ойын сауық отауы
Тізеңіз қақсап жүр ме?
25.09.2024 50 0 Admin

Тізеңіз қақсап жүр ме?

Денсаулық
Тізеңіз қақсап жүр ме?
Тізенің қақсап, ауырып жүрсе, ақжелек (хрен) жапырағының 3 - 4 данасын қайнап тұрған суға салып алыңыз да, тізеге жапсырыңыз. Дереу аяғыңызды жылы одеялмен орап алыңыз. Жапырақты суығанда алып тастап, табаннан бастап белге дейін салқын тимейтіндей жылы киіну керек. Бір апта осылай етсеңіз, ақжелек тізедегі суықты да, тұзды да «сорып» алады.
Егер аяқ буындарын жарақаттап алсаңыз, сіңірі созылса, ісіп тұрса, ол жерге жылы суға езілген қара (кір) сабын жағыңыз.
Көктемнің сары гүлі - бақбақтан 130 дана жинаңыз. Бір шайып алып, шыны ыдысқа салыңыз да, үстіне «тройной» одеколон құйыңыз. Бетін мықтап жауып, 40 күнге қараңғы жерге қояды. Тізе ауырған, қақсаған кезде жұқалап жағып жүрсеңіз, көмегі күшті дәрі осы.
50 грамм камфора мен осынша қыша (горчица), 100 грамм спирт, 100 грамм жұмыртқаның сары уызынан дәрмек жасауға болады. Алдымен спирт пен камфораны араластырасыз. Оған қышаны қосады. Жұмыртқа уызын жақсылап араластырып, осы қоспаның үстіне салу керек. Күнделікті кешкісін онымен буынды, сүйектің қақсаған жерді сылайды.
Шошқа майы сүйектегі суықты тартып алады, буындардағы тұзды өз бойына сіңіреді. Емдік мақсатта тұздалмаған, қақталмаған майы керек. Оны жұқалап кесіп, кешкісін тізеге таңып қояды. Таңертең алып тастайсыз. Бес күнде тізе, буындағы суық пен тұздан арылып, жүріп тұру, қозғалу жеңілдейді, қақсауды да ұмытасыз.
Картоп гүлдейтін кезеңді қалт жібермеңіз, ол тізе қақсауын қойдыратын керекті шикізат көзі. Ауа райы ашық, құрғақ кезде картоп гүлін жинап, оны көлеңкелі жеде кептіріп алыңыз. Шыны ыдыста сақтасаңыз, керек кезде емге қолдануға қолайлы. Картоптың 1 ас қасық кептірілген гүлін 2 стакан суға салып, термоста 3 сағат тұндырасыз. Сосын сүзіп алып, күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын жарты стаканнан ішеді. Ем курсы – 21 күн.
Осы картоп гүлінен остеохондроз, радикулит, артрит сынды кеселдер кезінде қолданатын тұнба әзірлеуге болады. Ол үшін шыны бөтелкеге картоптың кептірілген гүлін (жартысынан көптеу болсын) салып, үстіне «тройной» одеколонын құяды. Қараңғы жерде әр кез шайқай отырып, 2 - 3 апта қояды. Бұл тұнбаны желке, бел тұсы, тізе, тобыққа жұқалап жағып, сіңгенше жеңіл массаж жасайды.
Мынадай да ем бар: тізе қақсап ауырса мейлінше жаңа үй жұмыртқасының 2 данасына 2 ас қасық 9 пайыздық сірке суын араластырыңыз. Оны дәкеге жағып, тізеге таңып қою керек. Сыртынан жылы орап қойыңыз. 10 - 12 күнде тізе ауруын ұмытасыз.

Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет. Жапырақтарды еттартқыштан
Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт Бал мен жаңғақ қосып әзірленген торт
Үлкен ыдысқа жұмыртқа, шекер, бал, сары майды салыңыз, жаңғақты да майдалап салыңыз, ұнды аз-аздан салып тұрып, өте жұмсақ қамыр илеңіз.
Бал қосылған торт (Торт медовик) Бал қосылған торт (Торт медовик)
Торт медовик Бұл тортты дайындауда үшін қамыр қоймалжың болуы шарт.
Наполеон торты Наполеон торты
Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×