ойын сауық отауы
Жолда
07.09.2022 600 0 Admin

Жолда

Өлеңдер
Жолда.
Аспан ашық.
Мен жолда мұң көшімен,
Еселі үлес алардай мұң көшінен...
Ақ бұлттың ақ ұлпасы үлбіреп тұр,
Бір жарық сығырайды бұлт жүзінен.
Жыр бұрымын суырып қалам өрді,
Күз келіп ап жайлады дала, жерді.
Анадайдан көрініп біз тұрған маң,
Сонау шақта елес боп қала берді...
...Қабырғасы қақырап қасаң күннің,
Жанарыма жабығып жас алдырдым.
Көлегейлеп, көмкеріп, көме салдым,
Елесін көлбеп келген мазаң күннің.
Сол шақтың сұсы басым, жүзі сынық,
Жігерімнің оны емес, жүзі сынып.
Жүрек байғұс жылуын жайып әлек,
Ал, пешенем қолыма мұз ұсынып...
Ойға баттым...
Жолымның сорын аршып,
Өмір дыбыс бермейді жағын ашып.
Долы дауыл гүлімді шаша салған,
Үптеп күткен үміттің мәнін басып.
Тағдыр жүгін өзімше таразылап,
Алақұрақ көңілім - қарақұрақ.
Бір қарасам қалыпты күн еңкейіп,
Шыңға шықпай келеді сана құлап.
Толық күннің сезінбей толықтығын,
Тұнып кетті тереңге ғаріп сырым.
Сары күзден бөлініп, үйге кірдім,
Келдің бе,
Өлең деген жарықтығым?!

Авторы: Тамаша Қойшыбайтегі Омарқызы

Жапалақтап, қар жауды жапалақтап Жапалақтап, қар жауды жапалақтап
Жапалақтап, қар жауды жапалақтап, Жақсылыққа шөлдеп ем, қаталап қап. Өмір маған ақырын жүзін бұрды, Бір кездері тұрып ед тақа даттап.
Кең - байтақ қазақ жері Кең - байтақ қазақ жері
Жақсыдан жақсы туар - өнегелі! Жүзі жылы, ақылды - өңшең керім! Жымиса жадыратар жаныңызды - Келеді қарай бергің, көре бергің!
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем Сен үшін сонау алыстардағы елес ем
Сен үшін сонау алыстардағы елес ем, осынша мені арман қып келдің неге сен. «Сыртыңнан сүйіп жүретінімді сезуші едің ғой» демесең, мен саған ғашық
Орта жолда Орта жолда
Көңіл де пәс, пәс кеуде, Аэропортта даң.- дұңмен Затым кетті Мәскеуге, Ақтөбеде қалдым мен.
Қысқы жолда Қысқы жолда
Қараңғы түн, сары дала, Көрінбейді айнала. Боран соғып тұр борап, Жолды басқан құр сорап.
Зар Зар
Күз жетіп, жердің жүзі солғын тартса, Алтын күн нұры кеміп, салқын артса, Жер жүзі өлім күтіп тұрса жылап Сексенде селкілдеген байғұс қартша.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×