ойын сауық отауы
Күн, ай және қораз
23.09.2023 702 0 Admin

Күн, ай және қораз

Аңыздар
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Күн, ай және қораз
Бұл өте ертеде болыпты, содан бері қанша жыл, қанша күн өткенін есептеп айтуға сан жетпейді екен.
Аспанда ағайынды үшеу: Күн, Ай және Қораз тұрыпты.
Бірде ең үлкені Күн адамдарға жарық сәуле шашуға кеткенде, үйде Ай мен Қораз қалыпты. Ай барып тұрған сотанақ екен. Қоразға тыным бермей, ақыры тәжінен ұстап алып, Жерге тастап жіберіпті. Қайта оралған Күн Қораздың жоқ екенін көріп, болған оқиғаны біліпті.
Ойланып отырып: «Менің байқауымша, сенің ешкіммен де сыйысып, тыныш отыра алатын түрің жоқ екен. Қайтып бетіңді көрмейін. Бұдан былай мен аспанда тек күндіз ғана жүремін, ал сен тек түнде шығасың», - депті.
Содан бері Қораз қызарып шығып келе жатқан Күн ағасын көргенде: «Қо - қо - қоқ!» - деп айқайлайтын болыпты. Онысы «Қайырлы таң, мейірімді аға!» дегені екен.
Ал Күн батып, Ай көріне бастағанда, Қораз үйшігіне тезірек кіріп алуға асығатын көрінеді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Үһлеме Салт - дәстүр сөйлейді: Үһлеме
Ертеде бір жігіттің қарт шешесі болыпты. Шешесі ауырып, төсек тартып жатып қалады. Жігіт отын шауып, оны қалаға сатады екен. Шешесі күнде баласының
Салт - дәстүр сөйлейді: Қыз баланы құрметте Салт - дәстүр сөйлейді: Қыз баланы құрметте
Баяғыда бір жігіттің жалғыз аты болыпты. Бір жаққа шыққанда, қарындасы оның атын қарауылдайды екен. Бірде қарындасы аттан көз жазып қалыпты.
Жаңа жылға арналған тілек Жаңа жылға арналған тілек
«Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп,
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Қожанасыр туралы әзілдер Қожанасыр туралы әзілдер
Қожанасыр және бір сараң бай бір ауылда өмір сүріпті. Қожанасыр байды көпшіліктің алдында үнемі қағытып жүреді екен.
Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен
Отыз жыл қисық өскен ағаш бір жылда түзелмейді. Қоқаңдаған қораз қырғи барын ұмытады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×