ойын сауық отауы
Біз неге түс көреміз?
02.10.2021 863 0 Admin

Біз неге түс көреміз?

Бұл қызықты
Білгенге – маржан
Біз неге түс көреміз?
Әлбетте, түс – біздің ағзамыздағы ең бір беймәлім процестердің бірі. Бір қарағанда, ұйықтап жатқан кезде адам ағзасындағы қозғалыс толықтай тоқтайтындай көрінеді, алайда біздің миымыз бұл кезде өте белсенді жұмыс істеп жатады. Ұйқы кезінде денеміз өз күшін қалпына келтіріп қана қоймай, түс көріп те үлгереді. Түс көру кезінде біздің ағзамызда не болып жатады? Неліктен біз түс көреміз? Оның мәні неде? Осы сұрақтардың жауабын іздеп көрелік.
Ұйқының екі түрі бар: «жылдам» және «баяу». Баяу дегеніміз – қалыпты, қарапайым ұйқы болса, жылдамы – түс көретін ұйқы.
Бәрі «баяу ұйқыдан» басталады. Мұндай ұйқы 4 кезеңнен тұрады және олардың әрқайсысында ағзамызда түрлі өзгерістер орын алып отырады. Мәселен, бірінші кезеңде ұйқыға кету процесі жүреді: қалқып бара жатқандай әсерде боламыз, кейде селк ете қаламыз. Физиологиялық тұрғыда бұлшық ет белсенділігінің төмендеуінен және көздің баяу қозғалуынан көрініс табады. Екінші кезеңде терең емес ұйқы келеді. Бұл кезеңгі ұйқы уақытының жартысынан астамы кіреді. Осы уақытта жүрек соғысы баяулап, дене температурасы төмендейді. Сондай - ақ бұлшық ет белсенділігі одан әрі азаяды. Үшінші және төртінші кезеңдерде терең ұйқы келеді: ағзаның физикалық тұрғыда демалуының негізгі кезеңдері. Терең ұйқы болмаса адам шаршаңқырап оянады. Физиология деңгейінде қанның бұлшық еттерге баруы, бойды өсіру гормондарының бөлінуі секілді процестер жүреді. Осындан соң «жылдам ұйқы» келеді. Адам тек осы кезеңде түс көреді.
Жылдам ұйқының функциясы әлі күнге дейін толықтай анықталмаған. Қалыптасқан түсінік бойынша, ол миымыздағы ақпаратты реттеу үшін қажет. Мысалы, америка ғалымдарының зерттеуінше, адамның сергек кезінде байқалатын жүйке импульстары ұйқы кезінде жеті есе белсенді түрде байқалады. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл күндізгі әсерлерді естелікке айналдыру үшін қажет. Тәжірибе авторларының ойынша, бұл процесс ақпаратты қысқа мерзімді жадымыздан, ұзақ мерзімді жадымызға ауыстырады. Сонымен қатар, жылдам ұйқы кезінде көз қозғалысының артатыны, қан қысымының өсетіні, қанның миымызға ағылып келуі және жүрек соғысы мен тыныс алудың тұрақсыз жиілігі байқалады.
Адам ұйқысы баяу және жылдам ұйқы фазаларының ауысуынан тұрады. Өз кезегінде, баяу және жылдам ұйқыдан құралған жұп ұйқы циклін құрайды (ұзақтығы 90 минут). Ұйқының жалпы ұзақтығына қарай қалыпты ұйқы 4 - 6 циклден тұрады. Егер ояну циклдің соңына келсе адамның ұйқысы қанық болады.
Ұйқының негізгі міндеті – ағзамыздың тынығуын қамтамасыз ету. Ұйқы ақпараттың өңделуіне септігін тигізіп, ағзадағы зат алмасу процесінде үлкен рөл атқарады, сондай - ақ иммунитетімізді қалпына келтіреді.
Түс нені білдіреді?
Біз көретін түсті үш түрге бөлуге болады. Алғашқысын «тұрмыстық» деп атайды. Мұндай түстерде адамдар әдетте өзінің өмірлік проблемаларын көріп, оларды шешуге тырысады. Түстің екінші түрін символикалық түс деуге болады. Адам бұл жағдайда әртүрлі зат түрінде символдар мен белгілерді көреді. Мұндай түстерде адамдар көбіне шын өмірде оларға тән емес жасап жүреді. Түстің үшінші бір түрі – аян. Мұндай түс көретіндер сирек кездеседі. Мұндай түстер адамға онымен немесе басқа адаммен болашақта не болатынын көрсетеді.
Символикалық түстерге назар аударған жөн. Өйткені ұйқы кезінде миымыз елеулі мәселелерді шешуге тырысып, дайын жауаптер береді. Бәлкім, дәл осы символикалық түстер арқылы ол бізге бірнәрсе айтқысы келетін шығар. Мұндай түстер не мағынаны білдіретінін анықтау үшін адамдар жүздеген жылдар бойында түс туралы бақылау жүргізіп, ондағы ұғымдарға жалпылама түсініктер жасап шығарды. Бүгінде бұл бақылау нәтижелері бәріне бірдей қолжетімді.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Ең танымал іздеу жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері Ең танымал іздеу жүйелерінің артықшылықтары мен
Google және Яндекс - біздің елімізде ең танымал екі іздеу жүйелері. Олардың мынауы жақсы деп айтуға болмайды, себебі екеуінің де артықшылықтары мен
Гормондар: Қыз - келіншектердің ағзасы Гормондар: Қыз - келіншектердің ағзасы
Норадреналин – долылық пен қаһармандық гормоны. Күйзелісте жүрген сәтті бұл гормон бүйрек безінде бөлінеді. Осыған қарама - қарсы гормон да бар —
Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі? Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі?
Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут» - деп ұйқысын соза
Келе жатам Алматыға жаяулап Келе жатам Алматыға жаяулап
Келе жатам Алматыға жаяулап, Келе жатам, арман қуып, ой аулап. Жапырағын баяу ғана қозғайды, Ұйықтамаған, ұйықтамаған ояу бақ.
Мектеп оқушысының күн тәртібі Мектеп оқушысының күн тәртібі
Мектеп оқушысының уақытты тиімді пайдалануы – оның мектепте табысты үлгерімінің кепілдігі ғана емес.
Қабақ неге тартады? Қабақ неге тартады?
Кейде, көздің үстіңгі қабаты өзінен - өзі қимылдайтын бәрімізге белгілі. Егер бұл анда - санда болып тұратын қалыпты жағдай болса, онда бұл
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×