ойын сауық отауы
Макаронды дәмді етіп пісіру
30.11.2019 19 376 0 Дауыл

Макаронды дәмді етіп пісіру

Ас дайындау
Макаронды дәмді етіп пісіру
Сәбіз – 1 бас
Пияз – 1 бас
Болгар бұрышы – 1 - 2 бас (қызыл, көк)
Қызанақ – 1 бас
Сұйық май – қалауыңызша
Тұз – қалауыңызша
Макарон – 200 - 250 гр
Етсіз тамақтың дәмі болмайды деп отырамыз, алайда ет болмай қалған сәтте де макаронды дәмді етіп пісіруге болады.
Көкөністердің бәрін тазалап алыңыз да ұзынша етіп тураңыз. Сәбізді үккіштен (терка для корейской моркови) өткізсе әдемі болады. Табаға қалауыңызша сұйық майды құйып көкөністердің барлығы салып 2 - 3 минуттай қуырыңыз. Макаронды салып 1 минуттай жақсылап араластырыңыз. Суды құйып қайнаған соң тұз салып отты жай қойып 15 - 20 минуттай пісіріңіз.
Ескерту: Егер макаронның сорты ұзақ пісетін түрінен болса, макаронның өзін тұз қосылған суда қайнатып пісіріп алып, судан сүзіп алып қою қажет. Суы құрғаған соң қуырылған көкөністердің үстіне салып 5 - 10 минуттай жай отта бұқтырып алуға болады. (Макаронды аса көп салуға болмайды, өлшемі көкөністердің өлшемімен бірдей болғаны жөн).
Асыңыз дәмді болсын!

Дайындаған: Жадыра

Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру. Қыстық салат. Қарақұмықты көкөністермен пісіру.
Қыстық азық дайындау. Бұл салатты ет, балық өнімдеріне гарнир ретінде ұсынуға болады сонымен бірге жолға азық ретінде салып алуға ыңғайлы. Кейде
Картоп қосылған варениктер Картоп қосылған варениктер
Картопты қайнатып пісіріп алу қажет. Қабығынан тазалап езбе дайындаңыз.
Фаршталған бұрыш (фаршированный перец) Фаршталған бұрыш (фаршированный перец)
Алдымен бұрышты жуып тазалап түп жағын кесіп, ішін тазалап алыңыз.
Лагман (тұздық) подлив Лагман (тұздық) подлив
Лағман. Етті жұқалап, жапырақтап тураңыз. Көкөністердің барлығын қабығынан тазалап алып қалауыңызша турап дайындап алыңыз.
Күздік салат (қысқа сақтауға арналған) Күздік салат (қысқа сақтауға арналған)
Көкөністердің барлығын жуып - тазалап алғаннан соң, ұзынша етіп тураңыз. Өз қалауыңызша турауға болады (ірі турауға болмайды).
Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан. Күрішпен еттен жасалған тағам, Ганфан.
Күріш – 200 гр Ет – 150 - 200 гр Пияз – 1 бас Болгар бұрышы – 2 бас (қызыл, көк)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×