ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Қайлулә ұйқысы
11.10.2023 723 0 Admin

Уақытыңды басқар: Қайлулә ұйқысы

Дін
Уақытыңды басқар: Қайлулә ұйқысы
Күндіз Пайғамбарымыз (с. а. с.) ұйықтап алатындығын бұған дейін айтып өттік. Қайлулә – күн тал түстен ауысқан шақ. Қайлулә ұйқысының пайдасы мен мөлшері жайында төмендегі тұжырым бірқатар мәлімет береді:
«Бұл ұйқы (қайлулә( әрі өмірді, әрі ризықты берекелі етуге себеп болады. Себебі жарты сағат қайлулә ұйқысы екі сағаттық түнгі ұйқыға пара - пар. Демек, адам өміріне күн сайын бір жарым сағат уақыт қосып отыр. Әрі өлімнің кіші бауыры атанған ұйқыдан бір жарым сағат ұрлап алып, ризық - несібе табу үшін жұмыс істейтін уақытына қосып беріп отыр».
Алла елшісінің мына бір хадисінен бұл ұйқының тағы бір маңызы мен қажеттілігін байқаймыз: «Ораза ұстау үшін сәресіден қуат алыңдар. Ал тәһәжжуд намазына тұру үшін түскі ұйқыдан күш алыңдар (қайлулә)».
Сонымен қатар ғалымдар басқа да аяттарға назар аудара отырып, қайлуләны тек қана ұйқы ретінде түсінбеу керектігін де атап өткен: «адам ұйықтамаса да, күндізгі ыстық шегіне жеткен уақытта, күннің тас төбеден ауған шағында бір ауық тынығу қайлулә болып саналады».

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақытыңды басқар: Түнгі ұйқы Уақытыңды басқар: Түнгі ұйқы
Пайғамбар (с. а. с.) түннің бірінші бөлігінде құптан намазынан кейін ұйықтаушы еді. Құптаннан бұрын ұйықтағанды ұнатпайтын.
Түнгі және күндізгі ұйқылар Түнгі және күндізгі ұйқылар
Бұған дейін келтірілген аятта демалудың жолы ұйқы екендігі көрсетілгенімен, ұйқының уақыты айтылмайды.
Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты
Құран аяттарының түсіндіру жолынан ғалымдар түнгі құлшылықтың уақытын төмендегідей бөліп қарастырған: 1. Түннің жартысы, 2. Төрттен үші, 3. Үштен
Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі
Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі бар. 1. Таңғы сағат 3 - 5 - тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады. 2. Таңғы сағат
Мүбәрак күндер мен түндер Мүбәрак күндер мен түндер
Аптаның ең қадірлі күні. Құран Кәрім әмірі бойынша аптасына бір рет оқылуы парыз етілген намаз осы күнге сәйкес келеді.
Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі? Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі?
Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут» - деп ұйқысын соза
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×