ойын сауық отауы
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
17.10.2021 878 0 Admin

Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар

Салт-дәстүр
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Тыйымдар
  • Буаз малды төлдер алдында, өрістен қайтқанда, өріске айдарда қуаласа, өз мерзімінен бұрын төлдеуі мүмкін. Мұны «іш тастау» дейді.
  • Мал қораның сыртында, болмаса ішінде ысқырмайды. Халқымызда ысқырыққа жылан келіп, малдың емшегін шағады немесе сүтін сорып кетеді деген түсінік қалыптасқан.
  • Жас мал төлдегенде үйге қарыз сұрап келгендерге ештеңе бермейді – жас төлдің құты кетеді.
  • Қой қоздағанда шуын жерден айыруға болмайды; оны сүйретіп апарып тастайды, әйтпесе қозы қашаған болады әрі шуын жеп қойған мал тумай қалады.
  • Мал туып жатқанда жанында адам тұрса, төлін қызғанып, өлтіріп тастауы мүмкін.
  • Ұрлық жасаған, өтірік айтқан адамға мал бағуға болмайды, малдың берекесі кетеді.
  • Тұмса малдың алғашқы сүтін ешкімге бермейді; сүтті болса, оны бөтен адамға айтып мақтамайды, себебі сүті қайтады.
  • Мал иесі немесе оның отбасында адам қайтыс болғанда, мал сауылмайды, төлін ағытып жібереді.
  • Мал қораға түнде ошақтан шала жанған от алып шығуға болмайды.
  • Бөгде адам отар ішінде жатса, малдың құты кетеді.
  • Сойылған малдың қанын төрт түлік (әсіресе сиырдың) көзінше төкпейді, сүтінен айырылады.
  • Ораза кезінде малдың орнын ауыстырмайды, әйтпесе иесі өкпелейді.
  • Малдың алдынан бос ыдыспен шықса, сүті азаяды.
  • Малды қу шыбықпен, көсеумен айдаса, сүті күйіп кетеді. Малды жас шыбықпен айдайды.
  • Малға бас киім лақтырса, сүті кетеді.
  • Малға дауыс көтеріп ұрсуға, балағаттап, тіл тигізуге болмайды – иесі өкпелейді.
  • Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды, оған сайтан жүгіреді.
  • Жас малдың арқасынан сипай берсе, өспей қалады.
  • Жатқан малдың үстінен аттауға болмайды. Аттаған жағдайда кейін қарай аттау керек. Әйтпесе мал омыртқасын сындырады, болмаса қасқыр жейді.
  • Жас малдың мүйізі шығар кезде қолмен сипаса, мүйізі қисық болады.
  • Жас малдың тістерін санаса, өлім - жітімге ұшырайды.
  • Малды сауарда зекімейді – сүті кетеді.
  • Мал сауылып жатқанда иесімен амандасып, сауынның қасына келуге болмайды – малдың сүті қайтады.
  • Мал өріске кеткен соң, қой қораның есігін ашып тастауға болмайды, өйткені жын - шайтан еніп кетеді.
  • Малды бөтен адамға саудырмаған жөн, себебі мал адам жатырқамай, өзге адамға да сүт беретін болады.
  • Малшылар беті - қолын жумай мал шығарса, мал өлім - жітімге ұшырайды.
  • Таңертең ерте малға бөтен адамды шығаруға болмайды, себебі малдың құты кетеді.
  • Қой бағып отырып тігінтігуге және өзіне, отбасына байланысты қайғылы нәрселердіайтуға болмайды. Мал иесі өкпелейді.
  • Малдың жанында отырып, тізеге салып ағаш сындыруға болмайды, малдың аяғы сынады. Оны отын жаратын балтамен немесе аяқпен басып сындыру керек.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Отқа қатысты тыйымдар Отқа қатысты тыйымдар
Отты шашуға, аттауға және басуға болмайды. Отты шашса, аттаса немесе басса, отбасының берекесі кетеді. Ø Отқа түкірмейді. Қазақ халқында от қасиетті
Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар Үй тұрмысына қатысты тыйымдар мен ырымдар
Киіз үйге кіргізілген отынның артығын шығарып тастамайды. Өйткені бұл – үйден өлік шығады деген ырым. Қазақтың киіз үйінде бір жағдайда ғана – үйде
Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Төрт түлікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Мал айдап бара жатқан адам кездескенде «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген тілек білдіреді. Жас ботаны бірден көзге
Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар Ыдыстарға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Ыдыста ашық қалған тағамды жаратуға болмайды. Халық ұғымында ашық қалған тағамды жын - шайтан жалап кетеді деп санайды. Су құйылған немесе тағам
Пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар Пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар
Пышақ қауіпті зат болғандықтан, онымен ойнауға, жүзін жалауға, адамға кезенуге болмайды. Сол себепті де оны сыйға бермейді және сұрап, қалап алмайды.
Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар Төрт - түлікке қатысты ырым - тыйымдар
Малды теппе құлындайды биесі, Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі. Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп - тегін. Айуанды тепкенің – ырысыңды
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×