ойын сауық отауы
Салт - дәстүр сөйлейді: Адыраспан тұтату
08.01.2024 260 0 Admin

Салт - дәстүр сөйлейді: Адыраспан тұтату

Салт-дәстүр / Аңыздар
Салт - дәстүр сөйлейді: Адыраспан тұтату
Діни аңыздарда адыраспанға кие бітірген Әзіреті Мұхамбет пайғамбар делінеді.
Ертеде төрт шадиярдың бірі Әзіреті Оспан әскер бастап жорыққа шығыпты. Жолда бір жерге түнейді. Түнде жаулары тыңшы жіберіп, байлаулы тұрған аттарын босатып, жан - жаққа шашыратып қуыпты. Түнімен азан - қазан болып сахабалар аттарын іздейді. Ертесіне Оспанның атының шылбыры бір түп адыраспанға оратылып қалғанын көреді. Оның кісінеген дауысын естіп, өзге аттардың бәрі сол араға жиналған екен. Оспан да серіктерін ертіп, жылқының дауысы шыққан жерге келеді. Қараса, барлық жылқы бір жерге үйіріліп тұр екен. Оспан адыраспанды дорбасына салып алады. Сол жорықта жолы болып, жеңіспен оралады. Елге келген соң, Мұхамбет пайғамбарға болған жайды баяндайды. Пайғамбар:
– Бұл шөптің аты қалай? – деп сұрады. Оспан:
– Мұны адыраспан деп атадым, – деді. Пайғамбар:
– Ұлық Алла бұл шөпті себеп қылып, бір апаттан сақтапты. Бұдан кейін де адыраспан менің үмбетіме игілікті қызмет етсін, – деп, аят оқып, шөпке дем салған екен.
Содан бері адыраспанға емдік қасиет дарыпты. Осыған орай ел ішінде: 
Ассалаумағалейкум, адыраспан, 
Атыңды қойған екен Әзіреті Оспан. 
Пайғамбар дұғасынан нәр алған соң,
 Өзіңе келіп тұрмын жол алыстан
, – деген сөз қалыпты. Содан бері жұрт адыраспанды киелі, пайғамбардың қолы тиген қасиетті өсімдік деп санапты. Оның қураған сабақтарын тұтатып, үйдің ішін аластайды екен.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Салт - дәстүр сөйлейді: Адамды мазақтама Салт - дәстүр сөйлейді: Адамды мазақтама
Нұх пайғамбар кеме жасап жатқанда, бір қылжақбас күнде оны мазақ етеді екен. Оның құйтырқы сөздеріне Нұх шыдай алмай, кейде жылап жібереді екен.
Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада сөйлеме Салт - дәстүр сөйлейді: Әжетханада сөйлеме
Пайғамбар заманында бір жігіттің әжетханада отырғанда сырттағы кісімен сөйлесе беретін жаман әдеті бар екен. Мұны байқаған әкесі: – Ұлым, дәретте
Салт - дәстүр сөйлейді: Кісіге қарап есінеме Салт - дәстүр сөйлейді: Кісіге қарап есінеме
Ертеде Мұхамбет пайғамбар сахабаларымен сұхбаттасып отырыпты. Жүрек көзімен қараса, жандарында Ібіліс те жүр екен. Пайғамбар одан: – Әй, малғұн,
Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе Салт - дәстүр сөйлейді: Ырысты аяқасты етпе
Нұх пайғамбар бірде ұлдарына: – Уа, ұлдарым, жолдарың оңғарылып, сапарларың сәтті болсын! Құдай сендерді ырыстан, ынтымақтан айырмасын! – деп бата
Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа Салт - дәстүр сөйлейді: Өсек айтпа
Бірде Мұхамбет пайғамбар (с. а. с.) сахабаларына: – Өсек айту – ғайбат, зинадан да ауыр күнә, – дейді. Сахабалар таңғалып: – Уа, Алланың елшісі! Өсек
Үлкеннің жолын кеспе Үлкеннің жолын кеспе
Бірде Әзірет Әлі жолда келе жатқан бір шалдың алдынан менсінбей кесіп өтеді. Мұны байқап қалған Мұхамбет пайғамбар: – Әлижан, қарттың жолын неге
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×