ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Табалдырықта тұрма
18.12.2021 891 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Табалдырықта тұрма

Салт-дәстүр
Салт - дәстүр сөйлейді: Табалдырықта тұрма
Адам ата Қағбаның іргесін қалап, оны «Құдайдың үйі» деп атайды. Қағбаға құлшылық жасап, ескірген жерін жөндеп тұрады екен. Дүниеден өтерінде ұлы Шишке Қағбаның кілтін ұстатып, оны күтіп, таза ұстауды аманат етіпті.
Шиш әке өсиетін бұлжытпай орындайды. Оның ықылас - пейіліне риза болған Жебірейіл Шишке үй салуды үйретеді. Оған дейін Адамның ұрпағы ағаштан салынған лашықтарда өмір сүрген екен.
Шиш құрылыс өнерін үйренген соң, алғаш өз үйін кірпіштен тұрғызады. Баспанасы дайын болған кезде оған бірінші болып қонаққа келген Құт екен. Ол үйден орын беруін сұрайды. Шиш:
– Қалаған жеріңнен қоныс ал! – дейді. Құт табалдырыққа келіп жайғасады. Осыған орай ел арасында «табалдырықта тұрма», «табалдырықты баспа, үйдің құты қашады» деген ырым сақталыпты.
Артынша Шиштің үйіне Бақыт келіп бас сұғады. Ол төрден орын беруді сұрайды. Шиш рұқсат береді. Бақыт төрге жайғасады. Қазақта құрметті қонағын төрге отырғызып, бата сұрау осы ырымнан қалған екен деседі.
Бақыттың соңынан Береке кіреді. Ол Шиштің дастарханынан орын алыпты. «Дастарханда береке бар» деген түсінік осыдан қалыпты.
Көп ұзамай Ынтымақ келіп, пайғамбардың қонысынан жай сұрайды. Ол босағаға орналасады. Қазақта «босағаң мықты болсын» деген сөз «ынтымағың мықты болсын» деген тілек екен. Ал «босағада тұрма» дейтіні «ынтымақты бұзасың» деген ырымы деседі. 
Шиш ізгі амал, қасиеттерді орналастырып жатқанда үйдің бір саңылауынан жын - перілер жасырынып келіп, үйдің бұрыштарына тығылады.
Кім бұрышқа отырса, соның арқасына мініп, кеудесін басады екен. Қазақта «қара басты», «еңсені езді» деген тіркестер осыған орай айтылған деседі. Ырым білетін есті кісілер жастарға «бұрышқа отырма» деп тәрбиелейді екен. Үйдің ішін адыраспан не аршамен аластағанда жын - перілер жоғалады деген түсінік бар.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе
Нұх пайғамбар бірде ұлдарына: – Уа, ұлдарым, жолдарың оңғарылып, сапарларың сәтті болсын! Құдай сендерді ырыстан, ынтымақтан айырмасын! – деп бата
Салт - дәстүр сөйлейді: Ынтымақты бұзды Салт - дәстүр сөйлейді: Ынтымақты бұзды
Ертеде Нығмет пен Үсен деген ағайынды жетімдер Шаһимардан деген байдың малын бағыпты. Екеуі кисе киімге, ішсе тамаққа жарымайды. Жиырма жыл
Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Бата беру Бата беру
Ыбырайым пайғамбар өте қонақжай адам болыпты. Үйіне келген адамға ас бермей шығармайды екен. Асығыс жолаушының өзіне нан ауыз тигізбей жібермепті.
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханаға жалаңбас кірме
Бірде төрт шадиярдың бірі – Әубәкір дәретханаға кірсе, бұрышта қолында құрығы бар Ібіліс отыр екен. Әубәкір: – Ей, малғұн, мұнда неғып отырсың? – деп
Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау Салт - дәстүр сөйлейді: Ораза ұстау
Адам ата мен Хауа ана пейіште тыйым салынған бидай дәнегін жейді. Бұған дейін қалдық шықпайтын жұмақтың ең асыл тағамдарын таңдап жейтін еді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×