Абыройы Күнмен жарысқан
Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі
Абыройы Күнмен жарысқан,
көкірегінен әсем ән ұшқан,
мейірін төккен адамға
бақытты байтақ даламда
тағдырлар талай табысқан.
Талғамы заңғар заманда
атағы кеткен ғаламға
елімнің
ару қыздары!
Шаңырағы - шалқақ, кең ірге,
жайқалып бидай белінде,
шалғыны сүйген балтырдан,
қырманы толған алтын дән,
күмбірлеп күйі көгінде,
сандуғаш көмей ән тұнған
бақыттылардың мекені -
жерімдей
жайсаң қыз жаны!
Таулары заңғар, дала кең,
дертіңе саумал самалы ем,
шыңы қар, көктем етегі,
қуаныш құшқан ана мен
бақытты бөбек мекені,
мекенін сезім, санамен
ұланы мақтан етеді.
Ер көңіл жайсаң жандары,
бұл күнде - шалғын шаңдағы,
мәңгілік далам, жас далам
жұлдызға жонын жалғады,
қауызын жарып тасқа дән,
самалдай еркін самғады,
малынып нұрға таңдағы,
әлемді түгел шарлады
қыздары салған асқақ ән!
Нұр төгіп Отан төбемнен,
мейіріміне бөленгем!
Сенімге толы көңілдер
көктемгі көктей көгерген.
Жасаңдар, құшып сенім - күн,
құлпырған гүлдей құздағы,
жұлдызы жанған жерімнің
жұлдыздай жарқын қыздары!
Абыройы Күнмен жарысқан,
көкірегінен әсем ән ұшқан,
мейірін төккен адамға
бақытты байтақ даламда
тағдырлар талай табысқан.
Талғамы заңғар заманда
атағы кеткен ғаламға
елімнің
ару қыздары!
Шаңырағы - шалқақ, кең ірге,
жайқалып бидай белінде,
шалғыны сүйген балтырдан,
қырманы толған алтын дән,
күмбірлеп күйі көгінде,
сандуғаш көмей ән тұнған
бақыттылардың мекені -
жерімдей
жайсаң қыз жаны!
Таулары заңғар, дала кең,
дертіңе саумал самалы ем,
шыңы қар, көктем етегі,
қуаныш құшқан ана мен
бақытты бөбек мекені,
мекенін сезім, санамен
ұланы мақтан етеді.
Ер көңіл жайсаң жандары,
бұл күнде - шалғын шаңдағы,
мәңгілік далам, жас далам
жұлдызға жонын жалғады,
қауызын жарып тасқа дән,
самалдай еркін самғады,
малынып нұрға таңдағы,
әлемді түгел шарлады
қыздары салған асқақ ән!
Нұр төгіп Отан төбемнен,
мейіріміне бөленгем!
Сенімге толы көңілдер
көктемгі көктей көгерген.
Жасаңдар, құшып сенім - күн,
құлпырған гүлдей құздағы,
жұлдызы жанған жерімнің
жұлдыздай жарқын қыздары!
Телефон шыр етеді
Телефон шыр етеді: сонда менің жүрегім дір етеді, көйлегімнің желбіреп гүл етегі жүгіремін. Не пайда, сен емессің.
Өзімді таныстыру
Түркістан - Ата жұртым, дала - жаным. Даламды жұпыны деп қарамағын: Пасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб - киелі жатыр мұнда бабаларым - әрқайсы алтын
Туған жердің топырағы
Көк мөлдір аспанды мекенім! Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап, шарқ ұрып іздеп саялы дария, салқын бақ; көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған
Көктем
Қарайып жарқабақтар күн ыстаған, Қырдан қар төмен қарай жылыстаған. Тосады жалпақ дала күнге жонын, Денесін жазайын деп құрыстаған.
Наурыз-тілек
Табиғаттың гүл еркесі Көктем күнін өткерсін, Сол гүл ерке атырапқа жақсылығын ап келсін! Көктеміне ілесе анық Наурыз кірсе есіктен, Сол Наурызбен