ойын сауық отауы
Ата - анаңды құрметте
11.12.2022 580 0 Admin

Ата - анаңды құрметте

Жалпы кеңес
Салт - дәстүр сөйлейді
Ата - анаңды құрметте
Бірде Мұса пайғамбар Алла тағалаға:
– Уа, Тәңірім! Маған жұмақта көрші болатын кісіні көрсетші, – деп өтінеді. Жаппар Хақ:
– Базарға барып, ет сататын қасапшыны іздеп тауып ал. Сенің жұмақтағы көршің сол болады, – дейді. Мұса дереу базарға барып, қасапшыны тауып алады. Ол ынты - шынтысымен еңбек етіп, ет сатып тұр екен. Кешке қасапшы үйіне қайтады. Жол бойында Мұса оны қуып жетіп:
– Бауырым, жүзің жылы, қайырымды жан екенсің. Кімсің, қайда асығып барасың? – дейді. Жігіт:
– Менің кәрі сырқат шешем бар. Оны бағып - қағу менің мойнымда. Күнде үйге қайтарда малдың жылы - жұмсағын, өкпе - бауырын алып барып, оған ас әзірлеймін. Шешем ауқаттан кейін күнде маған: «Балам, Тәңір жарылқасын! Маған қылған қызметің Құдайдан қайтсын! Ертең жұмақта Мұса пайғамбардың көршісі бол!» деп үнемі дұға қылатын, – дейді.
Мұса жігітке риза болып: «Уа, Тәңірім, ата - анасын сыйлаған жанның бәрін менің көршімнен қыл!», – деп дұға етіпті.
Бұл туралы миғраж сапарында да айтылады. Мұхамбет пайғамбар миғражда бір топ адамдарды көреді. Олардың түрлері сондай ұсқынсыз, ауыздарында бір тіс жоқ, құлақтары жырық, мұрындары пұшық, көздері қысық, қол - аяғы шидей жіңішке, бірақ қарны қампиып кеткен. Өз бетінше жүре алмайды. Тырнақтары сояудай, жезтырнақтың кейпіне енген. Шаштары алба - жұлба. Пайғамбар олардың түрін көріп шошып кетеді.
– Бұлар кімдер? – деп сұрайды. Жебірейіл:
– Бұлар – өмірде ата - анасын ренжітіп, Құдайдың рахымынан құр қалғандар. Кім ата - анасын сыйламай, олардың көңіліне қаяу салса, сол адамның Құдай алдында сүйкімі болмайды. Қияметте түрлері осы қалыпта тіріледі, – дейді. Пайғамбар: «Ата - анасын ренжіткен мұндай сұрықсыз адам менің үмбетімнен болмасын!» – деп дұға қылған екен.
Осы сапарында пайғамбар бір топ періштенің пырақ аттарды жетектеп, қолдарына тон - жамылғы алып, бір жаққа кетіп бара жатқанын көреді. Ол:
– Бұлар қайда бара жатыр? – деп сұрайды. Жебірейіл:
– Құдайдың сүйікті достары келе жатыр екен. Соларды қарсы алуға бара жатыр, – дейді. Пайғамбар қызығып, оларға ілесіп барады. Періштелер бір топ адамды күтіп алып, оларға оқалы тон кигізіп, астарына пырақ ат мінгізеді. Пайғамбар Жебірейілден:
– Бұлар кімдер? – деп сұрады.
– Дүниеде ата - анасын сыйлаған адам – Алланың сүйікті құлы. Кім ата - анасына құрмет көрсетсе, Құдай оларға да осылай құрмет көрсетеді, – дейді. Пайғамбар:
– Ата - анасына құрмет көрсеткен адамға мен де ізет көрсетемін, – деп, олармен сәлемдесіпті. Олар да пайғамбармен құшақтасып, қауышқан екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Саққұлақ би деген екен... Саққұлақ би деген екен...
Шоқанның рухани жағынан пікірлес сүйікті нағашысы, талай жыл Баянауыл дуанының аға сұлтаны болған Мұса Шорманов 1885 жылы 66 жасында дүниеден өтеді.
Бата беру Бата беру
Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті.
Не тәтті? Не тәтті?
"Байдалы қартайып төсек тартып жатыр" дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінің ішінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның
Нан қиқымының шарапаты Нан қиқымының шарапаты
Діни аңыздарда перғауынның саусақтары тозақ отына күймейді деп айтылады. Мұса пайғамбарға қиянат жасап, оның қауымын азапқа душар қылған перғауын
Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз Сүлеймен Пайғамбар мен кедей қарт туралы аңыз
Қарт Сүлейменге: «Менің халімды көріп тұрсаң, маған жәрдем бер!» - деп өтінеді. Сүлеймен пайғамбар оған құнды бір тас беріп: «Осы ұрпағыңа жетеді», -
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын, Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын. Еңбек деген - еңбектеген мылқау дию, Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×