ойын сауық отауы
Түнгі құлшылық және отбасы
23.10.2022 512 0 Admin

Түнгі құлшылық және отбасы

Дін
Уақытыңды басқар
Түнгі құлшылық және отбасы
Пайғамбарымыз (с. а. с.) уақыт мәселесінде адамға тағы бір жауапкершілік жүктейді: мүмін адам уақыт мәселесінде жеке басының істерін ғана жоспарлауы жеткіліксіз. Бұл мәселені отбасына да түсіндіруі қажет, уақытқа қатысты пайдалы әдеттерді олардың да бойына сіңіруіне жағдай жасауы керек. Бұл жөнінде Алла Елшісі (с. а. с.) бір хадисінде түнде құлшылық үшін тұруға байланысты Дәуіт пайғамбардың (а. с.) мысалын келтіреді: «Алланың пайғамбары Дәуіттің түнде отбасын оятатын уақыты бар болатын. Ол уақытта отбасын оятып, былай дейтін: Уа, Дәуіттің отбасы, тұрыңдар да, намаз оқыңдар. Себебі бұл уақытта Алла сиқыршы мен үшір алушыдан басқаның барлығының дұғасын қабыл алады».
Пайғамбардың (с. а. с.) Рамазанның соңғы он күнінде отбасын түнгі құлшылыққа тұрғызатынын Айша анамыз (р. а.) риуаят еткен.
Алла Елшісі (с. а. с.) отбасында әйелі не ерінің бірі тұрған кезінде екіншісін де түнгі құлшылыққа оятуына да талпындырған: «Түнде ұйқысынан тұрып намаз оқыған және әйелін оятқан, егер де, ол тұрмаса бетіне су сепкен адамға Алла рақым етсін! Түнде ұйқысынан тұрып намаз оқыған және күйеуін оятқан, егер де ол тұрмаса бетіне су сепкен әйелге Алла рақым етсін!»
Риуаяттардан түнде құлшылыққа тек ері мен әйелі бір - бірін оятумен ғана шектелмеу керектігін көреміз. Себебі Алла елшісі (с. а. с.) күйеу баласы болған Әлидің үйіне барып, есігін қағып, оны және қызы Фатиманы оятып, намаз оқуларын бұйыратын.
Бұл әрекеті тұрақты түрде қайталанбағанымен, Алла Елшісі (с. а. с.) мұнысымен түнгі құлшылықтың орны мен оған басқаларды да құлшындырудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп кеткен.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақытыңды басқар: Түнде тұрудағы мақсат Уақытыңды басқар: Түнде тұрудағы мақсат
Түнде ең алдымен құлшылық ету үшін тұру қажет. Яғни, намаз бен Құран оқу үшін. Түнде тұруды араб тілінде «қиямул - ләйл» тіркесімен атайды.
Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты
Құран аяттарының түсіндіру жолынан ғалымдар түнгі құлшылықтың уақытын төмендегідей бөліп қарастырған: 1. Түннің жартысы, 2. Төрттен үші, 3. Үштен
Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылық Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылық
Түнгі уақытты тиімді пайдалану кезіндегі маңызды жайттардың бірі түнгі құлшылық жөнінде арнайы айтып өткенді жөн көрдік. Себебі дініміздің бұл әмірі
Уақытыңды басқар: Намаздың мәкрүһ уақыттары Уақытыңды басқар: Намаздың мәкрүһ уақыттары
Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар болғанындай, жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз оқуға
Намаздың мұстахап уақыттары Намаздың мұстахап уақыттары
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екендігі Пайғамбарымыздың тікелей іс жүзінде орындалуы мен хадистерінде белгіленген.
Бүйіріңді таянба Бүйіріңді таянба
Дәуіт пайғамбардың отыз ұлы болған екен. Бірде құлшылық уақыты таяғанда ол ұлдарын ертіп мешітке келеді. Халық жиналып үлгермепті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×