ойын сауық отауы
Ұйқы қашса қайтесіз?
24.11.2024 110 0 Admin

Ұйқы қашса қайтесіз?

Денсаулық
Ұйқы қашса қайтесіз?
Мамандардың сөзіне сенсек, адам қыстыгүні бұрынғыдан бір сағат артық ұйықтауы керек екен. Мұндай тынығу ағзаны, ми мен жүйкені де көптеген келеңсіздіктен, жайсыздықтан құтқарады делінеді. Дегенмен көзді жұмып жатса да кірпік ілінбейтін ұйқысыздық деген дерт бар. Онымен қалай күресуе болады?
Ұйқысыздықтан зардап шегетін жан жылы сүткен бір қасық бал араластырып, күнде кешкісін ұйқы алдында соны тауысып ішкені жөн. Бұл тәсіл жүйкенің ширығуын басып, миды тынықтырады, жақсы ұйықтауға сеп. Сүт орнына қайнаған жылы суды пайдалануға да болады. Бұл әдіс ішектерге, асқазанға да пайдалы.
Ұйқы қашудан құтылғыңыз келсе мына бір халықтық тәсілді қолданып көріңіз: 2 тал лавр жапырағын алыңыз да, ыдысқа салып, жатын бөлмеңізде тұтатыңыз. Бұл кезде есік - терезенің жабық болғаны дұрыс. Лавр жапырағының түтіні жүйкені жайландырып, ұйқы шақырады.
Көпшілігіміз қатты шаршаған кезде ұйқыда маза болмайтынын білеміз. Бұл кезде уақыт өткізбей, тауықтың 3 - 4 айлық балапанын сойып, етін асып жеп, сорпасын ішкен пайдалы. Мұндай тамақ ағзаға тез сіңеді, бойды билеген әлсіздіктен арылтып, дұрыс тынығуға көмектеседі. Жұмыртқаның да ұйқысыздықта көмегі бар. Ол үшін жұмыртқаның ішкі жұқа қабатын алып, кептіріп, талқандау керек. Осы ұнтақтың 3 грамын 150 грамм суға қайнатып, жылыдай ішіп алыңыз. Жарты сағаттан кейін жарты литр қоюайран ішіп жатса асқазанға салмақ түсірмейді, ұйқы шақырып, дұрыс тынығасыз.
Тікенді долананың гүлін бәріміз білеміз. Оның бір ас қасығын, тасшүйгін шөбінің тамыры мен қырмызы гүлден, қалақайдан бір шай қасығын алып, бәрін жарты литр суда қайнатасыз. Осы тұнбаны он күн жатар орынға ішіп жүрсеңіз ұйқысыздықтан көп ұзамай құтыласыз.
Дұрыс тынығуға кагор шарабы да көмектесе алады. Ол үшін жарты литр кагор шарабына 50 грамм аскөк (укроп) тұқымын ұнтақтап салып, 20 минут өте баяу отта ақырын қайнатасыз. Енді бір сағат бұқтырып қойып, жатар орынға 50 грамнан ішіп тұру керек.
Жоғарыда көрсетілген тәсілдер ұйқысыздықтан ғана емес, жүйкенің шаршауынан да құтылуға көмектеседі. Оның денсаулыққа ешқандай зияны жоқ.

Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме? Жөтелді тез кетіргіңіз келе ме?
Суықтап, тұмауратып ауырған кезде қолданылатын халықтық ем әдістері көп. Солардың бірқатары мынадай:
Тізеңіз қақсап жүр ме? Тізеңіз қақсап жүр ме?
Тізенің қақсап, ауырып жүрсе, ақжелек (хрен) жапырағының 3 - 4 данасын қайнап тұрған суға салып алыңыз да, тізеге жапсырыңыз. Дереу аяғыңызды жылы
Уақытыңды басқар: Дұрыс емес ұйқы адам денсаулығына зиянды Уақытыңды басқар: Дұрыс емес ұйқы адам
Әлеуметтік жағдайы орташа және кедейлікте ғұмыр кешіп жүрген жандар өз - өздеріне қиянат жасауда. Олар ұзақ уақыт жұмыс істегенімен қоймай, кешқұрым
Мақтаулы бес рецепт Мақтаулы бес рецепт
Кейде адамның шаршауы еш басылмай, ештеңе істемесе де діңкелеп, өз - өзінен қажып отыратын кезі болады. Мұндай созылмалы шаршау синдромын елеусіз
Халық емі: Өкшенің жарылуы – ауру белгісі Халық емі: Өкшенің жарылуы – ауру белгісі
Ол қант диабеті немесе гастрит, витамин жетіспеушілігінен хабар береді. Деректерге сенсек, өкше мен башпай терілерінің құрғап, жарғақтанып кетуі әлем
Халық емі: Артық салмақтан құтқарады Халық емі: Артық салмақтан құтқарады
Адамды артық салмақ мазаласа төмендегі ем-шараларын жасап көруге болады. Ағзаны артық майдан, сонымен қатар артық салмақтан табиғи жолмен құтқаратын
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×