ойын сауық отауы
Қос келіншек
06.03.2017 1 459 0 Дауыл

Қос келіншек

Өлеңдер
Қос келіншек

Ақын шіркін, аңғал ғой нағыз халық,
Сүңгиді теңіздерден лағылды алып.
Берешегін берерде қиналады,
Күлімдейді тұрғанда, қарызды алып.

Қос келіншек, қос қызғалдақ ырғаласың,
Жайдары мінездері нұрланасың.
Кеңейткен жұпар иіс тынысыңды,
Өппесең қызғалдақтан құр қаласың.

Отты өлең өршіп барар өздеріңе,
Ағаттық болмасыншы сөздерімде.
Қалайша, үн қатамын, тіл қатамын,
Қос бейне ою салды көздеріме.

Жырлаймын шамам келсе өрнектетіп,
Кетпесін жүздеріңнен көрнек кетіп.
Елітіп, есеңгіреп мен барамын,
Тек қана жүрмеңдерші желдеп кетіп.
1998 ж

Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау! Сүйші мені, сүй мені, сүйіктім - ау!
Сүйші мені! Сүй мені! Сүйіктім - ау! Жылуы жоқ жандардан күйіппін - ау. Теңіздейін сезімің тамшы болып, Жүрегіме кетсінші сиып мынау.
Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Жұпар ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Жұпар ана – Бәйдібек бидің келіні, Қоңырат Қызыл бидің қызы.
Сөздің құдіреті Сөздің құдіреті
Көшеде көзі көрмейтін бір соқыр қария қайыр сұрап отырды. Оның алдындағы қорапшада бірнеше тиын - тебен ғана жатты. Күннің аптап ыстығы оның сидиған
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Суық күз сұрғылт... Суық күз сұрғылт...
Суық күз сұрғылт, Сұрланып аспан,- күн жауған. Күн жауған шақта қайтатын едік қырманнан. Көтеріп алып, Өтетін едік сулардан, Қызғалдақ - қызды
Бір келіншек Бір келіншек
Емханада бар еді бір келіншек, Емделуге, асқа да бір келуші ек. Ерлі - зайып адамдар деп қалатын, Ертелі - кеш екеуміз бірге жүрсек.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×