде Грекия халқы бірнеше диалектіде сөйледі. Олар өз орталарында бір - бірімен жақсы түсіністі. Ертедегі әдеби шығармалар әртүрлі диалектіде болған. Сапфо өлеңдерін Лесбос аралына тән эолик диалектісінде, ал Платон Афина қаласында тұрған жылдары аттик диалектісінде жазды.
Біз мұны назар аударарлық ерекше құбылыс деп есептейміз. Бүгінде бірқатар ағылшын жазушылары диалектілерді әдеби мақсатта пайдаланады.
Алайда диалогтер мен өлеңдерде немесе шағын әңгімелерде диалектілер жиі қолданыла бермейді. Олар көбіне өзге жазба контекстерге тән ортақ стандарт бойынша жазылды.
Дегенмен ежелгі Грекияда ортақ стандарт болған жоқ. Грек тілінің қандай болуы керек екенін шешетін білім бөлімінің басшылары мен кітап баспасы сияқты мекемелер болмады. Болуы да мүмкін емес еді. Себебі ол кезде Грекия саяси бірлік болып саналмады. Грек тілінде сөйлейтіндер топ - топ болып бөлініп, тәуелсіз шағын мемлекеттерде өмір сүрді және бірде - бір мемлекет өзгелеріне билік жүргізген жоқ. Чжоу династиясы билігі кезінде де Қытайдағы жағдай осы шамалас еді. Бір айырмашылығы – Қытай оған дейін біртұтас мемлекет болатын. Ал Грекияда жағдай мүлде басқаша қалыптасқан.
Десек те өздерін «эллиндер» деп атаған гректерге біртұтастық тән. Олар өздерін әлі күнге дейін осылай атайды («Эллиндерге» қарағанда «гректер» деген терминді көп қолдануымыздың себебі – біз римдіктер пайдаланған сөзді қабылдап алдық). Өздерін «эллиндер» деп атағандар грек Құдайлары мен батырларына табынды, Дельфидегі абыздардан ақыл - кеңес сұрады, олимпиада ойындарына қатысты және hellenike glossa деп аталған грек тілінде сөйлесті. Эллиндерден өзгелер варварлар (barbaroi – түсініксіз тілде сөйлейтін адамдар дегенді білдіреді) болды. Barbaroi сөзі белгілі бір дыбысты бейнелейді. Дәлірек айтсақ, гректер варварлардың сөйлегенін «бар - бар - бар» деген дыбыс ретінде қабылдаған деседі.
Яғни адам өзін белгілі бір топтың мүшесі ретінде сезінуі үшін, ортақ тілі мен ортақ мемлекет болуы міндетті емес. Өкінішке қарай, олар өзара бейбіт өмір сүруге де тырыспады. Грек мемлекеттері бір - бірімен талай рет жанжалдасты. Ортақ жауларына тойтарыс беру үшін, талай мәрте тізе де қосты. Бірақ дау - дамайға қарамастан, басқа елдердің авторларының шығармаларын оқыды. Тіпті олардың диалектілерін үйреніп алды.
Диалектілер арасындағы айырмашылықтар бірден байқалғанымен, үнемі ажыратыла бермейді. Мысалы, «ай» деген сөз Сапфоның эолик диалектісі бойынша жазылған өлеңінде selanna деп берілген. Ал аттик диалектісі бойынша – selene. Сапфо «жалғыз» деген сөзді mona деп жазды. Ал аттик диалектісі бойынша – mone. Бұдан жүйелік айырмашылықты, яғни аттик диалектісінде сөздердің көбіне е дауысты дыбысымен аяқталатынын байқауға болады. Ал эолик диалектісінде а әрпімен аяқталады. Мұндай тұстарын үйрену қиын емес. Бір айтарлығы, кей кездері авторлар шығармаларын өзге диалектілерде жазды. Мәселен, «хормен айтылатын әндер дорик диалектісінде жазылуы тиіс» деген үрдіс қалыптасты. Сол себепті аттик және басқа да диалектілерде сөйлейтін ақындар хор өлеңдерін дорик диалектісінде жазды. Бұл жағдай Эсхил, Софолк және Еврипид жазған атақты трагедияларда төтенше жағдайларға әкеп соқты. Олардың үшеуі де де афиналықтар еді, ал пьесалары аттик диалектісінде болды. Бірақ хормен айтылатын көптеген әндері мен жырларын дорик диалектісінде (немесе соған ұқсас диалектіде) жазды. Осылайша ақындар мен жазушылар бір ғана диалектімен шектеліп қалмай, басқаларын да пайдаланған.
Соымен, гректердің ортақ жазба тілі болды, бірақ ол бірыңғай емес - тін, ол тілдің бірнеше диалектілік жазба нұсқасы еді. Әр мемлекет (грекше polis) өз саяси мүддесіне баса мән бергендіктен, әртүрлі аймақтардағы тілдік формалардың дәрежесі мен қолданылуы тең болатыны түсінікті. Бірақ уақыт өте келе, жағдай біршама өзгерді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Барлық тіл тең дәрежелі ме? Тіл тарихы: Барлық тіл тең дәрежелі ме?
Грек тілінің беделі жоғары, тұғыры биік болған дейміз. Сонда оның мәртебесі жүздеген жылдар бұрын қолданыста болған тілдерден де жоғары болды ма?
Тіл тарихы: Грек тілінің жаратылысы Тіл тарихы: Грек тілінің жаратылысы
Ақын, философ және ғалымдардың қолдануына байлданысты грек тілі көп өзгеріске түсті. Бұған дейін болмаған жаңа сөздер, сөз тіркестері және сөйлемдер
Тіл тарихы: Грек тілі және алфавиті Тіл тарихы: Грек тілі және алфавиті
Бұл – осыдан 2600 жыл бұрын грек тілінде жазылған өлеңнің еркін аудармасы. Грек тіліндегі мәтіннен «мен» деген сөздің әйел адамды меңзеп тұрғаны
Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау Тіл тарихы: Одақтасу және ыдырау
Алғашқы императордың бірыңғай жазуға айрықша мән беруі сол кездің өзінде тілде аймақтық айырмашылықтар болғанын дәлелдейді. Ол айырмашылықтар жазудан
Үндіеуропа тобындағы тілдер Үндіеуропа тобындағы тілдер
Алдыңғы тақырыпта талқыланған үш тіл тобы бір - біріне жақын емес. Кей тұстары бір - біріне ұқсайтындай болып көрінгенімен, топ ішіндегі тілдердей
1 Сәуір – Күлкі күні 1 Сәуір – Күлкі күні
1 сәуір - Күлкі күні бүкілхалықтық бейресми мереке.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×