ойын сауық отауы
Суықтауды заматта кетіреді
05.02.2024 439 0 Admin

Суықтауды заматта кетіреді

Денсаулық
Суықтауды заматта кетіреді
Тұз бен йод. Бұл менің суықтауды сол заматта қуатын ең мықты көмекшілерім. Оны қолдану жолы біреу ғана. Ал көмегі ұшан - теңіз.
Аяқтан су немесе сыз өтсе, денеңіз қатты тоңғанда, жаңбыр астында қалып қойсаңыз, ауырып қалу қаупі болады. Ондайда ауырып қалмау үшін мен тез арада осы амалды жасаймын. Балаларымда мұрыннан су ағып немесе құрғап, тұмаудың алғашқы белгісі басталғанда да жасайтын амалым осы.
Бұл кәдімгі бұлау. Аяқ күймейтіндей, бірақ қызуы бүкіл денеге тарайтындай ыстықтау су керек. Ыдыстағы су деңгейін тобыққа дейін жететін болуы тиіс. Оған бір - бір жарым уыс тұз бен 10 - 12 тамшы йод қосамын. Суықтау белгісі бар адам осы суға аяғын салып отырады. Белінен төмен қарай жылы одеял орап тастаймын. Су суып қалмау үшін әлсін - әлсін оған үстемелеп ыстық су құйып отырған дұрыс. Ал аяғын бұлауға салған адамға бал не лимон қосылған, ол болмаса жай ғана ыстық шай беремін. Бұл процесс жарты сағат немесе одан сәл ғана ұзақтау болады. Мұны мейлінше кешке жасаған дұрыс. Сосын аяғын бұлауға салған адам табаны жаурамау үшін жылы шұлық киеді. Бұл амал енді басталып келе жатқан суықты тартады. Тұмаудың өте қысқа уақытта тез жазылуына жәрдем.
Тұз бен йод қосылған бұлау қуықтың, бүйректің суықтауын, тұмаудың бастапқы белгілерінде өте жақсы көмектеседі. Мұны ары кеткенде екі күн қатар жасайсыз. Балаларға да, ересектерге де жәрдемі күшті.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтаудан сақтану Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтаудан сақтану
Жазғы тұмау, күз - қыстағы суықтау маусымында ол үнемі бір рецеп қолданады. Тиімді, оңай. Әсіресе балалардың иммунитетін көтеруде қолайлы.
Башпайдағы томпақ сүйекті жою оңай Башпайдағы томпақ сүйекті жою оңай
Кей әйелдерде аяқтағы бірінші башпай тұсында томпайған өсіңкі сүйек болады. Ол аяқ киім кигенде, жүргенде ауырып, мазаны алады. Ол көбіне тұқым
Сырамен емделудің 3 тәсілі Сырамен емделудің 3 тәсілі
Ауа райының құбылмалы болуы тұмау мен суықтау қаупін күшейтеді. Мұндайда кәдімгі сыраны емге қолдануға болады екен. Шынын айтқанда, ыстық сыраның
Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Халық емі: Өкшенің жарылуы – ауру белгісі Халық емі: Өкшенің жарылуы – ауру белгісі
Ол қант диабеті немесе гастрит, витамин жетіспеушілігінен хабар береді. Деректерге сенсек, өкше мен башпай терілерінің құрғап, жарғақтанып кетуі әлем
Қыз жолы - Ғалым Мұтанов Қыз жолы - Ғалым Мұтанов
Жасыра алмайтын сезім барын, Білдіреді, әлсін-әлсін қарағаның. Сезімінен сенің, айналдым мен, Сезімге сондай, лайықсың сен.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×