ойын сауық отауы
Жүйрік жылқының сипаттары
03.02.2022 636 0 Admin

Жүйрік жылқының сипаттары

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары
Жүйрік жылқының сипаттары
Түлкі сипатты жүйрік
Сауыры, шоқтығы, желкесі бір сызық бойында тегіс орналасқан, басы шағын, аздап сопақша, кеңсірігі түзу, құлағы кішкентай және тік, көз жанары өткір, тұмсығы доғал, жалпақ маңдайлы, қаз мойын, дөңгелек езу, желке жалы түзу, кеуде еті жұқа, жалы сұйық, арқасы кереқарыс, жаңбырлағында терең ойықшасы бар, қабырғасы қысқа, бірақ иінді. Сегізкөзі артына қарай созыңқы, шолақ сауырлы, құйрық сүйегі артқы етімен қабысулы, жал - құйрығының қылы қалың. Құйрығының құндыздығы (түбі) жуан, ұшы жіңішке.
Бөкен сипатты жүйрік
Жай тұрғанда басын еңкіш ұстайды, ал, негізі тұрқы осындағы қоян сипатты жүйрікке ұқсас. Бірақ, желке жалы ұйысқан қалың, шоқтық бітімі шодырлы. Төртсирағы сіңірлі, жүрісі қаттылау болады, денесі майсыз қара етті болып келеді. Маңдайы жазық, танауы ұзын, жайын езу, қос құлағының түбі бекем, әрі арасы алшақ. Егер, бұл жылқының құлақтары жақын орналасқан жағдайда, тұрқы да жатаған болып келеді де, ал, құлақ арасы алшақ болса, тұрқы тіктеліп тұрады. Шықшыты кең, бөкен басты болады. Басқа жүйріктерден айырмасы осы.
Елік сипатты жүйрік
Басын үнемі көтеріп ұстайды, бауыздауы тар, шүйдесі ойпаң, жалы сұйық, ақ шеміршегі (кеңірдегі) жұмсақ, жалы, құйрығы, шоқтығы сұйық, омырау етітүйнекті келеді. Қабырға иіні қалыпты, жаясы бүкір, бүйірі төртбақ әрі көлемді. Бүйірі мен қоңдық арасы алшақ. Төрт аяғы тегіс, түзу. Жай тұрғанда сауырын бүгіп, төрт тұяғын астына жинап тұрады.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай сыншының үлгісі Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері: Киікбай
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Толыбай сыншы жолаушылап келе жатып, анадай жерде жатқан аттың қу басын көзі шалады. Тізгінді тартып тұра қалып: «Мынау ерен жүйріктің басы екен,
Атбегілік арналары: Айғырдың сыны Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Басы үлкен, құлағы көзінің үстіндегі ойыққа қарай құлай орналасқан, ауыздығы қатты, астыңғы ерні жер тіреген, көбі жүні сұйық, тұяғы доғал, ұшасы
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ
Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ. Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ. Ауыз омыртқа шығыңқы, майда жалды, Ой желке, үңірейген болса сағақ.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×