ойын сауық отауы
Алпыс тілектен тұратын бата
11.04.2017 1 403 0 Дауыл

Алпыс тілектен тұратын бата

Бата, тілектер
Сейсен Мұқтарұлы
Алпыс тілектен тұратын бата
Қысыр бақсаң қазылы болғай,
қара қойың қозылы болғай!
Ойсыл қараң жоталы болғай,
жыл құрғатпай боталы болғай!
Өрелі биең құлынды болғай,
Қызылмеңдең тұлымды болғай!
Інінің бәрі иықты болғай,
шетінен алып сиықты болғай!
Тау менен тасың қорықты болғай,
көл - дарияң борықты болғай,
Ақ жүгерің шашақты болғай,
арпа - бидай масақты болғай!
Мәуелі бағың жемісті болғай,
жоталы жоның егісті болғай!
Қараңның бәрі қарынды болғай,
құлаңның бәрі шалымды болғай!
Сексеуілің сіңірлі болғай,
шикі өкпең дүбірлі болғай!
Құрбыңның бәрі кеуделі болғай,
шетінен жібек жейделі болғай,
оң жақта қалған есікті болғай,
шүмегі алтын бесікті болғай!
Қамысың қуылдырықты болғай,
балығың уылдырықты болғай!
«Құраулап» құлын қайырғайсың,
табындап жылқы айырғайсың!
«Шөрелеп» қозы айдағайсың,
өрелеп Зәңгі байлағайсың!
Шеше көріп тон пішкейсің,
Еңбек еміп, сорпа ішкейсің!
Зәңгі бабаң сүтті болсын,
Шопан атаң құтты болсын!
Ай - Тәңірің іркілмесін,
Күн - Тәңірің күрсінбесін!
От - Тәңірің көз ілмесін.
Су - Тәңірің безінбесін!
Аталар рухы араша болсын,
азалы жерде тамаша болсын!
Қатерде Қызыр серігің болсын,
сапарда дүлдүл көлігің болсын!
Өткеннің бәрі иманды болсын,
фәниде жүзі дидарлы болсын!
Өзің тоқтар тәңірің болсын,
тәңірің тоқтар өмірің болсын!
Бүгінгі тұяқ аталы болсын,
аталар ақ баталы болсын!
Ертеңгі тұяқ бабалы болсын,
бабалар алтын жағалы болсын!
Ұлыс ұлы тойлы болсын,
тойдың соңы жайлы болсын!
Ұл менен қыз бақытты болсын,
кешер ғұмыр жақсы болсын!
Бірдің басы екеу болсын,
жұптың басы жетеу болсын,
Жетеу болған жетпіс болсын,
жетпіс болған көп күш болсын!
Ханталапай, барымта болмасын,
барымта бітсе қарымта болмасын!
Ағайын арасын бәлекет бөлмесін,
Елге нәубет, әлемет келмесін!
Біздің осы ақ батамызды,
әуелі, көктегі хақ Тәңір,
әулие - әмбиелер мен
ғайбірен қырық шілтен қолдасын,
Алла - тағаланың құлағына шалынсын!
Әумин!

Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы Алты жасар Төлеге берген Қарасай бабаның батасы
Қарасай Әлібекпен еді құрбы, Сөйледі оңашада мына сырды: Басында билігінің талай болдым, Қақ жарды сұрауында қара қылды.
Ән құдіреті Ән құдіреті
Жаның бір күміс үнге тамсанғанда, балбырап бөленесің қанша арманға! Бар дүние бұлбұл болып сайрайтындай Нұрғали ән салғанда!
Ананы жоқтау Ананы жоқтау
Айсәуле ана – ақ ана, балаушы ем сені данаға, өсиет сөзің санада. Ұзатып сені сапарға,
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты Маңдайда бір тал шашым ағарыпты
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты, Белгісі болғай - дағы «даналықтың». Ығысып, қарақұсқа бара жатыр, Кекілі кешегі анау балалықтың.
Қырғыз, қазаққа Қырғыз, қазаққа
Арқар менен құлжадай Қойындасқан ежелден. Екі тентек тетелес Сойылдасқан екі елден.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×