Бекше шешен деген екен...
Аңыздар
Шешендік сөздер
Бекше шешен деген екен...
Қанжығалы елінде Бекше деген де шешен болады. Оның жасы Саққұлақтан бір мүшелдей үлкен болса керек. Өзіне мал бітпеген кедей екен. Бекше көбінесе Саққұлақтың қасына еріп жүреді. Бір себептермен ол бір жолы Саққұлаққа ермей үйінде жатып қалады. Осы кезде ел арасынан бір дау шығады. Ол даудың бір ұшы Бекшеге барып тіреледі. Енді ол дауды Бекшесіз шешуге болмайтынын сезген Саққұлақ әйеліне қарап:
- "Кедейдің бір тойғаны шала байығаны". Бекшеге сыбаға жіберіп, шақыртшы! - дейді. Саққұлақтың әйелі Бекшені онша жақтырмайды екен. Нұралы деген баласын жұмсап, бір қоржынбас сыбаға беріп жібереді. Бекшенің әйелі қоржыннын аузын сөгіп, етті казанға салса, өңкей қатқан - құткан сүр етпен бір жауырын ғана дейді. Ет піседі, Бекшенің алдына тартылады. Еттің сыңайын көрген Бекше қасындағы Нұралыға карап:- Байқаңыз еттің азын жауырыннан,
Бар болса кім аяйды бауырынан.
Жоктық шіркін адамға не істетпейді
Бұ - дағы келіпті өз ауылыңнан.
Мынасы сүр ме десем, сірі екен ғой,
Сараң би өлді десек, тірі екен ғой.
Дүниеге көзі тоймай, өле қоймай,
Бірі онда, бірі мұнда жүр екен ғой.
Бұл сөзге Нұралы қатты ұялып, намыстанады. Шешесінің қараулығына іштей наразы болады.
- Әкем мені шақырып кел деп әдейі жіберіп еді. Беке жүріңіз, біраз күн аунап - қунап жатып қайтыңыз? - дейді. Сонда Бекше шешен оған былай депті.
- Мен Сақакеңнің Бекшесі едім,
Сақтаулы алтын текшесі едім.
Бұл күнде бала жіберіп шақыратын
Етігінің өкшесі ме едім?
Керексінсе өзі келсін! - деп, Нұралыны қайтарып жіберіпті. Бұл сөз намысына тиген Саққұлақ би "Кой, ағайынды ренжітпейін" деп, ертеңіне Бекше ағасын өзі ертіп кетіпті. Үйіне барған соң құнан қой сойып, бір жұма сыйлап күтіп, үстіне шапан жауып, ат мінгізіп риза етіп үйіне қайтарыпты.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Шешендік сөздер: Саққүлақ шешен деген екен...
Жазда аулына демалысқа келіп жатқан Шоқан Саққүлақ шешенді қонаққа шақырып, бірнеше күн оның тағлымды әңгімелерін тыңдайды.
Саққұлақ би деген екен...
Шоқанның рухани жағынан пікірлес сүйікті нағашысы, талай жыл Баянауыл дуанының аға сұлтаны болған Мұса Шорманов 1885 жылы 66 жасында дүниеден өтеді.
Мүсет деген екен...
Мүсет ел аралап жүріп, Саққұлаққа сәлем бере барыпты. Саққұлақ Мүсетті бұрын көрмеген екен. - Кімсің-ей? - депті.- Уа, мен Керей Мүсетпін.- Е,
Бекболат би деген екен...
Бекболаттың жас кезі екен. Бір жолы Абылай хан оны үлкен бір дауға жүмсапты. Алшынның билері игі жақсылары оны күтіп алады. Әңгіме сөзге салып
Не тәтті?
"Байдалы қартайып төсек тартып жатыр" дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның
Шешендік сөздер: Дүзде батырмыз
Тойлыбай деген кісі әрі батыр, әрі шешен болыпты. Ас пен тойда кедеймін деп ығыспай батыр, билерге, бай мырзаларға сөз бермейді екен. Бір жолы тойдан