ойын сауық отауы
Халық емі: Өкшенің жарылуы – ауру белгісі
20.02.2022 33 329 0 Admin

Халық емі: Өкшенің жарылуы – ауру белгісі

Денсаулық
Халық емі: Өкшенің жарылуы–ауру белгісі
Ол қант диабеті немесе гастрит, витамин жетіспеушілігінен хабар береді.
Деректерге сенсек, өкше мен башпай терілерінің құрғап, жарғақтанып кетуі әлем халқының 80 пайызында кездесетін жағдай екен. Бірақ оның 20 пайызы ғана бұған мән береді де, қалғаны өкше пышақпен кескендей терең жарылып, инфекция түсуінен түрлі сырқаттарға ұрынбайынша аяққа күтім жасамайды. Ал негізінде аяқ – адамның бүкіл салмағын көтеріп жүретін «қара күш» болғандықтан оған ерекше күтім мен демалыс керек - ақ.
Өкшенің жарылуын екі түрге бөліп қарастыруға болады. Қысы - жазы жарылып жүретін өкше ағзаға витамин жетіспейтінін білдіруі мүмкін. Сондай - ақ ол гастрит дертінен хабар береді. Қант диабеті де өкшенің қысы - жазы қабыршықтана жарылуына себеп. Жылы суға жуып, тиісті ем - дом жасағанмен жазылмайтын мұндай жарылу байқалса дәрігерлік тексеруден өткен абзал.
Өкшенің жарылуы көп жағдайда суды аз ішетін адамдарда кездеседі. Адам күніне орта есеппен 2 - 2, 5 литр су ішуі керек. Дегенмен бұл «тәртіпті» ешкім қадағалай бермейді. Есесіне ағза сусызданып, адам терісі құрғайды. Мұндай адамдарға әжім көп түседі. Ұйқы және қалқанша безі жұмысында ақау бар адамдардың өкшесінде пышақпен кескендей терең тілімдер болады. Жүргенде өкшеге батып ауыратын мұндай жарылуды кетіру үшін алдымен жоғарыда аталған ауруларды емдеген жөн.
Ал егер өкше жаз мезгілінде жарылса, онда аяққа өзгеше күтім жасауға тура келеді. Негізі күннің ыстық сәулесі қызуын жерге сіңіреді. Ал ол қызуды алдымен аяқ сезеді. Ыстыққа табан терісі құрғап, жиырылады. Табан терісі күйіп, қабыршақтана бастайды. Осы өлі теріні күнделікті жылы сумен жуа отырып алып тастап, аяққа крем жағып тұрмаса ол қатпарланып, тереңірек жарылады. Бұл жарақатқа микроб үйір келеді. Ал оның жақсылық емес екені аян. Ендеше аяққа күтім жасаудың жөнін біле жүргеніңіз жөн.
Аптасына екі рет аяқты шым - шым ыстықтау суға салып, 20 минут отырған жөн. Суға аздап сабын немесе сода қосқан жөн. Болмаса 2 литр суға 1 ас қасық түймедақ гүлін қосуға да болады. Ол аяқты тынықтырып, шаршауды тез басады. Теріні жайландырып, нәрлендіреді. Осыдан кейін өкшедегі, башпай ұштарындағы жансыз теріні арнайы құралмен алып тастап, майлы крем жағу керек.
Жазда жайсыз көрінетін өкшенің жарылуын андыз (девясил) тамыры немесе жас капуста жапырағы арқылы кетіріп көріңіз. Андыз тамырын жарты литр суға қайнатып, осы тұнбаға малынған дәкені өкшеге орап ұйықтауға болады. Ал таңертең жұқалап крем жағып, мақта - матадан тігілген шұлық киген жөн. Жатар кезде капуста жапырағын сөлін шығара жұмсартып таңып қойсаңыз тіпті жақсы.
Сулы дәкеге таза бал жағып, онымен өкшені орап қойсаңыз да терең жарылудың жазылуына көмектеседі. Ол үшін өкшені жылы суға салып, балаларға арналған сабынмен жуу керек. Соңыра бал жағып қойсаңыз жарылғанды ғана емес, тері саңырауқұлағы сынды дерттің алдын алуға да жәрдем болады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз Аяғыңыздың «айтқанына» құлақ асыңыз
Ғалымдардың тұжырымынша, бүгінде әлемде әрбір үшінші еркек пен екінші әйел аяғынан қандай да бір жайсыздық сезінеді екен. Аяқ шаршайды, ұйиды, сіңірі
Дәрумен жетіспеуінің төрт белгісі Дәрумен жетіспеуінің төрт белгісі
Адам көбіне ағзада болып жатқан өзгерістерді елей бермейді. Тіпті байқамауы да мүмкін. Сол сияқты дәрумен тапшылығын да дер кезінде білмей, сезбей
Халық емі: Пайдалы тұнба Халық емі: Пайдалы тұнба
Елу жастан кейінгі бір адамның қолы мен аяғының саусақтары ұйып қала беретін еді. Түрлі тексеруден өтті, ем алды. Бірақ біраз уақыттан кейін ауру
Халық емі: Бронхит Халық емі: Бронхит
Шағын шыны шәйнекке 400 грамм суды қайнатып, үстіне 1 ас қасық бал араластырыңыз. Одан кейін шәйнектің шүмегіне түтік кигізіп, бал араласқан су буын
Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс. Банан әрі дәмді әрі пайдалы жеміс.
Ағзаға пайдалы астың бәрі дәмді бола бермейді. Бірақ, мұның бананға еш қатысы жоқ. Жемістің бұл түрін сүйіп жейтіндер көп әрі ол ағзаға өте пайдалы.
Махамбеттер, Абайлар - ай Махамбеттер, Абайлар - ай
Өмірдің қысы, жазы, көктемдері, Қысылтаяң шақтары, өткелдері, Адамның аққан қаны, төккен тері, Мұратқа жетпегені, жеткендері – Жанымды жеп жүр менің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×