ойын сауық отауы
Пиязбен емделіп көріңіз
08.01.2024 428 0 Admin

Пиязбен емделіп көріңіз

Денсаулық
Пиязбен емделіп көріңіз
Ауру деген – адамға шабуыл жасайтын дұшпан. Оған дер кезінде тойтарыс бермесе, осал тұсыңа тап беріп, күш алып, жеңіп кетері сөзсіз. Ал қазір – қыс ауасында әсіресе өкпе үшін көбірек алаңдайтынымыз жасырын емес. Сондықтан өкпеге күш беретін, өкпе ауруларының алдын алатын тәсілді біле жүрген де жөн.
Керегі – жарты кило қызыл пияз бен осынша шекер (қант), 2 дана лимон және 1, 5 литр су. Тағы 7 ас қасық табиғи бал қажет.
Дайындау әдісі мынадай – қантты металл ыдыста, қалыпты температурада қыздырыңыз, араластырып тұруды ұмытпаңыз.
Пиязды майдалап турап, еріп бітуге таяған қантқа қосады. Аздап қуырып, сосын үстіне су қосыңыз. Мұны баяу отта судың үштен бір бөлігі буланғанша қайнатыңыз. Сосын отты өшіріп, біраз уақытқа қалдырыңыз.
Қант пен пияз «сорпасы» сәл салқындағанда бал мен лимонның сығылған шырынын қосыңыз. Бәрі біркелкі болғанша жақсылап араластыру керек. Бетін жауып, бір түнге қалдырыңыз. Содан соң сүзіп алып, оны шыны бөтелкеде сақтаңыз.
Өкпеге күш беретін «сорпа» дайын. Оны ас алдында 1 ас қасықтан тұтынады. 
Егер сізді өкпе аурулары мазалап жүрсе, өкпенің қабынуынан кейінгі әлсіздік болса, кеуде тұсы сырылдап жүрген жағдайда дәрігер тағайындаған тиісті еммен қатар халық емінің осы бір әдісін де қолданып көріңіз. Шайды қай кезде ішуге болмайды?
Адам басына шаққанда, әр қазақ жылына 1 - 2 кило шай ішеді екен. Алайда оңды - солды шай іше беруге болмайды. Атап айтқанда:
Ашқарынға ыстық шай ішпеңіз. Ас қорыту жолындағы ішкі мүшелер шайдың кесірінен зақымдануы мүмкін.
Шайды өте ыстық кезінде ішуге болмайды. Ыстық шай ауыз бен жұтқыншақты, ас қорыту жолдарын күйдіреді.
Шайды суып қалған күйінде де ішуге болмайды. Ондай шайдың кесірінен қақырық тұрып қалуы әбден мүмкін.
Шайды тым ащы қылып та ішпеңіз. Ол денсаулыққа зиян. Егер түн уақыты болса, ұйқыңыз келмей, басыңызды ауыртуы мүмкін.
Дәрі - дәрмек қабылдаған кезде шай ішуші болмаңыз. Себебі шай құрамындағы заттар ыдырағанда пайда болатын таниннің әсерінен дәрінің сіңімділігі төмендейді. Ол дәрінің күшін жойып жіберуі де мүмкін.
Тұрып қалған шайды ішуге де болмайды. Негізінде шай демделгеннен кейін 20 - 30 минут уақыттан кейін өзінің құрамындағы заттармен қышқылдану процесін бастайды.
Қайта - қайта демделген шайдың пайдасы жоқ. Керісінше, зияны көп. Алғашқы демделген шайдағы пайдалы заттардың жартысына жуығын алсаңыз, екінші рет демдегенде 30 пайызы, ал үшінші рет демдегенде 20 пайызы, одан кейін демделген шайдан тек 10 пайызын аласыз.
Көп мөлшерде шай ішуге болмайды. Әсіресе, қара шайды көп ішу ағзаңызға өте зиян.
Сондықтан күнделікті қалыпты мөлшерін сақтағаныңыз жөн. Қалыпты мөлшер дегеніміз ащы емес шайдың 4 - 5 шыныаяғы болуы керек.
Тамақтан соң бірден шай ішпеген жөн. Ішкіңіз келсе, жарты сағат күтіңіз, өйткені шай құрамындағы танин, протеин мен темірдің қатқылдануы тағам сіңімділігін төмендетеді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз Жүйкеңіз жұқарса, жасап көріңіз
Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт
Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз Жүйкеңіз жұқарса жасап көріңіз
Жаздың аптап ыстығында себепсіз шаршау, болдыру, жүйкенің қажуы жасы ұлғайған адам түгілі, жастарда да кездесетін жайт. Оған қарсы мынадай төрт
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
«Пияз сорпасының» кереметі «Пияз сорпасының» кереметі
Жас кезде көбіміз денсаулық туралы онша ойлана бермейміз де, кейін басымызға түскен соң түрлі ем тәсілдерін жинақтап жүретініміз рас.
Қарапайым дәмді салат Қарапайым дәмді салат
Жұмыртқаның барлығын жарып араластырып, табаға аздап май құйып жұмыртқаны төрт бөліп қуырып алыңыз.
Котлет Котлет
Ең алдымен нанды майдалап турап сүтке салып жібітіп қою керек. Пиязды қабығынан тазалап жуып алып, төртбұрышты етіп майдалап турайды.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×