Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Жылан бұзған қала
Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Жылан бұзған қала
Оңтүстік Қазақстанда Сырдария өзенінің жағасын бойлай жүргенде көптеген қалалардың ескі қирандыларын байқауға болады. Солардың біреуін жергілікті тұрғындар Жылан бұзған деп атайды, ал өздері оның қасына аттап баспайды. Қазір де сол қаланың орнында үлкен төбе ғана қалған.
Бір замандарда мұнда мыңдаған адамдар тұрған. Билеушісінің ашкөздігі мен пайдакүнемдігі ақыры шаһарды құртып тынған. Ол былай болған дейді.
Бір кемпір сиырын өзеннің жағасында саууды дағды еткен екен. Әрі ылғи талтүсте сауатын болыпты. Бір күні кенеттен судан үлкен қара жылан жорғалап шығады. Шын мәнінде ол жергілікті сулардың иесі Үббе сайтан болатын. Кемпір шошып кетеді. Бірақ Үббе оған жылы шыраймен құйрығындағы алтын теңгені көрсетіп:
«Егер маған күнде сүт беріп тұрсаң, мен алтын теңгеден беріп отырамын», - дейді.
Кемпір келіседі. Күніне бір алтын теңгеден алып тұрған ол кедейлікпен қоштасып, көп ұзамай қаладағы ең бай адамдардың біріне айналады.
Кемпірдің баюының мән - жайын сол қаланың билеушісі естіп, оны өзіне келтіруге бұйырады. «Саған мұндай байлық қайдан келді?» - деп сұрайды билеуші. Кемпір әуелде үндемейді. Бірақ оны қоймай тергеп, қорқытып, қоқан - лоққы жасаған соң, ақыры, ол сүтіне күніне бір алтын теңгеден беріп тұратын ғажайып жылан жайында айтып береді. Билеуші бұған сенбейді. Сонда кемпір өзінің өтірік айтпағанына көзін жеткізу үшін оны талтүсте өзен жағасына ертіп келеді. Сөйтіп, билеуші һәм қаланың басқа да жәмиғаты дарияның жағасында тұрып, қабығы асыл тастардай жарқыраған үлкен қара жыланның судан жайымен жорғалап шығып, сүтті ішіп, теңгені тастап, қайтадан суға түскенін көреді.
Тылсым, таңғажайып атаулыдан үрейі ұшқан әрі байлыққа ашкөзденген билеуші кемпірді дарға астырып, алтынын қазынаға алуға бұйырады. Ертеңіне ештеңеден күдігі жоқ судан шыққан Үббеге билеушінің нөкерлері қайнаған май құяды. Өзен падишасы Үббе сайтан осылай өледі. Сол - ақ екен, қисапсыз жыландар мың - мыңдап судан шығып, Үббенің үмбеттері қалаға лап қояды, кездескеннің бәрін шағып, адамдарды шетінен қырып өлтіре береді. Үрейі ұшқан тұрғындар беті ауған жаққа безе қашады. Жауыз билеуші жан сауғалап басқа қалаға кетеді.
Алайда, өзен падишасының кегі оны ол жерде де құтқармады. Ол үй - жайына білдірмей кіріп, қошқар мүйізінің қуысына жасырынған жыланның зәһарынан ажал табады.
Сол қала билеушісінің де, халқының да кім екені беймәлім. Тіпті, қаланың атауы да ұмытылған. Тек оның орнында құпия сырларын қойнауына жасырған қирандылар ғана қалған...
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Дәулер
Дәулер – үсті - бастарын жүн басқан, аяқ - қолдарында өткір тырнақтары бар, ұсқындары адам шошырлық алыптар. Олар өздерінің апандарында, көбінесе,
Күн, ай және қораз
Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл, қанша күн өткенін есептеп айтуға сан жетпейді екен. Аспанда ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз тұрыпты.
Скифтердің арғы бабасы Геракл туралы миф
Герионның бұқаларын қуалаған Геракл ол кезде әлі жан аяғы баспаған бір елге (қазір оны скифтер мекендейді) табан тигізеді. Герион Понттан (Қара
Еркілікке жалбарыну
Уа, қара сайтан, қатал жын, Күнәһарларды аулайсың. Тостағанды қотарып, Төгіп бір сүтті алдайсың.
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар: Химера
Химера – Құдай тектес, арыстан басты, ешкі денелі, жылан бөкселі, аузынан от бүріккен тажал. Оны құдайлардың сәуегейлікпен айтқанындай, сымбатты
Сфинкс
Сфинкс – жантайып жатқан адам басты арыстан. Сондықтан, сфинкс патша билігінің символы ретінде қабылданып, мазарлар мен ғибадатханаларды күзетеді.