Жапалақтап, қар жауды жапалақтап
Өлеңдер
Жапалақтап, қар жауды жапалақтап,
Жақсылыққа шөлдеп ем, қаталап қап.
Өмір маған ақырын жүзін бұрды,
Бір кездері тұрып ед тақа даттап.
Жапалақтап жауып ап қар үдеді,
Ызғырығып өткеннің сарын лебі.
Баяу ғана сол күннің елесі кеп,
Ойға тартып қояды тағы мені.
Жапалақтап қар жауып, жел соғып тұр,
Ой үстінде күзгі күн теңселіп тұр.
Бірде тоқтап, ал, бірде өршеленіп,
Желдің де бір есебі өлшеніп тұр.
Жапалақтап жауған қар дамылдады,
Есесіне қою бұлт қалыңдады.
Кеш кіргенде даланың сыры таныс,
Суық ауа соғатын мәлім халі.
Жапалақтап жауған қар тыншыды ма?
Қанық болып өмірдің қыр-сырына.
Бір кедергі тұрмаса жағаласып,
Айналмайтын секілді ұршығы да.
Көлік көріп, жылдам деп велик мініп,
Тез жетуге келемін теуіп мініп,
Көлігімнің себіне ілінді кеп,
Киімімнің бір шеті керіп тұрып.
Жапалақтап жауған қар еріп әлек,
Мен үміттен айрылмай сеніп әлек.
Киімімнен тоқтаусыз тартқылайды,
Қасарысқан қиындық сені ма деп!
Жапалақтап жауған қар қыстан белгі,
Қар тағдыры не болды құшқан жерді?
Суық күннен қашқақтап үйге кірдім,
Күз жарықтық, не деген ұстамды еді!
Авторы: Тамаша Қойшыбайтегі Омарқызы
Жақсылыққа шөлдеп ем, қаталап қап.
Өмір маған ақырын жүзін бұрды,
Бір кездері тұрып ед тақа даттап.
Жапалақтап жауып ап қар үдеді,
Ызғырығып өткеннің сарын лебі.
Баяу ғана сол күннің елесі кеп,
Ойға тартып қояды тағы мені.
Жапалақтап қар жауып, жел соғып тұр,
Ой үстінде күзгі күн теңселіп тұр.
Бірде тоқтап, ал, бірде өршеленіп,
Желдің де бір есебі өлшеніп тұр.
Жапалақтап жауған қар дамылдады,
Есесіне қою бұлт қалыңдады.
Кеш кіргенде даланың сыры таныс,
Суық ауа соғатын мәлім халі.
Жапалақтап жауған қар тыншыды ма?
Қанық болып өмірдің қыр-сырына.
Бір кедергі тұрмаса жағаласып,
Айналмайтын секілді ұршығы да.
Көлік көріп, жылдам деп велик мініп,
Тез жетуге келемін теуіп мініп,
Көлігімнің себіне ілінді кеп,
Киімімнің бір шеті керіп тұрып.
Жапалақтап жауған қар еріп әлек,
Мен үміттен айрылмай сеніп әлек.
Киімімнен тоқтаусыз тартқылайды,
Қасарысқан қиындық сені ма деп!
Жапалақтап жауған қар қыстан белгі,
Қар тағдыры не болды құшқан жерді?
Суық күннен қашқақтап үйге кірдім,
Күз жарықтық, не деген ұстамды еді!
Авторы: Тамаша Қойшыбайтегі Омарқызы
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Ат құлағы көрінбейтін ақыра келген ақ боранның күш алатын кезі – ақпан. Ақпандағы күндердің райы өте құбылмалы, аумалы - төкпелі болғандықтан, ақ
Халық күнтізбесі: Ай аттары
Тоқсан. бұл айда жылдың ақырғы ширегі – тоқсан басталады (тоқсан, қаңтар, ақпан айлары), наурызға шейін 90 күн ызғарлы қыс бар. Сондықтан осылай
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қарашаның соңы - желтоқсанның басында болатын алғашқы аязды жұрт «Қырбастың қызыл амалы» дейді. Үркердің сол жамбасқа келуі желтоқсанның 4 - 5
Алғашқы қар
Дала бүгін ақ ала, дала бүгін шағала, Қонып жатыр шағала, менің келіп жағама. Аспан мен жер арасы алым - беріс қозғалыс, Қарауытар маңайың қадағанмен
Қар жауып тұр
Апыр - ау, бір - ақ түнде қыс келген бе?! Қар ғой мынау, бір түнде түскен жерге Бір түнде мына аймақтың өңі өзгеріп, Бір - ақ түнде керемет істелген
Суық күз сұрғылт...
Суық күз сұрғылт, Сұрланып аспан,- күн жауған. Күн жауған шақта қайтатын едік қырманнан. Көтеріп алып, Өтетін едік сулардан, Қызғалдақ - қызды