ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Намаздың мәкрүһ уақыттары
10.04.2022 678 0 Admin

Уақытыңды басқар: Намаздың мәкрүһ уақыттары

Пайдалы кеңестер
Уақытыңды басқар: Намаздың мәкрүһ уақыттары
Парыз намаздар үшін мұстахап уақыттар болғанындай, жалпы намаз оқудың мәкрүһ уақыттары да бар. Бұлар екіге бөлінеді. Біреуінде ешқандай намаз оқуға болмайды. Екіншісі – нәпіл намаз оқуға болмайтын, бірақ қаза намаз болатын уақыт.
Ешбір намаз оқылмайтын үш уақыт бар:
  • Күкн көкжиектен шығып, найза бойы көтерілгенге дейінгі уақыт. Бұл шамамен 40 - 45 минуттай уақыт.
  • Күннің дәл тас төбеде тұруы. Яғни, күннің ең биікте болған кезеңі. Бұл уақыт бесін уақыты кіргенге дейін созылады. Шамамен жарты сағат уақыт.
  • Күннің сарғайып батуға бет алған мезгілі. Шамамен бұл да күн батуға 40 - 45 минут қалған уақыт. Бұл уақытта тек сол күннің екінті намазын мәкрүһ түрде оқуға болады.
Бұл үш уақытта ешқандай қаза намазы да, жаназа намазы да оқылмайды. Бұл уақыттарда тиләуаи сәждесі де жасалмайды. Тиләуат сәждесін жасай қалған күнде де, оны кейіннен қайтадан өтеу қажет. Нәпіл намаз оқылса, оны кейіннен өтеуге тиіс емес. Ол мәкрүһ ретінде іске асады. Бірақ кейіннен қазасын өтеу – абзал. Бұл уақытта намаз оқуға салынған тыйым күнге табынғандарға ұқсамау үшін айтылған. Бұл үш уақыт жайы Уқба ибн Амир әл - Жуһәни (р. а.) былай дейді: «Алла Елшісі үш уақытта бізге намаз оқу мен өлілерімізді жерлеуімізге тыйым салды: Күн шығып көтерілгенге дейін, күн дә тас төбеге шығып, төмен түсе бастағанға дейін және күн батуға бет алған уақытта».

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Намаздың мұстахап уақыттары Намаздың мұстахап уақыттары
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екендігі Пайғамбарымыздың тікелей іс жүзінде орындалуы мен хадистерінде белгіленген.
Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры
Екінті уақыты ажары қашқан сүреңсіз күз мезгілін, қалжыраған қарттықты, ақырзаманның жан түршіктірер сәттерін еске түсіреді
Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу Уақытыңды басқар: Бірсарындылықтан арылу
«Жылдың айларға, айдың апталарға, күннің парыз намаз уақыттарына бөлінуі адам санасында «уақыт түсінігінің» қалыптасуы үшін жеткілікті ме?» деген
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы
Намаз арқылы түн мен күндіз сырлы тәртіпке орнығады. Өмір ғибадатқа негізделген уақыт түсінігіне сәйкес реттеледі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×