ойын сауық отауы
Абайдың хакімдігі: «Көп кітап келді алладан, оның төрті...»
27.10.2023 231 0 Admin

Абайдың хакімдігі: «Көп кітап келді алладан, оның төрті...»

Дін
Абайдың хакімдігі: «Көп кітап келді алладан, оның төрті...»
Алла мен адамның арасындағы елшіні ислам дінінде пайғамбар деп атайды. Құранда есімі аталған пайғамбарлар көп, бірақ Алладан арнайы кітап түскендер саны төртеу, олар: Мұса, Дәуіт, Иса және Мұхаммед.
Жаратушының ең алғаш келген кітап – Таурат. Құранның «Исіра сүресінің» екінші аятында былай жазылған:
«Мұсаға біз Таурат жібердік. Ол – Исраил әулеттеріне жолбасшы кітап еді. «Менен бөтен еш нәрсені Тәңір етіп табынбаңдар» деп жазылған онда Исраил әулеттеріне».
Екінші кітаптың аты – забур. Ол туралы Құранның «Сәба сүресінің» оныншы аятын қараңыз: «Дәуітке біз өз ықыласымызбен ізгіліктер (пайғамбарлық Забур кітабын, таулардың және құстардың бағыныштылығын, темірді балқытып, одан сауыт жасау сияқты) хикметтер сыйладық.
«Ей, таулар, ей, құстар! Дәуіт тасбиық тартқанда (тілек тілеген, сендер оған) үн қосыңдар» дедік. Ол тасбиық тартқанда темір балқып кететін болды».
Үшінші кітап – Інжіл. Бұл кітаптың түсу себебін Алла тағала өз атынан «Хадис сүресінде» айтқан: «Анығында біз пайғамбарларды айқын мұғжизалармен жібердік және олармен бірге адамдар арасында әділет таратсын деп кітап, заң түсірдік» (25 - аят).
«Біз Нуһті, Ибраһимді шын пайғамбар етіп жібердік. Пайғамбарлықты және кітапты олардың әулеттеріне де сыйладық. Олардың ішінде дұрыс жол тапқандары бар. Бірақ көпшілігі тәңірді тәрк етті» (26 - аят).
Пайғамбарларымызды одан соң да үзбей жіберіп тұрдық. Кейін Мәриямұлы Иса келді. Оған Інжілді бердік. (27 - аят).
Төртінші кітап – Құран. Мұсылманның қасиетті кітабы Құранның түсуінің нақтылы себебі бар. Ол «Мағида сүресінде» айтылған: «Алла деген Мәриямұлы Иса ғой» деушілер, сөз жоқ, кәпірлер...». (72 - аят).
«Алла – үш тәңірдің біреуі ғана деушілер мүлде кәпір болды. Тәңір – біреу, одан басқа Құдірет жоқ...». (73 - аят)
Мәриямұлы Иса тек көп пайғамбарлардың бірі ғана, одан бұрын да талай пайғамбар өткен.
Христиан дінінде Иса құдай деп танылған. Христиандар үш тәңірге сенеді: Құдай - әке, қасиетті рух, құдай ұлы. Бұл жағдайда Исаның анасы Мәриям да Тәңір ретінде қабылданады.
Құранда құдай біреу, ол – Алла. «Құран – адам баласын ескертуші кітап. Сол арқылы Алланың бірлігін білсін, ақыл иелері содан тағылым алсын». («Ибраһим сүресі», 52 - аят)
Құран түсуінің қажеттілігі туралы бірнеше сүрелерде айтылған, мысалы «Һижір сүресінде»: «Құранды шынында біз түсірдік және оны қорғайтынымыз рас (9 - аят). Сенен бұрынғыларға да алдыңғыларын бөліп - бөліп пайғамбарлар жібергеніміз анық (10 - аят). Ал олар келген пайғамбардың қайсысын болса да масқаралаудан таңбады (11 - аят). Мұның өзі күнәқарлардың жүрегіне біз салған әдет (12 - аят). Олар пайғамбарларға сенбейді, бұл да бұрыннан қалған әдеттер» (13 - аят).
Осы ой «Наһыл сүресінде» де қайталанған: «Ей, Мұхаммед! Құдай ақы, сенне бұрынғы әулеттерге де шындығында (пайғамбар) жібергенбіз. Бірақ оларға шайтан өз істерін сүйкімді көрсетті...».
«Адамдардың таласып - тармасатын нәрселерін түсіндіру үшін және иман айтатын қауымға тура жол көрсету үшін біз саған Құран түсірдік» (64 - аят). Мұхаммедтің не айтып уағыздайтынын да Алла тағаланың өзі айтқан. «Сен айт: Алланы жалғыз де (1 - аят). Алла – мәңгілік (2 - аят). Ол тумаған да туылмаған (3 - аят). Оған ешбір теңдес жоқ» (4 - аят).
Бұл айтылған аяттарда Алланың басты - басты сипаттары атап көрсетілген. Олар – мұсылмандықтың негізгі ұғымдары.
Алладан келген кітап көп, олай болса, тағы да кітап түсуі мүмкін бе деген сұрақ та орынды.
Құранда Мұхаммед – ең соңғы пайғамбар, бірақ Абай ұғымында нәбилердің келуі тоқталмақ емес. Бұл идея мазмұны жағынан реформаторлық «таза дінді» аңсаудан туған. Абай ақиқат мәселесіне келгенде ешқашан да бір сенім, бір дін саласында қалмаған. Ол Алланың кітаптарына да осындай көзқараста болған. Алладан түскен әрбір кітап – ақиқатқа жөн сілтеу, бағыт беру. Алайда жол көрсетіп, бағыт анықтауда да заман шылауына орай адасушылық болуы да заңды. Ондай жағдайда Алла келесі нәбиге келесі кітабын жібереді. Алладан көп кітап келгеннің себебі сол. (жалғасы бар) 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Кітап жайлы қызықты деректер Кітап жайлы қызықты деректер
«Бірге уақыт өткізген адамдардың миы бір - біріне ұқсас боп келеді», – деген профессор Моран Церф. Екі апта бірдей фильм көрген, бірдей кітап оқыған
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Абай өз замандастарын да, кейінгі ұрпақ – біздерді де Алла туралы жеңіл әңгімеден аулақ болуға шақырған. Абай ұғымында ол «ақылға» сыймас шындық,
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...» Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де
Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылды жыға білмейміз. Өздерін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла
Құдайдың құдіретіне таң қаласың (жазушы Шерxан Мұртазаның "Бір кем дүние" еңбегінен үзінді) Құдайдың құдіретіне таң қаласың (жазушы Шерxан
Біреулерге Құдай бәрін береді. Байлық та бар, алтын, гауһар, інжу - маржан – бәрі бар. Төрт құбыласы сай. Бірақ Иман жоқ. Ең сорлы адам - сол. Бір
Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер Білім, ғылым туралы мақал - мәтелдер
Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×