ойын сауық отауы
Шешендік сөздер: Бөлтірік шешен мен Үрзияның сөз қағысуы
25.09.2024 130 0 Admin

Шешендік сөздер: Бөлтірік шешен мен Үрзияның сөз қағысуы

Аңыздар
Шешендік сөздер: Бөлтірік шешен мен Үрзияның сөз қағысуы
Елді орыс шенеуніктері билеп келе жатқанда, жер дауы жəне басқа алым - салықтарға қарсы болған Бөлтірік шешен қасына бірнеше серік ертіп генерал Черняевқа жолығып қайтуға жолға шығады.
Ұзақ жол жүріп шаршаған жолаушылар бір ауылдың тұсына келгенде, əбден шөлдегендерін сезеді. Шешеннің қасындағы серіктері: "Ауылға ат басын бұрып, қымыз ішіп түстеніп шығайық,"- деп ұсыныс айтады.
Бұл кезінде Тəуекел Ханның "Жалғызы" атанған Тоқсан Баулы Қоңыратқа ұран болған Алатау Батырдың ұрпақтарының ауылы болатын.
Батырдың үшінші ұрпағы Төленші батырдың жер дауымен байқамай туған жиенінің ауылын шауып, налаға ұшырағанын Бөлтірік шешен білетін, сондай - ақ "қырық үйден аспайтын "Құлтай ауылы"- деп аталатынынан да хабардар еді.
Бөлтірік шешен ауылға серіктерімен ат басын бұрады. Ауылда асығы алшысынан түсіп тұрған үй байқалмайды.
Жолаушылар ауыл шетіне іліккенде бота жетектеп бара жатқан өте реңді сұлу қызға кез болады, жас арудың керемет сұлулығы мен реңіне, ботаның ноқтасын ұстаған ақ білегіне көзі түскен шешеннің серіктері:
- Уа, Бөлтірік! Бізді сүйсіндірген мына қызды сөзге тарт, немесе бізді өлтіріп кет,- дейді.
Шынында, серіктерінің сөзі мен қыздың реңіне таң қалған Бөлтірік шешен шыдамаса керек:
- Уа, Қарындас шошыма қарап түрімізге,
Мен едім Бөлтірік шешен Ұлы Жүзде.
Қырық үйден аспайтын "Құлтайлардың"
Ауылының тұсына келіп қалдық,
Рұқсат болса бастаңыз үйіңізге,- деп, қыздың отты көзіне тура қарапты, шешен сөзінің салмағына шыдамаған қыз жетектеген ботасының ноқтасын жібере салып:
- Қоңыратта Көктіңұлының пейілі теңіз еді,
Төленші батырдан тараған егіз еді.
Ер Алатау бабамның бейітіне,
Мұрынқараққа жеткенде көзің түседі.
Шұбыртып шаң салмайын іздерінен,
Үш білместік өтіпті атамыздан,
Дулат - Қоңырат қос момын ел біледі.
Бөлтірік шешен айтпаса жұрт біледі.
Құзғын болса бір басқа,
Бөлтірік шешен өткенімді түрткіледі.
Қазақ Елі жомарт халық жалғыз дер едім,
Азаматтар дуалы ауызды азғын болмас,
Қыз наласы қара топырақ жегізеді.
Түсіңіздер ағалар түсіңіздер!
Біздің ауыл мес шайқап, күбі піседі.
Қырық деген сан киелі, сан білгендерге,
Түсіндіріп айтайын күлгендерге,
Құлағына қоңырау ілгендерге.
Қырық күннен соң сəбиді бесікке салар.
Қырқын атап əруақты есіне алар.
Қырық жасында пайғамбарға ілім қонған,
Қырық үйден аспайтын ұрпағы бар.
Ал, ағалар бастадым шаңырағыма,
Қырық үйден аспайтын ауылыма,
Қырық санның киелісін түсінсеңіздер,
Үйге түсіп құдайы қонақ болыңыздар,
Тағы қандай сұрағыңыз бар,- деп қонақтарды үйіне қарай бастайды. Қыз алдында сөзден тосылып, амалы таусылған шешен "қырық үйден аспайтын Құлтайлар ауылы"- деп əжуалаған қасындағы серіктерінің жетегіне ілесіп кеткеніне қатты өкініп, ат қағып шөлдеп келген Бөлтірік шешен еріксіз ат басын кері бұрады да, серіктеріне тіл қатпастан Сиқымдардың аулына зорға жетіпті.
Қаншама жер дауын шешуге қатысып жүрген атақты шешеннің осы сапарында жолы болмайды, қыздың айтқан сөздері есінен кетпей мазасы кетеді.
Аты ұранға айналған Алатау Батыр сынды тектінің тұқымы емес пе, бекер - ақ тиіскен екенмін деп, кеш те болса өз қателігін түсініп мойындайды.
Сұрастыра жүріп, қыздың Төленші батырдың немересі Қоштай қызы Үрзия сұлу екенін біледі.
"Тектінің тұқымы текке айтпайды"- дегендей сапарының сəтсіз болғанын қыздың наласынан көреді де сый - сияпат алып, Үрзия сұлудан кешірім сұрап, сол ауылдың ақсақалдарының батасын алып, еліне аттанған екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бекше шешен деген екен... Бекше шешен деген екен...
Қанжығалы елінде Бекше деген де шешен болады. Оның жасы Саққұлақтан бір мүшелдей үлкен болса керек. Өзіне мал бітпеген кедей екен. Бекше көбінесе
Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен... Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен...
Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққүлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағлымды әңгімелерін тыңдайды.
Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
Тойлыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан
Шешендік сөздер: Деген екен... Шешендік сөздер: Деген екен...
Бөлтірік шешен бір жазда Тезек төреге барады. Бөлтіріктің шешен, ділмәр ақын әрі батыр екенін сыртынан есітіп жүрген Тезек оны бар ықыласымен сыйлап,
Батырлар туралы мақал - мәтелдер Батырлар туралы мақал - мәтелдер
Батырлығың не керек, байсалдылық болмаса. Ақындығың не керек айтарлығың болмаса.
Сол түні Сол түні
Ауады да тұрады, аңсарым - ай! Әлі сен есімдесің, Аршалы сай. Сол түні неге мені өлтірмедің? Сол түні риза едім алса құдай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×