ойын сауық отауы
Замандастар - Сәбит Дөнентаев
05.03.2019 2 199 0 Дауыл

Замандастар - Сәбит Дөнентаев

Өлеңдер
Өлеңдер.
ЗАМАНДАСТАР - Сәбит Дөнентаев

Жабысайық өнерге,
Ынтықпай қарап өлерге,
Өзіміз керек демесек,
Керек қи бізді келер ме!
Сақтанбасақ бір қақтар,
Келешек мырза келерде,
Жұмулы болып көзіміз,
Ізденбесек езіміз,
Білімінен білгендер
Бөліп бізге берер ме?
Ұмтылайық оқырға,
Айналмай көр - жер қоқымға,
Жара болып ұлғаймай,
Дәрі іздейік қотырға.
Болымсызға алданып,
Өнімсізді малданып,
Рұқсат заман бермей тұр,
Қарғаша боқ шоқырға.
Қызмет көрсет халқыңа,
Игі ат қалсын артына,
Діндесіңді бауыр тұт,
Қарамай қазақ, сартына.
Аз нәрсеге мас болып,—
«Мен пәлен» деп шалқыма,
Пайдалы басқа өнерден,
Ұлт керегі дегеннен.
Жан қиналып жолында,
Бас кетсе де тартынба.
Көз сал газет, журналға,
Дін дүниеңе, қормалға,
Аз шығынды қызғанып,
Көп пайдадан құр қалма!
Сараңдыққа салынып,
Ішің пысып сарылып,
Жасап тұрып дүниеде,
Өзіңнен өзің ұрланба!

Сыр - Сәбит Дөнентаев Сыр - Сәбит Дөнентаев
Жақын досты көре алмай, Жалпы досқа сене алмай, Ойды заман тізерлеп, Жүр - ау шыбын өле алмай
Талап - Сәбит Дөнентаев Талап - Сәбит Дөнентаев
Әр дәулет саған даяр етсең талап, Бақ келмес іздеп сені жатсаң қарап, «Нұр жауар талаптыға» деген қарттар, «Жүргенге жөргем...» бар ғой бұрыннан - ақ!
Көңіл мен тіл - Сәбит Дөнентаев Көңіл мен тіл - Сәбит Дөнентаев
Тіл көңілдің тілмәші, Көңілдің жоқ сырласы, Тілмәшіңді оң жұмсап, Теріске, көңілім, бұрмашы:
Ақыл - Сәбит Дөнентаев Ақыл - Сәбит Дөнентаев
Мен сені жандай жақсы көрдім, ақыл, Сонан соң, іздей, сұрай бердім ақыр. «Менде бар, менде бар» деп әр біреулер, Жан біткен саған толық болып жатыр.
Жер - Сәбит Дөнентаев Жер - Сәбит Дөнентаев
Осы жер жұмыртқадай дөңгеленген, Ең алғаш мұның өзін төртке бөлген, Сол төрттің үшеуі су, бірі - ақ, құрғақ, Бекер деп айтпас мұны қағаз керген.
Бұлбұлға - Сәбит Дөнентаев Бұлбұлға - Сәбит Дөнентаев
Не гүл жоқ, не дауысыңды тыңдаушы жоқ, Бейнеті - босқа кеткен сорлы бұлбұл!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×