
Ой - Сәбит Дөнентаев
Өлеңдер
ОЙ - Сәбит Дөнентаев
Қаза берсе түбі жоқ,
Қазбағанда суы жоқ,
Ой деген бір шыңырау.
Талаптыға жеткізбей,
Талапсызды өткізбей,
Жынды қылған, құрғыр - ау!
Сені қуған кісі әуре,
Қумағанның ісі әуре.
Қаза берсе түбі жоқ,
Қазбағанда суы жоқ,
Ой деген бір шыңырау.
Талаптыға жеткізбей,
Талапсызды өткізбей,
Жынды қылған, құрғыр - ау!
Сені қуған кісі әуре,
Қумағанның ісі әуре.

Қартаймайтын, қалмайтын, бабай өлім, Бар ма, сірә, біреуді аяр жерің? Сен катысқан жұмысқа қарсы келіп, Ауыз ашар адам жоқ, қозғап ерін.

Көпірге түсті бір ит сүйек тістеп, Ойы бар көпірменен дария кешпек, Көрінді су бетінде бұған бір ит, Бұнда да бір сүйек бар бақса түстеп.

Әр дәулет саған даяр етсең талап, Бақ келмес іздеп сені жатсаң қарап, «Нұр жауар талаптыға» деген қарттар, «Жүргенге жөргем...» бар ғой бұрыннан - ақ!

Тіл көңілдің тілмәші, Көңілдің жоқ сырласы, Тілмәшіңді оң жұмсап, Теріске, көңілім, бұрмашы:

Мен сені жандай жақсы көрдім, ақыл, Сонан соң, іздей, сұрай бердім ақыр. «Менде бар, менде бар» деп әр біреулер, Жан біткен саған толық болып жатыр.

Не гүл жоқ, не дауысыңды тыңдаушы жоқ, Бейнеті - босқа кеткен сорлы бұлбұл!