ойын сауық отауы
72 - қадам: ұялмайтын нәрседен ұяламыз, ұялатын нәрседен ұялмаймыз
10.04.2022 539 0 Admin

72 - қадам: ұялмайтын нәрседен ұяламыз, ұялатын нәрседен ұялмаймыз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
72 - қадам: ұялмайтын нәрседен ұяламыз, ұялатын нәрседен ұялмаймыз
Қазір әлеуметтік желілерден жалпы айналамыдан байқағанымыз, кейбір адамдарға қарап ішіміз ашиды. Олар ұялмайтын нәрседен ұялады, ұялатын нәрседен ұялмайды. Қарап тұрсаңыз, түсініксіз нәрсе. Айталық, кейбіреулер спортпен айналысса, кітап оқыса, біреуге көмектессе, жақсы іс - шараларға қатысса, елге танымал адамдардың мүсінінің алдында суретке түсуге, көпшілік адамға пайдасын беретін жақсы сөздерді әлеуметтік желіде айтуға, осы секілді нәрселерді айналасына жариялауға ұялады. Түсініксіз не үшін ұялады осы. Қайтаға бұндай іс - әрекеттеріңді қуана айналаңа жариялаған дұрыс емес пе?
Керісінше, адамды ыңғайсыз немесе ұятты нәрсе қылып көрсететін нәрселерді әлеуметтік желілерде асыға жариялайды. Мысал, олар плейстейшн ойнау, компьютерлік ойындарды түннен азанға дейін ойнағанын көрсету, кальян тартқанын көрсету, түнгі клбутарда істеген істерін өрсету осы сияқты істерін жасыруға емес, көрсетуге тырысады.
Ойлана келе заман жастарды солай ұятты нәрселерді жариялауға құмар, керісінше, жақсы нәрселерін жариялауға ұятты қылып көрсету дәрежесіне апара жатыр ма деп ойланып және алаңдап та қаламыз.
Дұрысы, айналамызға тек жақсы істерімізді көрсетейік, ұятты істерімізді ьарынша жасыра білейік және ондай істерден айығу жолдарына бойлайық.
«Құдайдан қорық, адамнан ұял»
Абай

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

53 - қадам: ақыл бақша секілді: не ексеңіз соны орасыз 53 - қадам: ақыл бақша секілді: не ексеңіз соны
Санаға тек жақсы пайдалы ақпараттарды қабылдау оп - оңай нәрсе емес. Оған да белгілі бір тәртіптілік керек. Ақылға не игерсеңіз, ол сізге сол
«Мен біліп едім» феномені: әлеуметтік психология мен парасат бір нәрсе ме? «Мен біліп едім» феномені: әлеуметтік психология
Әлбетте, адамның бет әлпеті нені білдіріп тұрғаны, біреуді бір нәрсе істеуге қалай мәжбүрлеу керек және біреуге дос ретінде қарау керек пе – осы
51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он дағдысын меңгеріңіз 51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он
Жетістікке жеткен адамдардың кез келгеніне қарасаңыз да олардың өзіндік бір дағдылары болады. Айталық, олар таңертең ерту тұру, спортпен шұғылдану,
41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз 41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Олар имандылық пен жар таңдаудан. Шынымен де солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға
61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету 61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету
Бір жас бала таудың етегінде отырған ақсақалдан: «Өмірдің мәні неде?» - деп сұрайды, ал ақсақал: «Өмірдің мәнін Googlе - ден сұрап көрсей», - деп тіл
Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық Жетістіктің жүз қадамы: жасқаншақтық
Жасқаншақтықтан айығудың жақсы бір жолы – көпшілікпен араласу. Жасқаншақтық – бұл адам бойындағы жағымсыз қасиеттің бірі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×