ойын сауық отауы
Атбегілік арналары: Он бірінші сын. Кәп Құмарұлының үлгісі
23.10.2022 362 0 Admin

Атбегілік арналары: Он бірінші сын. Кәп Құмарұлының үлгісі

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Он бірінші сын. Кәп Құмарұлының үлгісі

Елік бас, теріс езу, елең құлақ,
Өр кеуде, бөкен танау, құлан сирақ,
Тік бақай қысқа біткен берік белді,
Тұяғы кер құланға бітер тұяқ.

Құс топшы, барыс сүбе, жылан бауыр,
Бота көз, күдір жота, киік сауыр,
Кең құрсақ, жібек сіңір, сілбісі кең,
Аршын төс, бүркіт қабақ, мінезі ауыр.

Жез бақай, тесік өкпе, алма мойын,
Кең сағақты, серке сан, желкесі ойдым,
Білеуленіп бұлшық ет бөлек біткен,
Арасы алшақ жатыр қалбағайдың.

Тар мықынды, тартық жон, талтақ бұтты,
Жарағаны сүмбедей, сұлу сыртты.
Шашалығы сіңірлі, тік тілерсек,
Мыңнан бірек шығады мұндай жылқы.

Өретін тұлпар жалын төгілдіріп,
Бойға шақ үзеңгілік, тебінгілік,
Па, шіркін, ат ойнатқан қандай ғажам,
Алқылдап омырауда өмілдірік.

Ат қайтты қарашыдан тізгін керіп,
Ақ жүйке артта тозаң жентектеліп,
Ызғыңдап талай ұшқыр алға шықты,
Еліккен ет күшіне тентек желік.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Тоғызыншы сын. Қалқабай Орынұлының үлгісі Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Шын жүйріктің атасы, «Төңерек» деп аталған. Даңқын айтып берейін, Бізге жеткен атадан.
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жүйріктің мұрыны бөкеннің текесінің мұрыныдай кең танаулы болады. Мұны «теке мұрын» немесе «теке тұмсық» деп атайды. Ерні салпы келіп, тістері ұзын
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жүйріктердің бас бітімі жай аттардың басынан ерекшеленіп тұрады. Қазақ жүйріктері тәует бас болып келеді. Құлағы тік, «қамыс құлақ» болғанда,
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Сауыры, шоқтығы, желкесі бір сызық бойында тегіс орналасқан, басы шағын, аздап сопақша, кеңсірігі түзу, құлағы кішкентай және тік, көз жанары өткір,
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай сыншының үлгісі Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде жатқан аттың қу басын көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×