ойын сауық отауы
Тәулік тылсымдарының адамға әсер етер сыры
11.10.2023 651 0 Admin

Тәулік тылсымдарының адамға әсер етер сыры

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Тәулік тылсымдарының адамға әсер етер сырын да біліп жүрген артық болмас
Тәуліктің әр сағатының өз биоырғағы болатынын ғалымдар дәлелдеген. Олардың тұжырымы бойынша өткізер әрбір сағаттың сыры мынадай болып келеді:
Қалай болғанда да, адамның ұйқысы таңғы сағат 5 - те негізінен қанады екен. Бұл кезде өкпе мен бауырға зиян келмеуі үшін, қамығуға, ашулануға жол бермеу керек. Осы кезде оянған адам бір күн бойы сергек жүреді. Атам қазақ айтқаг: «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деген халық нақылы тегін айтылмаған. Таңғы уақыттың тиімділігін ескеріп, ерте тұруға тырысқан абзал. Далаға шығып, таза ауа жұтып, жүріп, жүгірген дұрыс. Денені сергіту үшін, «Бойым байсал тартады керілгенде» деп, халық әнінде айтылғандай, таңғы жаттығулардың ұнағанын жасай отырып, керіліп, созылу, артынан жуынып, мүмкіндігіне қарай жылы душ қабылдап, күн бойына күш - қуат сыйлары сөзсіз.
Сонан соң сағат 6 - да адамның есте сақтау қабілеті ең жоғары дәрежеге көтеріліп, іске қосылары дәлелденген. Бұл кездегі оқыған деректер жадымызда ұзақ сақталып қалатын болғандықтан, бұл мезгілді мектеп оқушылары тиімді пайдалануды қаперінде ұстап, ерінбестен ертелеп тұрып, сабақтарын қайталап, мұғалімдердің тапсырған ережелерін, тақпақтарын жаттаса, уақыт ұтары анық. Жалпы, таңғы 6 мен түскі 12 - нің арасында адамның миы белсенді жұмыс істейді.
Сағат 7 - ден бастап қан айналымы тездеп, бүйрек үсті безі гормонының бөлінуі ең жоғары сатыда болады екен. Ал сағат 8 – де жыныс гормонының бөлінуі ең жоғары сатыға көтеріліп, көңіл күй жақсарып, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеті тәулік ішіндегі ең жоғарғы шегіне жетіп, қабылдаған ақпараттарды қорытады.
Есте боларлығы, бұл уақытта арақты ауызға татып алуға да болмайды. Себебі, ішкен аз ішімдіктің өзі бауырды «отырғызып», адам айтқысыз кері әсер әкелетін көрінеді.
Жүректің толық қызметі сағат 9 - дан басталып, рух көтеріңкі болып, адамның жұмысқа белсенділігі артады екен.
Сағат 10 - да адам зейінін шоғырландырып, жоғары еске сақтау қуатын пайдаланып, ең өнімді еңбек етер уақыт.
Жарыққа сезімтал келіп, көздің көру қуаты артып, ерекше жақсаратын уақыт – сағат 11. Сағат 11 мен 13 аралығы жүрекке қуат жеткізілетін уақыт. Бұл мезетте көзді жұмып, 15 минуттай тынышталып отырсаңыз, жүрек қуатыңыз толық болмақ. Жүрек ауруы барлар күнде осы уақытта ұйықтауды ұмытпаса, дене қуаты күн сайын артып, жүрек қағуы қалыбына түседі. Ал, дәл түс мезгілінде көзді жұмып 3 минут ұйықтау екі сағат ұйықтағанмен тең екен.
Сағат 12 - ден адам миы біраз шаршаңқырап, ой қорыту біртіндеп әлсірей бастап, демалысты қалағандай болады екен. Сондықтан да бұл уақытта санаға шамадан тыс салмақ түспес жұмыстармен айналысқан жөн көрінеді.
Демалыс күндерінде сағат 12 мен 13 аралығын, түскі ұйқыға арнауға ең жақсы мезгіл деп білген.
Адам шаршағандай болып, қалжырап, демалуды қажет етер мезгіл – сағат 13. Жалпы, сағат 12 мен 14 - тің аралығы ағзаның түгелдей асқазанның жұмысына мән беріп, асқорыту мүшелері жақсы қызмет жасайтын уақыт.
Сағат 14 - те гормон біртіндеп бөлініп шығатындықтан, сезім баяулап, манаурап, рух салғырттана бастайды екен.
Дене температурасы мен қан қысымы өрлеп, иіс пен дәм сезу түйсігі көтерілер мезгіл – сағат 15 пен 18 аралығы.
Ғалымдар қан қызғылттанып, құрамындағы қант көбейіп, суға жүзу рекордын жасаудың тиімді мезгілі – сағат 16.
Сағат 17 - ні ғалымдар – рак клеткаларының бөлінуі баяулайтын, споршылардың жаттығу мөлшерін еселеп арттыра берулеріне болатын мезгіл деп білген.
Ұзақ уақыт бойы есте сақтап жүрудің ең жақсы мезгілі – сағат 18 бен 19 аралығы, ал сағат 20 арасы есте сақтау қабілетінің ең жоғарғы шекке көтерілер уақыты. Сағат 20 - да адамның салмағы ауырлап, сезу қабілеті әдеттегіден жоғарылап, жан - жақтылығы артып, айналасына бей - жай қарамай, әрбір қимылына мән бере білген. (жалғасы бар)

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Таңғы асты тастама Таңғы асты тастама
Бірде Жақып пайғамбар таңертең жолға шықпақ болады. Бәйбіше: – Мына таңғы асты ішіп кет, шайды дайындап қойдым, – дейді. Жақып: – Жолдан қаламын, –
Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі
Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі бар. 1. Таңғы сағат 3 - 5 - тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады. 2. Таңғы сағат
Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек Халық емі: Бауыр ауырғанда көмек
Бір аурудан емделу үшін ішкен дәріңіз көп жағдайда бауырға кері әсерін тигізіп жатады. Ондайда бауырды қорғаудың қарапайым әдісін қолданыңыз.
Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды
Ауруға себеп болатын мына нәрселерден сақтану қажет: түнде – аз, күндіз көп ұйықтау, тоқ қарынға тамақ жеу, дәретхана қажеттілігі туындағанда зәрді
Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі? Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі?
Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут» - деп ұйқысын соза
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×