ойын сауық отауы
Ұмай тәңірдің дұғасы
02.12.2021 1 159 0 Admin

Ұмай тәңірдің дұғасы

Өлеңдер
Балаларға базарлық болатын ежелгі аңыздар
Ұмай тәңірдің дұғасы
Отыз басты от - ана –
Батырлардың анасы.
Қырық басты қыз - ана – қыдырлардың анасы.
Барлығын да дәм еткен.
Демің сенің қатқанды
Елжіретіп еріткен.
Көктен түсіп от - ошаққа пана бол,
Қу бәлені, қайсар жүрек ана бол,
Көл суында кір - батпақты жуасың,
Ақ жаңқамен кіндік кесіп, туасың.
Тау басында – қызығың мен сайраның,
Толқын шашты Ұмай - ене жайладың.
Ұмай - ене – қырық пәк қыз таласы –
Сен – ішінде тазасы да, данасы!
Ақ Тәңірдің мекенінен бер медет!
Кемпірқосақ бойыменен дөңгелеп,
Ай сияқты, түстің Үлкен Тәңірден,
Құрбан шалар темір төске өрмелеп.
Ұмай - ене, толқын шашып төгіліп,
Түстің көктен алтын садақ иіліп.
Жаңа туған сәбилерді шошытпа,
Ұмай - ене, қойныңа сал, жарылқа!
Киіміңнің етегіне паналат,
Оң қолтықтың астына алып саялат.
Оң төсіңнен өмір беріп бағарсың,
Сұмырайдың сұқ көзінен қағарсың.
Жақындатпа жын - шайтанды қасына,
Жел - құздар да бәле болар басына.
Балаларды сақта сойқан, кесірден,
Емсін ақ сүт анасының төсінен.
Өсірерсің ізгілікпен аялап,
Өмір беріп, шуағыңды саялат!
Қорға дәйім көк егінін арпаның,
Тамырларын бекіт биік аршаның.
Құдай - ана, үмітімді жалғашы,
Ұлы Дала аналарын қорғашы!

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тәңір дұғасы өлеңі Тәңір дұғасы өлеңі
Өмір үшін тыныстайтын мәңгілік, Ошақ үшін отын тұрар жандырып! Ойлап тапқан ғұрпыменен адамның, Пәктігімен алғашқы арғы бабамның!
Туыстық атаулар сыры: Кіндік шеше Туыстық атаулар сыры: Кіндік шеше
Кіндік шеше баланың екінші анасы болып саналады. Кіндік шешеге кіндік кескені үшін жылқы, сиыр тағы басқа мал, қымбат бұйым беріледі.
Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау Тіршіліктің соңын немесе ақыр заманды болжау
Адамзат өмірінің тарихы ұзаққа созылған сайын дүние күнәға батып, жамандық қанат жая түседі. Пенделерінің күнәсі батпаңдап көбейгендіктен қасиетті
Қайсардың ерліктері Қайсардың ерліктері
Қайсар – Көк құдайы Үлкен Тәңірдің үш ұлының үлкені. Бәзбіреулер оны Кесар немесе Гесер деп те атайды. Қазақша оны Абай Қайсар хан деуге болады.
Телефонға кешкісін телміремін. Бек Ноғайбайұлы Телефонға кешкісін телміремін. Бек Ноғайбайұлы
Телефонға кешкісін телміремін Сыбырлар құлағыма кешім не деп? Сол кеш сені құшқаным есімде тек. Алғаш сені қысып бір құшқанымды, Отырмын парағыма
Жиі енеді Жиі енеді
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл Іркіт иісі келеді мұрынға бір
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×