ойын сауық отауы
Атбегілік арналары: Тай - құлынның сыны
12.02.2022 913 0 Admin

Атбегілік арналары: Тай - құлынның сыны

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары: Тай - құлынның сыны
Жүйрік құлын тумай жүйрік ат болмайтыны түсінікті қағида. Қазақта «ат тұяғын тай басар» немесе «өзіңнен құлын тумай атқа жарымайсың» дейтін қанатты сөздер бар. Сол себепті халқымыз құлындарға ерекше назар салып, мән берген. Тіпті, құрсақта жатқан құлынды сынайтыны жайлы бұған дейін де айтылды. Ат сыншыларына ортақ қағидат: жүйрік табар биенің құлыны төмен бітеді, яғни биенің қарны жер сызып тұрады дейді.
Сол сияқты сыншылар құлынды желіде де сынайды. Бие бауда, желіге байланған жүйрік болар құлындарды басқа құлындардан ерекшелеп, кеңсірік, желкесін ноқтаға қиғызбай мәпелейді. Кейін келе арда, тел емізіп сүйегін ақ жіліктендіреді. Көзден таса етпейді. Қасқырға жегізбеу жағын ойластырады. Ұры - қарыдан таса қауіпсіз орынға бағып - күтеді.
Тұлпар болар құлын үшін ерекше көңіл аударатын бір нәрсе оған алғашқы қырық күнде қулықтың сүтін, екінші қырық күн бойы қысырдың сүтін еміздеі. Алғашқы тоқсан біткен соң, құлынға түрлі жылқы аурулары жоламас үшін, жеміне қызыл дәрі қосып береді. Қазақтар оны «алтын күкірт» деп атаған.
Жүйрік құлынның сыны:
1. Жүйрік құлын қулық биеден туады. Оның бақайы жуан, тік әрі қысқа, табаны шұңқырлау, сауыры жұмыр, қолтығы кең, сан еті сыртына білеуленіп көрінеді. Жанары отты, басы етсіз, мінезі момын болады. Үйірден жырақтап жусайды, жалы сұйықтау болғанымен қылы қатқыл, қайратты келеді. Үйір басы айғырға тістетпейтін сақ болады.
2. Жүйрік болатын құлынның тұлғасы құлан тектес, жал - құйрығы сұйық, жүні бұйра, тұмсығы ұзын, ұзын құлақ, ақалды, денесі етсіз, ешкі құлақ, бұзау тұмсық, мінезі кең, көп жатпайды, маңдайымен күнге қарағыш, күн бата ұйықтағыш, сергек, еркелегіш келеді.
3. Тұяқтары жұқа, өткір (ұстараның жүзіндей), алдыңғы жағы ұзын, кірпік қасы мол. Астығы, үстіңгі еріндерінің екі жағы толған қылшық болады. Дөңгелек көз, үңгір қабақ, денесінде артық ет жоқ, сүйектері анық көрініп тұрады.
4. Ту сыртынан қарағанда, қосаяқ тышқана ұқсайды. Делбе емес, момақан, үнемі жерге қарап құйрығын бұлғақтатып, теңселіп, сенделген сыңай байқатады. Бие бауда желіге байланған алғашқы екі - үш күн жатпайды, құйрығын бұзау сияқты тік шаншып ұстайды.
5. Құлын тіссіз туады. Бірақ, тәжірибелі атбегілер жаңа туған құлынның қызыл иегін күнге шағылыстырып байқайды. Иектің қызыл етінде тістің нышаны байқалып тұрса, бұл өрен жүйрік боларынан белгі береді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Атбегілік арналары: Айғырдың сыны Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Күй аңызы: Майдажал Күй аңызы: Майдажал
Қазанғап деген адамға мыңдап жылқы бітсе де, соншама жылқының ішінен небір жүйрік, небір жорға бітпепті. «Ат шаппайды, бап шабады.
Айғырдың сыны Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Жылқы төлінің атаулары Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Жиі енеді Жиі енеді
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл Іркіт иісі келеді мұрынға бір
Сұр құлын Сұр құлын
Жазды күні сұр құлын Сұлу еді сүліктей. Құрық көрсе, құлдырап, Жатушы еді еліктей.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×