ойын сауық отауы
Атбегілік арналары: Саят атының сыны мен бабы
27.11.2023 213 0 Admin

Атбегілік арналары: Саят атының сыны мен бабы

Салт-дәстүр
Атбегілік арналары: Саят атының сыны мен бабы
Саят атының сын - сипаты
  • Сыртынан қарағанда бітім - тұлғасы зор, қырынан қарағанда тұрысы бүкірлеу болады.
  • Қабырғасының қара еті қалың һәм сүйегі жуан бітеді.
  • Байлаулы тұрғанда тұтас денесін алдына қарай ұмсына созады.
  • Жүргенде төрт аяғын нық әрі тең тастайды, үстіне ер салып байқағанда тұла бойы тегістеліп көрінеді.
  • Артық қимыл жасамайды, бір орында үнемі шұлғып тұрады. Бұл кең мінезділігінің белгісі.
  • Саят атының басы сүйір болғаны жақсы, өйткені, жедел шапқанда жел жарып қозғалыс жасауға ыңғайлы.
  • Басы сүйір тұмсығы үшкіл жылқы иіс сезгіш қабілетке ие. Бұл саят аты үшін таптырмайтын қасиет. Аңның қайда жүргенін тез сезеді.
  • Бұлшық еттері жетілген, қатты болса, тау - тасқа жүргенде шалдықпайды.
  • Буындары өте мықты, төрт тұяғының қыры өткір, жон терісі қалың болғаны жақсы. Ал, қолтық - шап терісі жұқа болғаны абзал. Бұндай жылқының тыныстау мүмкіндігі зор келеді. Тынысы кең жылқы еркін көсіледі.
  • Аяқ тұрқы ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы етжеңді, жалы қалың болғаны абзал.
  • Жай тұрғанда шоқтығын сауырынан биік ұстайды, мінезі жайлы болып келеді.
  • Жүргенде басын көтеріп ұстайды, қаз мойын, денесі төртбақ келеді.
  • Дене бітімі кесек, кеуделі, сауыры шығыңқы, жуан сіңірлі болады.
  • Қара етті, төрт сирағы ұзын, иықты, омыраулы, екі бұты алшы, аяғының аралары алшақ бітеді.
  • Алысқа көз тастап өзін сергек ұстайды, құлақ түптері жақын орналасқан, мінезі жайлы, үйірсек.
  • Аттың түсін жердің жағдайына байланысты әртүрлі иаңдайды. Көбінесе баран немесе дала түстес құла жылқы қолайлы деп есептеледі.
  • Кейбір салтанатты оқиғалар болмаса нағыз салбурын - саятқа жорға мінбейді.
  • Жүрісі қатты ат қыран құсты мезі ететіндіктен жарамсыз саналады.
  • Саят атының жүрісі жайлы, аяңшыл, жүрдек, шапқанда ұшқыр, мініске көнбіс, жүрісі шапшаң болуы қажет.
жиған - терген
Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ)
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Он екінші сын. Сейіт Абызұлының үлгісі Он екінші сын. Сейіт Абызұлының үлгісі
Алтай өңіріндегі сыншылардың пайымдауы бойынша: бәйге атының басы етсіз, теке мұрын, жел қағарлы, азу тісі алдына бейім, маңдайы кең, әрі жазық
Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері Қазақ сыншыларының жүйрік сынау үлгілері
Жүйріктің басы шағын көлемді, етсіз (қу), танауы кең, маңдайлы келеді. Маңдайы аздап дөңес болып бітеді. Көзі үлкен, ағы мен қарасы ашық, томпақ та,
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Сауыры, шоқтығы, желкесі бір сызық бойында тегіс орналасқан, басы шағын, аздап сопақша, кеңсірігі түзу, құлағы кішкентай және тік, көз жанары өткір,
Атбегілік арналары: Айғырдың сыны Атбегілік арналары: Айғырдың сыны
Қазақ халқы жылқының тегі мен тұқымын жақсарту үшін үйірге жақсы айғыр таңдап салған. Жүйріктің бір тегі аталық айғырға байланысты. Халық мәтелінде:
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Басы үлкен, құлағы көзінің үстіндегі ойыққа қарай құлай орналасқан, ауыздығы қатты, астыңғы ерні жер тіреген, көбі жүні сұйық, тұяғы доғал, ұшасы
Жүйрік жылқының сипаттары Жүйрік жылқының сипаттары
Бұндай жүйріктің басты белгісі денесі тым үлкен болып келеді. Төрт тұрағы (аяғы) ұзын, тұмсық үсті дөңес, жазық маңдайлы, жайын ауыз, шоқтығы ет -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×